Тауарлардың қандай санаттары бар?

Инструкция

Тиісті сападағы өнім-оның сапасы барлық қажетті параметрлерге сәйкес келеді және кемшіліктері жоқ. Бірақ ол өлшемі, стилі, түсі, конфигурациясы сәйкес келмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес 14 күн ішінде сіз тауарды  тура сондай, барлық параметрлер жағынан сәйкес келетін тауарға айырбастай аласыз. Ұқсас тауар табылмаған жағдайда, тұтынушы затты кері қайтарып, төленген соманы қайтарып ала алады.

Сапасы лайықсыз тауар.  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңының 15 бабына сәйкес, лайықсыз сападағы тауардың кемшіліктері туралы сатушы (дайындаушы) тұтынушыға айтпаған жағдайда, өз таңдауы бойынша келесіні талап етуге құқылы:

      1) сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды;

      2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;

      3) тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

      4)ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

      5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, тура сондай (модельді, артикулді) басқа тауарға айырбастап беруді;

      6) шартты бұзуды және тауарға төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Заңнама талаптарына сәйкес келмейтін тауар. Мұндай тауарларға жарамдылық мерзімі өтіп кетіп сатылған өнімдер, техникалық регламенттерде, өнім жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын бұза отырып, шығарылған тауарлар жатады.

Дата обновления - 25.08.2023
Справочная информация
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңыҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Өңірлік департаменттері
2243