Конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар мемлекеттік орган өткізеді. Конкурстар ішкі және жалпы болып бөлінеді. Ішкі конкурс тек мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі. Лайықты кандидат болмаған жағдайда, барлық азаматтар үшін жалпы конкурс өткізіледі. Төменгі лауазымдарға орналасу үшін тек жалпы конкурс ұйымдастырылады.
Жалпы конкурс келесі кезеңдерді қамтиды:
Бос лауазымдар туралы ақпарат «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында (мұнда өтінімдер қабылданады), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында және enbek.kz электрондық еңбек биржасында бірдей жарияланады.