19 ЖАСТАҒЫ СҰЛТАН ӘСЕТҰЛЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

19 ЖАСТАҒЫ СҰЛТАН ӘСЕТҰЛЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ


        Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының медальдары сарапқа салынуда. Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жамбылдық балуан Сұлтан Әсетұлы бірінші белдесуде Тайпейлік балуанды 8:0 есебімен, жартылай финалда Сирия спортшысы Мухамаж Фуазды 12:4 есебімен, финалдық кездесуде Ирандық азулы балуан Мейсам Далханиді 8:3 есебімен жеңіп құрлық чемпионы атанды. Жеке жаттықтырушысы - Марат Қуатов, осы жарысқа дайындаған жаттықтырушы - Асылжан Байзақов.