Отбасы банкіндегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алуИпотекалық заем алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)Сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуЗейнетақы жинақтарын қандай мақсаттарға пайдалануға боладыИпотекалық заем бойынша берешекті өтеу, оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу)Жеке тұрғын үй салу (жер телімін сатып алуды қоса алғанда)Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалануОдан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыруЗейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасын қалай білуге боладыЗейнетақы жинақтарын туыстарына беруҚай жерден толығырақ кеңес алуға боладыЗейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тәртібі

Ипотекалық заем бойынша берешекті өтеу, оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық)

Инструкция

Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан тұрғын үй, бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізілген тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі бар тұрғын үй құрылысының үлестік қатысуы туралы сатып алу-сату шарттары бойынша), жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ немесе ЖҚШ нысаналы мақсатындағы жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) алған заем бойынша берешекті ішінара немесе толық өтей аласыз.

Мақсатты растауға арналған қажетті құжаттар тізімі:

  • банктік қарыз шартының нөмірін, мақсатын, берешек қалдығын, деректемелерін қамтитын Банктің уәкілетті тұлғасының мөрі, қолы қойылған несие берешегінің болуы және қалдығы туралы анықтама. Анықтаманың жарамдылық мерзімі берілген сәттен бастап 15 күн

Анықтамада мыналар болуы керек:

  • банктің атауы немесе банк филиалының атауы
  • қарыз алушының ТАӘ, ЖСН
  • банктік қарыз шартының деректемелері
  • шарт бойынша берілген қарыздың мақсаты
  • ЖБЕК-нің нысаналы мақсаты: бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді және (немесе) тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу несие берешегінің қалдығы
  • Банктің уәкілетті тұлғасының аты-жөні, лауазымы және қолы
  • банктік қарыз шарты (анықтамада ипотекалық тұрғын үй қарызының мақсаты туралы ақпарат болмаған жағдайда)

"Отбасы Банкі" АҚ клиенттері: осы мақсат бойынша өтінім бергеннен кейін сізбен банк қызметкерлері хабарласады және рәсім мен қажетті құжаттар бойынша толық кеңес өткізеді.

Справочная информация
1476