Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе екінші нарықтан, сондай-ақ, ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы салынып жатқан үйден, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау, проблемалық тұрғын үй құрылысы нысанын аяқтау үшін құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты арқылы сатып алуға болады. Тұрғын үйді зейнетақы жинақтары есебінен немесе зейнетақы және меншікті қаражат есебінен сатып алуға болады.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату, Жекешелендіру, айырбастау шарты, алушының атына ресімделген, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын өзге де құқық белгілейтін құжаттар;
- уәкілетті органның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы құжаты (көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда)
Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен тұрғын үй сатып алған жағдайда:
-уәкілетті орган тіркеген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт/цессия шарты, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты қоса бере отырып, алушының атына ресімделген, бұрынғы үлескерге ресімделген (оның ішінде электрондық нысанда);
-тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың/цессия шартының есептік жазбасы туралы үзінді (оның ішінде электрондық нысанда);
-"Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ-мен (тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы)көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдік беру туралы қол қойылған шарттың болуы туралы құрылыс салушыдан анықтама/хат;
Бөліп төлеу шарты бойынша берешек толық өтелген жағдайда:
өтеу кестесімен тіркелген бөліп төлеу шарты (кесте болған жағдайда);
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы уәкілетті органның құжаты;
сатушыдан анықтама/хат (жеке тұлға, заңды тұлға)мерзімін ұзарту шарты бойынша берешек сомасы, мерзімін ұзарту шарты бойынша берешекті өтеу үшін ЖБЕК-ні аудару қажет шоттың банктік деректемелері туралы мәліметтерді ұсынады.