Жиі қойылатын сұрақтар
«ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникациялар тарту, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады, елді мекеннің бас жоспары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негізінде орындалған болып есептеледі.
Бұл ретте Заңның 60-бабының 2-тармағында республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша құрылысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге асыруға болатын объектілердің тізбесі айқындалған.
Ғимараттар мен құрылыстарды салуға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібі ҚР 1.02-03-2022 «Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» ҚН-мен регламенттеледі.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 64-5-бабының 1-тармағына сәйкес аккредиттелген сараптама ұйымдары, осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді.
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесі ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысымен бекітілген
Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалау шешімдеріне, оған инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты ауыстыруды қоса алғанда, елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі туындаса, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен түзетілуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары.
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы.
Әзірлеу аяқталғаннан кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылысы басталмаған ЖСҚ ескірген болып есептеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен жаңа сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жауапкершілік деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) басшылыққа алу қажет.
Көрсетілген Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жобаланатын объектінің жауапкершілік деңгейін жаңа және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реставрациялау, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, тапсырыс беруші айқындайды.
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес, құрылысқа белгіленген объектінің жауапкершілік деңгейін жобалау процесінде конструкцияларды (конструкциялық схемаларды) есептеу нәтижелері бойынша, есептеулер, жүктемелер мен әсерлер жөніндегі негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленетін негіздер мен құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша жобаны әзірлеуші (бас жобалаушы) нақтылайды.