Отбасы банкіндегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алуИпотекалық заем алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуЗейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға пайдалануға боладыИпотекалық заем бойынша берешекті өтеу, оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу)Жеке тұрғын үй салу (жер телімін сатып алуды қоса алғанда)Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалануОдан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруЗейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасын қалай білуге боладыЗейнетақы жинақтарын туыстарына беруҚай жерден толығырақ кеңес алуға боладыЗейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тәртібі

Жеке тұрғын үй салу (жер телімін сатып алуды қоса алғанда)

Инструкция

Сіз тек зейнетақы жинақтары немесе зейнетақы жинақтары және өз қаражатыңыз есебінен жер телімін сатып ала аласыз және/немесе жеке тұрғын үй сала аласыз.

Қаражат алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Жер учаскесін сатып алуға:

-уәкілетті орган тіркеген жер учаскесін сатып алу-сату шарты, айырбастау, нысаналы мақсаты бар жер учаскесіне меншік құқығын/жер пайдалану құқығын растайтын өзге де құқық белгілейтін құжаттар – алушының атына ресімделген жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық;
-жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)құқығына акт;
-уәкілетті органның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (жер учаскесіне)туралы құжаты;

Үй құрылысына:

-сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ);
-тиісті лицензиясы бар құрылыс компаниясымен жасалған мердігерлік шарт (жеке тұрғын үй құрылысын толық аяқтауды көздейтін). Алушы құрылыс үшін соманың бір бөлігін өз қаражаты есебінен төлеп қойған жағдайда, алушының өз қаражаты есебінен ішінара төлеу фактісі тіркелген мердігерлік шартқа қосымша келісім ұсыну қажет;
-құрылыс-монтаж жұмыстарына құрылыс компаниясының лицензиясы;
-құрылыс-монтаж жұмыстары;
-алушы / құрылыс компаниясы жасаған құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстар сметасы(жеке тұрғын үй құрылысын толық аяқтауды көздейтін)
-аумақтық сәулет және қала құрылысы органымен келісілген эскиздік жоба;
құрылыстың басталғаны туралы хабарлама (тек 2 қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлер үшін).

Мақсатты растау мерзімі мердігерлік ұйымның шотына қаражат алған күннен бастап 24 айды құрайды

Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының атына ресімделген нысанды пайдалануға қабылдау актісі;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (жер теліміне және салынған жеке тұрғын үйге) туралы уәкілетті органның құжаты.
Справочная информация
939