Қолжетімді сома - бұл Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) үшін пайдалануға болатын, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшері.
БЗТ келесі шарттардың бірі болған кезде:
* зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – бұл республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес анықталған, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері;
- егер Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-3 тармақтарында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы мөлшері, сондай-ақ отставкадағы судьялар үшін ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық табысын алмастыру коэффициентін (ОАТАК) қамтамасыз етсе, жүргізіледі, бұл ретте БЗТ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы, алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауы керек. ОАТАК Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын деректер негізінде есептеледі;
- егер МЗЖ салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, жүргізіледі, бұл ретте БЗТ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы, алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы керек;
- егер салымшы еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы болып табылса, жүргізіледі, бұл ретте БЗТ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы, алушының МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауы керек.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырғанға дейін МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) өзінің зейнетақы жинақтарын тексеріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында алып қоюға қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасының бар екеніне көз жеткізуі тиіс.