GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Лого
Меню
Страницы
Press Room
About the Department
Documents
Contacts
Activity
Feedback
Все материалы
23 мая 2021
Жамбылдық Өмірәлі Нышан ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.

Айта кетейік, бұл күндері Иордания мемлекетінің Амман қаласында паратаеквондодан Азия құрлығынан төрт жылдықтың басты додасына іріктеу жарысы өтуде.

18 мая 2021
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ


        2021 жылдың 13-16 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді.
        Ел біріншілігіне Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы командаларынан жалпы саны 33 спортшы бақ сынады.
         Облыс намысын Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 2 спортшысы қорғап, жарыс нәтижесі бойынша 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдарға ие болды. Мукашев Айдос абсолюттық және жұптық ойында алтын жүлдеге қол жеткізсе, жекелей сында екінші тұғырдан көрінді. Сонымен қатар Әлібек Диас жұптық ойында қола жүлдегер атанды.
     Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар Аленов Карим және Төреқұлов Жансерік.

18 апреля 2021
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Құрама үздігі Әлішер Ерғали 97 кг салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Осы күндері Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионатының медальдары сарапқа салынуда. Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жамбылдық балуан Әлішер Ерғали бірінші белдесуде Жапон елінің балуанын 6:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда Моңғолдық боз кілем шеберінен 8:2 есеп айырмасымен басым түсті.
Финалда Ирандық балуан Али Халил Шабанибенгарға есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Облыстың аға жаттықтырушысы - Ғани Назымбеков.

14 апреля 2021
МНОГОДНЕВНЫЙ ЧЕМПИОНАТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ВЕЛОСПОРТ

6-11 апреля 2021 года в городе  Кызылорда состоялся многодневный чемпионат Республики Казахстан по велоспорту на шоссе среди юношей. В соревнованиях приняли участие 75 велогонщиков из 11 областей Республики Казахстан. На данных соревнованиях честь области защищали 5 спортсменов. В групповой гонке на 120 километров Алиев Руслан занял второе место.

13 апреля 2021
ТРАДИЦИОННЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР

В Таразе 8-12 апреля прошел традиционный открытый республиканский турнир памяти первого президента федерации тхэквондо (WT) Бексеита Тюлькиева. В этом году соревнования проводятся в 7-й раз.

     В соревнованиях приняли участие около 500 спортсменов из 14 областей и 3 городов. В общекомандном зачете первое место занял город Шымкент. Второе и третье места поделили между собой сборные города Алматы и Жамбылской области.

13 апреля 2021
19 ЖАСТАҒЫ СҰЛТАН ӘСЕТҰЛЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ


        Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының медальдары сарапқа салынуда. Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жамбылдық балуан Сұлтан Әсетұлы бірінші белдесуде Тайпейлік балуанды 8:0 есебімен, жартылай финалда Сирия спортшысы Мухамаж Фуазды 12:4 есебімен, финалдық кездесуде Ирандық азулы балуан Мейсам Далханиді 8:3 есебімен жеңіп құрлық чемпионы атанды. Жеке жаттықтырушысы - Марат Қуатов, осы жарысқа дайындаған жаттықтырушы - Асылжан Байзақов.

07 апреля 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

 

2021 жылдың 29 наурызымен  - 4 сәуір аралығында Көкшетау қаласында  еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар, жиырма үш жасқа дейінгі спортшылар (U-23)  және ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.

Еркін күрестен ересектер арасындағы ел біріншілігіне 11 командадан 67 спортшы өз бақтарын сынады. Ересектер құрамы аталған сында 5 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде еншіледі. Ал  жастар арасындағы додада  10 командадан 26 спортшы  қатысқан болса, 2001-2003 жылдары туған жастар және 2004-2006 жылдары  дүниеге келген жасөспірімдер сапынан 24 балуан күш сынасты. Ересектердің жеңісті жолын жастар және жасөспірімдер құрамасы 3 алтын, 2 күміс  1 қоламен қорытындыласа, 23 жасқа  дейінгі (U-23) боз кілем шеберлері 4 алтын, 1 күміс, 2 қолаға қол жеткізді. Жалпы командалық есепте еркін күрес шеберлері топ жарды.

        Грек-рим күресінен ересектер арасындағы боз кілем бәсекесінде облыс құрамасы 2 алтын, 1 күміс иеленсе, жастар мен жасөспірімдер буыны 3 алтын, 2 күміс жүлдеге  қол жеткізді, ал  U-23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 5 алтын 1 күміс еншіледі.  

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша ррек-рим күресінен  Жамбыл облысының командасы екінші орынға табан тіреді.

 

                                                    

 

07 апреля 2021
Тараз төрінде өткен дүбірлі дода өз мәресіне жетті


Ақтық сында Жамбыл облысының құрамасы Түркістан облысының командасынан сегізде төрт есебімен басым түсіп көкпардан XX рет ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Бұл әулиеаталықтардың ел чемпионаттарындағы 11-ші жеңісі.
Ал үшінші орын Атырау облысының құрамасына бұйырды.

02 апреля 2021
ЖАМБЫЛДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ШЕБЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

        Павлодар қаласында 23-31 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру Істері комитеті, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының (17, 19, 21 жас) жекелей чемпионаты өз мәресіне жетті. Классика, рапид және блиц түрінен ұйымдастырылған байрақты бәсекеде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан және еліміздің 13 облысынан іріктелген 243 спортшы кім мықтыны анықтады. Жамбыл облысының құрамасы сапынан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өнер көрсеткен Әлдібай Нұрбол Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Айта кетейік, алтын жүлде жолында Түркістандық Жандарбек Саяттан басым түскен болатын.

Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты