ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ


        2021 жылдың 13-16 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында үстел теннисінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді.
        Ел біріншілігіне Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы командаларынан жалпы саны 33 спортшы бақ сынады.
         Облыс намысын Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 2 спортшысы қорғап, жарыс нәтижесі бойынша 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдарға ие болды. Мукашев Айдос абсолюттық және жұптық ойында алтын жүлдеге қол жеткізсе, жекелей сында екінші тұғырдан көрінді. Сонымен қатар Әлібек Диас жұптық ойында қола жүлдегер атанды.
     Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар Аленов Карим және Төреқұлов Жансерік.