Жиі қойылатын сұрақтар
Ең алдымен, жиналыста меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдауға тиіс. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтер, тұрғын емес үй- жайлар иелерінің жалпы санының көпшілігінің келісімімен қабылданады («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 7-бөлімі).
МИБ мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
Бұл ретте МИБ мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен әділет органдары жүзеге асырады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 44 бабының 3 тармағына сәйкес МИБ мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына ұсынылады:
- Қазақстан Республикасы әділет Министрлігімен белгіленген нысан бойынша өтініш
- жиналыс хаттамасы;
- мүлік иелері бірлестігінің жарғысы;
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Бұл ретте тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган МИБ үлгі жарғысын әзірлейді және бекітеді.
ПИК алдындағы МИБ ең басты артықшылығы, МИБ «бір үй – бір бірлестік – бір шот» принципі бойынша жұмыс істейтін болады, бұл өзінің ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды білдіреді.
Мұндай басқару принципі қазіргі уақытта ПИК-тің көпшілігі көп үйлі болуына және жиналған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейтін барлық үйлерге бір шот ашуына байланысты.
Осылайша, ұсынылып отырған қағида әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді көздейді, сондай-ақ тұрғындарға қаражаттың түсуін және осы ақшаның мақсатты жұмсалуын бақылау мүмкіндігімен тек өз үйін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, егер бұрын ПИК бір мезгілде көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп- ұстау жөніндегі қызметтерге тапсырыс беруші және мердігер болса, онда МИБ тек тапсырыс беруші болады, яғни шарт бойынша басқарушыларды немесе сервистік ұйымдарды тартады, мердігерлермен, коммуналдық қызметтермен шарттар жасасады және орындалған жұмыстардың көлемі мен түрлерін және олардың өздерінің
кондоминиум объектісі бойынша төлемін бақылайды.
«Тұрғын қатынастары туралы» ҚР Заңының 69 бабының 1 тармағына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер: есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса; есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
«Тұрғын қатынастары туралы» ҚР Заңының 2 бабы 28) тармақшасына сәйкес тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).
Осылайша, тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйде үлесі болған кезде азамат, егер ол заңның 67-бабында көзделген санаттардың біріне жататын болса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп есептеледі.
«Тұрғын қатынастары туралы» ҚР Заңының 74 бабы 4 тармағына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі
«Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 42-баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде, сондай-ақ Заңының 42-баптың 3-тармағында айқындалған мүмкіндік пайдаланылған болса, тұрғын үй инспекциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару жөніндегі уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес уақытша басқарушы компанияны айқындайды және бір жылға дейінгі мерзімге тағайындайды
Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы заңды тұлға құрылған не жай серіктестік құрылған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде Үй - жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативіне, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативіне, тұтыну кооперативіне, сайланбалы немесе жалдамалы жеке тұлғаларға-тұрғын үйлерді басқарушы (менеджерлер) не осындай үйді басқарушы заңды тұлғаларға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
Хабарламаны алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-беру актісі бірлесіп жасалады.
Үй кеңесіне немесе мүлік иелері бірлестігінің төрағасына не жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасына кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беру қабылдау-беру актісіне қол қойылғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Хабарлама және қабылдау-тапсыру актісінің нысанымен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000022026
МИБ кондоминиум объектісін басқару функцияларын ғана жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды сервистік қызмет субъектілері мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.
Осылайша, сіз онымен МИБ штатына қабылданбай қызмет көрсету туралы келісім жасай отырып, аула тазалаушыны тартуға құқығыңыз бар.
- МИБ төрағаның ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы.
- Техникалық, жобалық, қаржылық және өзге де құжаттарды қабылдау(түгендеу);
- Кондоминиум объектісін тіркеуді қамтамасыз ету;
- Шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын әзірлеу;
- Жиналыста тарифті бекіту;
- Коммуналдық ұйымдармен, сервистік компаниялармен және ЕРЦ-мен шарттар жасасу;
- Ай сайынғы және жыл сайынғы есептерді жасау;
- Есепті үй Кеңесіне Жолдау, содан кейін үй кеңесінің әрбір меншік иесіне есеп беруі;
- Ақша қаражатының түсуіне мониторингті жүзеге асыру;
- Кондоминиум объектісін сапалы басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін қажетті өзге де іс-әрекеттер.
Көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылданған кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тіркеуші органға өтініш беру арқылы пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың бірінші меншік иесінің меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген барлық мүлікті (бар болса, паркингті қоса алғанда) қосуға міндетті.
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған көп пәтерлі тұрғын үйлерді (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық тексеруді, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтың өтініші бойынша немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша жүргізіледі.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде:
- көппәтерлі тұрғын үй астындағы жер учаскесін қоса алғанда, көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы алаңы;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамы және дара (бөлек) меншіктегі әрбір пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлесінің мөлшері;
- жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлердің жалпы алаңы және тұрғын емес үй-жайлардың алаңы.
Үй жанындағы жер учаскесін тіркеу жиналыс шешімінің негізінде кемінде екі пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тұратын бастамашыл топ өтініш берген кезде астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркегенге дейін ортақ мүліктегі үлесі бар мәміле дара (бөлек) меншіктегі мүлікпен мәмілені жүзеге асыру кезінде жасалған деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкімен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.
Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) нормаларына және мемлекеттік құрылыс нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу тәртібі «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР ҚН 1.04-26- 2011 көрсетілген (бұдан әрі – ҚР ҚН).
ҚР ҚН сәйкес: ғимаратты, объектіні күрделі жөндеу: жұмыстар кешені, олардың барысында тозған конструкциялар мен ғимараттар бөлшектерін жаңа немесе неғұрлым берік және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жаңа немесе неғұрлым берік және үнемді етіп ауыстыру жүргізіледі. Негізгі конструкцияларды қалпына келтіру немесе ауыстыру (ғимараттар мен құрылыстардың тас және бетон іргетастары, ғимараттардың қабырғалары мен шатырларының барлық түрлері, қабырғалардың қаңқаларының барлық түрлері, жер асты желілерінің құбырлары және т.б.) ерекшелік болып табылады. Конструкциялық элементтер мен инженерлік жабдықтар жүйелерін ауыстыра отырып (қажет болған жағдайда) ғимарат ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жүргізіледі;
Ғимараттың, нысанның ағымдағы жөндеуі-бұл ғимараттар мен инженерлік жабдықтардың бөліктерін алдын алу іс-шараларын жүргізу және ұсақ бүлінулер мен ақауларды жою арқылы уақытынан бұрын тозудан жүйелі және уақтылы сақтауға бағытталған техникалық іс-шаралар кешені. Ғимарат конструкцияларының және инженерлік жабдықтар жүйелерінің жарамдылығын (жұмысқа қабілеттілігін) қалпына келтіру, сондай-ақ барлық пайдалану көрсеткіштерін қолдау мақсатында жүргізіледі.
Объектінің аяқталған ағымдағы жөндеуін қабылдауды пайдалану қызметінің, жөндеу- құрылыс ұйымының өкілдері (жұмыстарды мердігерлік тәсілмен орындаған кезде) құрамындағы комиссия жүзеге асыруы тиіс.
Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей- тегжейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады., (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту және құрылыс салу схемасын ауыстыратын) негізінде орындалған құрылыс жұмыстары.
Өз кезегінде Заңның 73-бабының 2-тармағына сәйкес салынған объектіні қабылдауды және пайдалануға беруді тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес ол толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді.
Бұл ретте салынған объектінің толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады.
Сонымен қатар, Заңның 75-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген жобалық шешімдер мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ теріс қорытындылар болған жағдайда Тапсырыс беруші мердігер (бас мердігер) бұзушылықтарды жойғаннан кейін объектіні пайдалануға қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектіні пайдалануға қабылдау осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Объектіні бұзылған және құрылыс кемшіліктері бар пайдалануға қабылдаған жағдайда объектіні пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады