Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Құрама үздігі Әлішер Ерғали 97 кг салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Осы күндері Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионатының медальдары сарапқа салынуда. Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жамбылдық балуан Әлішер Ерғали бірінші белдесуде Жапон елінің балуанын 6:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда Моңғолдық боз кілем шеберінен 8:2 есеп айырмасымен басым түсті.
Финалда Ирандық балуан Али Халил Шабанибенгарға есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Облыстың аға жаттықтырушысы - Ғани Назымбеков.