
2021 жылдың 29 наурызымен - 4 сәуір аралығында Көкшетау қаласында еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар, жиырма үш жасқа дейінгі спортшылар (U-23) және ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.
Еркін күрестен ересектер арасындағы ел біріншілігіне 11 командадан 67 спортшы өз бақтарын сынады. Ересектер құрамы аталған сында 5 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде еншіледі. Ал жастар арасындағы додада 10 командадан 26 спортшы қатысқан болса, 2001-2003 жылдары туған жастар және 2004-2006 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер сапынан 24 балуан күш сынасты. Ересектердің жеңісті жолын жастар және жасөспірімдер құрамасы 3 алтын, 2 күміс 1 қоламен қорытындыласа, 23 жасқа дейінгі (U-23) боз кілем шеберлері 4 алтын, 1 күміс, 2 қолаға қол жеткізді. Жалпы командалық есепте еркін күрес шеберлері топ жарды.
Грек-рим күресінен ересектер арасындағы боз кілем бәсекесінде облыс құрамасы 2 алтын, 1 күміс иеленсе, жастар мен жасөспірімдер буыны 3 алтын, 2 күміс жүлдеге қол жеткізді, ал U-23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 5 алтын 1 күміс еншіледі.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша ррек-рим күресінен Жамбыл облысының командасы екінші орынға табан тіреді.