Сатып алушы сатып алған өнімі азық-түлікке жатпайтын өнім болса, оның түсі, өлшемі, конфигурациясы немесе стилі сәйкес келмеген жағдайда қайтаруға құқылы. Сатушыға тауарды қайтару үшін (ол сапалы немесе сапасыз болса да) тауардың осы сатушыдан сатып алынғанын дәлелдеу фактісі қажет. Ол үшін:
Егер сатып алушыда аталған құжаттардың ешқайсысы болмаса да, ол сатушыға сатып алынған тауарды қайтара алады. Бірақ сатып алнуы туралы дәлелі болуы керек. Заңға сәйкес, сатып алушы тауарды қайтару үшін келесілерді ұсынуына болады:
Тиісті сападағы тауарды қайтару үшін сатып алушы тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде хабарласуы керек (егер оны өндіруші немесе сатушы хабарлаған болса тауарды айырбастау мерзімі ұзақтау болуы мүмкін).
Сатушы тауарды тұтынушының талабына сәйкес келетін өніммен айырбастауы керек (мысалы, басқа конфигурациясы немесе өлшемдері бар). Егер бағасында айырмашылық болса, сатушы қайта есептейді. Бірақ тауарды айрбастайтын ұқсас басқа тауар болмаса, сатып алушы төленген соманы қайтаруды талап ете алады.