Жиі қойылатын сұрақтар

Ғылым саласындағы сыйлықтар алуға арналған конкурстар жыл сайын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес өткізіледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417).

Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» (astanahub.com) арқылы үміткердің конкурсқа қатысуы үшін ғылым саласындағы сыйлықтарға үміткерлер үшін құжаттары қоса берілген нысан бойынша өтініш беріледі.

Құжаттар пакетіне мыналар кіреді:

1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);

2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа бетінің жартысынан аспайтын);

3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;

4) сыйлықақы алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;

5) сыйлықақы алуға кандидаттың шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);

6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;

7) енгізу актісінің көшірмесі (ол болған жағдайда).

Конкурсқа құжаттарды уәкілетті орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылым саласындағы сыйлықтар алуға арналған конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.

Мысал:

Ғылыми қызметкер М. ғылым саласындағы сыйлыққа жеке түрде құжаттарды өзі тапсырды.

Ғылыми қызметкер М.-нан конкурсқа құжаттар қабылданбайды, өйткені үміткерлерді ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындарының консультативтік-кеңесші органдары (ғылыми кеңестер) ұсынуы керек.