Егер өнім сапалы болса. Пайдаланбаған азық-түлік емес тауарларды сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде чек немесе сатып алу фактісі расталған жағдайда қайтаруға және айырбастауға болады.
Ақауы бар тауарды ұзақ уақыт аралығында қайтаруға болады. Сатып алушы сапасыз тауарды қашан қайтара алады:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес тұтынушы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін тауарды қолданылуына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына қарамастан, тауарды сатып алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде айырбастай немесе қайтара алады. Сатушы тұтынушының қалауы бойынша тауарды айырбастауға немесе төлеген соманы қайтаруға міндетті.