1. 2026 жылы стандартты 14 АЕК шегерімі сақталды ма?
Жауабы: азалық салық шегерімі әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылатын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды. Күнтізбелік жыл үшін базалық салық шегерімінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. (СК 403-бабы).
2. Қандай шегерімдер сақталады (ипотека, оқыту, асырауындағылар бойынша?
Жауабы: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін нормалар бойынша жеке тұлғаның жеке салықтық шегерімдерінің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі;
2) базалық салықтық шегерім;
3) әлеуметтік салықтық шегерімдер;
Салық Кодексінің 402, 403 және 404-баптарының ережелерін ескере отырып, салықтық шегерімдеріне мыналар жатады:
- міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар түріндегі әлеуметтік төлемдерді салықтық шегеру,
- 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім,
- әлеуметтік салықтық шегерімдері қолданылады:
* бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам 5 000 АЕК мөлшерінде;
* үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
* мүгедектігі бар бала;
* Ұлы Отан соғысына қатысушылар және теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адам;
* 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында 882 АЕК мөлшерінде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адам;
* мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі, "бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар", асырап алушылардың бірі, асырап алушылардың бірі - 882 АЕК мөлшерінде.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сыйақылар бойынша, оқуға және көп балалы отбасы үшін салық шегерімдері көзделмеген.
Сонымен қатар, 30 АЕК мөлшерінде базалық шегерім енгізілді және жеке тұлғалардың салық шегерімдерін растайтын құжаттарды жинау, сақтау, сондай-ақ жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын ұсынуы бойынша міндеттемелер болмайды.
3. Әлеуметтік салықтық шегерімдерді қолдану құқығы қандай жағдайда пайда болады?
Жауабы: Әлеуметтік салықтық шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.