Есептілік

Инструкция

1. ДК жалдамалы қызметкерлермен оңайлатылған декларация бойынша есептіліктің қандай нысанын тапсырады?

Жауабы: Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына 910.00 нысаны бойынша есепті салық кезеңінен (жартыжылдықтан) кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлер болған кезде жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны төлеушілер тоқсан сайын есепті кезеңнен (тоқсан сайын)  кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс ету міндеттемелері туындайды.

Ай сайын МЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА, МӘМС төленеді.

2. ЖК бухгалтерді тартпай-ақ есептілікті өз бетінше тапсырып, есеп жүргізе ала ма? Жеке кәсіпкердің бухгалтері болуы керек пе, әлде бухгалтерлік есепті өзіңіз жүргізе аласыз ба?

Жауабы: ЖК бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті емес егер: жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданатын және күнтізбелік жылдағы табыс 2026 жылы 583 875 000 теңгеден (135 мың АЕК) аспаса; ҚҚС төлеуші болып табылмаса; табиғи монополиялар субъектісі болып табылмаса.

3. Есеп нысандары автоматты түрде 0-мен тапсырылуы үшін не істеу керек

Жауабы: Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден кейін веб-қосымшада ұсынылатын салық есептілігінің нысандарын көрсетеді.

Салық есептілігінің басқа нысандарын ұсыну қажеттілігін көздейтін қызмет түрлері өзгерген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету мерзімі өткенге дейін веб-қосымшада табыс етілуге тиіс салық есептілігінің нысандарын көрсетеді.

Сондай-ақ, салық төлеуші (салық агенті) корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дербес төлеушісі деп тануға құқылы.

Құрылымдық бөлімшені салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану үшін салық төлеуші (салық агенті) СӘИЖ СТК салық төлеушінің бейінінде салық органын электрондық түрде хабардар етуге және салық төлеушінің бейінінде осындай құрылымдық бөлімше табыс етуге жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге міндетті. Функционалға 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында қол жетімді болады.

Дата обновления - 25.06.2026
Справочная информация
8