Отбасы банкіндегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алуИпотекалық заем алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуЗейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға пайдалануға боладыИпотекалық заем бойынша берешекті өтеу, оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу)Жеке тұрғын үй салу (жер телімін сатып алуды қоса алғанда)Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалануОдан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруЗейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасын қалай білуге боладыЗейнетақы жинақтарын туыстарына беруҚай жерден толығырақ кеңес алуға боладыЗейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тәртібі

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану

Инструкция

Қазіргі уақытта тек Қазақстанда емделуге ғана өтінім беруге болады! Шетелде медициналық қызмет көрсету бойынша өтініштерді қабылдау кешірек қолжетімді болады.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану туралы өтінімді ресімдеу:

  • Біржолғы зейнетақы төлеміне өтініш беріңіз және ЭЦҚ-мен қол қойыңыз;
  • БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде БЗТ сомасын сіздің Отбасы банктегі арнайы шотыңызға аударады;
  • Қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, диагностика жүргізу үшін бейінді медициналық маманға хабарласыңыз;
  • Бейінді маманның қорытындысын алғаннан кейін, тіркелген жеріңіз (тіркелу орнын gov.kz порталынан білуге болады) бойынша медициналық ұйымға хабарласыңыз және ол жерде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, дәрігерлік комиссияның қорытындысын беру туралы өтініш беріңіз;
  • Дәрігерлік комиссия өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде не емделуге жолдама беру туралы, не бас тарту туралы шешім қабылдайды;
  • 2 жұмыс күні ішінде комиссия хатшысы сізге қорытынды береді;
  • Оң қорытындыны алғаннан кейін емделгіңіз келетін медициналық ұйымды таңдап, онымен келісім жасайсыз. Шартта медициналық қызметтердің түрі, дәрігерлік комиссияның қорытындысында көрсетілген диагноз және медициналық ұйымның деректемелері көрсетілуі тиіс;
  • Enpf-otbasy.kz платформасына PDF форматтағы дәрігерлік комиссияның қорытындысын және медициналық ұйыммен жасалған шартты жүктеңіз;
  • Отбасы банк 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың сәйкестігін тексереді және cіздің арнайы шотыңыздағы қаражатты шартта көрсетілген деректемелер бойынша медициналық ұйымға аударады.
Справочная информация
2561