Жиі қойылатын сұрақтар

Салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді алу үшін хабарламалар беру тәртібіне сәйкес субъектілер ғылым саласындағы уәкілетті органға өтінім береді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035329 Уәкілетті органнан хабарлама алу үшін ұсынылатын құжаттар автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – ААЖ) бірыңғай папкаға қалыптастырылады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (әрі қарай – ҒЗТКЖ) жүзеге асыруға арналған шығыстарды растау үшін өтініш беруші ААЖ ға мынадай құжаттарды береді:

1) жобаның ақпараттық картасын;

2) ҒЗТКЖ жүргізуге арналған техникалық тапсырманың (техникалық ерекшеліктің) көшірмесін;

3) ҒЗТКЖ жүргізуге орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің көшірмесін (бар болса);

4) ҒЗТКЖ нәтижесін өндіріске енгізу актісінің көшірмесін;

5) мәлімделген ҒЗТКЖ жүргізу кезінде алынған, қолданылу мерзімі расталған өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатының көшірмесін;

6) ҒЗТКЖ жүргізуге, оның ішінде жылдар, салық кезеңдері бойынша бөлінген, қосылған құн салығын көрсете отырып, тікелей және ілеспе шығыстар бойынша нақты шығыстардың сметасын береді.

Мысалы, хабарламаны алу үшін құжаттарды тапсырған кезде ҒЗТКЖ нәтижесін өндіріске енгізу актісінің көшірмелерінің болуы қажет пе?

Ия, ҒЗТКЖ шығындарын растау үшін бұл құжат міндетті болып табылады.