Тұтынушылық құқықтарының бұзылуын қалай болдырмауға болады?

Инструкция

Көбінесе сатып алушылар қателеседі: олар сатушыға ауызша шағым жасайды. Кейде бұл проблеманы шешуді әдейі кешіктіретін сатушылар бар, ал тауарды қайтару немесе айырбастау мерзім өткеннен кейін (14 күн) тұтынушы  тауардың ақшасын қайтару  немесе айырбастау жөнінде сатушыға уақытылы хабарласқанын дәлелдей алмайды да, сатушы заңға сәйкес бұдан бас тартуға құқылы. 

Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және тауардың (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы шағым жасауға құқылы.

Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, Орындаушыға) қоятын талабы 3 тәсілмен беріледі:

- қолға(осы құжат қабылданған күнмен  сатушының қолын қойғызып алу қажет)

- пошта жөнелтілімі нысанында табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хат ретінде жіберіледі

- бұрын сатушы (дайындаушы, орындаушы) көрсеткен электрондық почтасына жіберіледі

Осы сәттен бастап сатушыға жауап беру үшін 10 күнтізбелік күн беріледі.

Әрі қарай егер сатушы талаптарды қанағаттандырудан бас тартса немесе көрсетілген мерзімде жауап бермесе, онда тұтынушы тиісті өңірдің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге құқылы.

Осыдан кейін тұтынушы өзі бетінше, не өзінің өкілі арқылы сотқа талап арыз беруге құқылы.

{"id":19174,"source_id":3063,"title":"Талап арыз беру","service_code":"031001","service_link":"http://idp.egov.kz/idp/r?ts=VS&url=http://office.sud.kz/redirect.xhtml?t=r2"}

Сот арқылы моральдық зиянды өтеуді және талап қойылған күннен бастап талаптың құнынан қанағаттандырылған күнге дейін мерзімі өткен әрбір күн үшін тұрақсыздық айыбын талап етуге құқылы.

Дата обновления - 25.08.2023
Справочная информация
ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Өңірлік департаменттері
1727