Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығына сәйкес (2026 жылғы 11 ақпандағы №63 бұйрықпен енген өгерістер енгізілген) мемлекеттік қызмет ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» арқылы жүзеге асырылады (astanahub.com. Сілтеме: https://arm.astanahub.com/).
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мысалы:
Жеке тұлға – ғалым, өңірде бола отырып, құжаттарды электронды форматта жүктейді және аккредиттеуге өтінім береді. Өзінің жеке кабинетіне аккредиттеу туралы электрондық куәлік алады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады («Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 9-бабының 1-тармағы (бұдан әрі – Заң). https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z166
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ерікті аккредиттеу рәсіміне жатады. Мемлекеттік қаржыландыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері міндетті аккредиттеу рәсіміне жатады (Заңның 27-бабының 1-тармағы) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103#z404
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен айқындалған. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мемлекеттік қызмет Ұлттық инновациялық жүйенің «Бір терезе» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетіледі.
Мысал: бізге бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) аккредиттеу, жоғары оқу орындарын аккредиттеу және басқа да аккредиттеу түрлері бойынша өтініштер түсіп жатады. Алайда аталған аккредиттеу түрлері көрсетілген заңнаманың қолданылу аясына жатпайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 23 қаңтардағы №24 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне сәйкес, 2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурсты өткізу мерзімдері бекітілді:
құжаттарды қабылдау – 2025 жылғы 3 наурыздан 19 қарашаға дейін. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/G25HN000024
Мысалы, жоғары оқу орнының оқытушысы ғылыми тағылымдамаларды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезеңіне қызығушылық танытады. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін құжаттарды 2025 жылғы 3 наурыздан 19 қарашаға дейін беруге болады.
Ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуі жұмыс органымен бекітілетін шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар және өзге де ұйымдар тізіміне кіретін шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан 12 (он екі) айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Мысалы, жеке тұлғаны ғылыми тағылымдаманың ең төменгі және ең жоғары кезеңі қызықтырады. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамаларды 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылған өзге де жетекші шетелдік ұйымдардың тізбесіне кіретін ұйымдарда өтеді.
Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткер келесі талаптарға сәйкес келетін ғылыми қызметкер болып табылады: ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі; философия докторы (PhD) және (немесе) профиль бойынша доктор; магистр дәрежесі; аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде (заңды тұлғаларда) соңғы 12 (он екі) ай ішінде таңдалған мамандандырылған ғылыми бағыт саласында үздіксіз нақты жұмыс өтілі болуы, және қажетті кезеңнің барлығына міндетті зейнетақы жарналарының аударылғанын растайтын құжаттардың болуы (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ескере отырып), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 3-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2300000224; ғылыми зерттеу тақырыбына сәйкес тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ететін тізімге енген шетелдік ұйымнан сөзсіз шақыру (қаржылық шарттарды қоспағанда); осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген деңгейге сәйкес қазақ және шетел тілдерін меңгергенін растайтын жарамды ресми сертификат; Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық мәліметтер базаларында индекстелетін кемінде бір мақала немесе шолу немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №20 бұйрығымен бекітілген ғылыми қызмет нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізу талаптарына қойылатын талаптарға (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13409 тіркелген) сәйкес келетін 1-ші немесе 2-ші тізімдегі отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақала және (немесе) Derwent Innovations Index (Дервент инновейшн индекс) халықаралық өтінімі. Scopus (Скопус) және (немесе) Web of Science (Веб оф сайнс) базаларында халықаралық рецензияланған ғылыми журналдың индексациясы бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, осы журналдағы үміткердің барлық мақалалары есепке алынбайды; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сәйкес таңдалған ғылыми зерттеу бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өту және кейінгі өтеу мерзімдерінің жиынтығы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Мысалы
Сұрақ: Менде жұмыс өтілі 3 жыл. Мен ғылыми тағылымдамаға құжат тапсыруыма болады ма?
Жауап: Ия, Сіз тағылымдамаға құжат тапсыра аласыз. Тағылымдамадан өтуге үміткер үшін міндетті талап – соңғы 12 ай ішінде таңдалған ғылыми мамандық саласында үздіксіз нақты жұмыс өтілінің болуы. Бұл жұмыс өтілі заңды тұлға болып табылатын аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде расталуы тиіс.
Егер үміткердің соңғы 12 айдағы үздіксіз еңбек қызметін растайтын ресми құжаты болмаса, ол конкурсқа қатыса алмайды.
алдын ала тұрғын үй қарыздары Бағдарламаға қатысушыларға мынадай шарттармен беріледі:
1) ең жоғары сома - 20 миллион теңгеге дейін;
2) мерзім-8 жылдан аспайды, бұдан әрі тұрғын үй қарызына 11 жылдан аспайтын мерзімге көшу жүзеге асырылады;
3) сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 5 % ;
4) бастапқы жарна – шарттық соманың 10% - дан 50% - на дейін.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылы Жас зерттеушілер саны (40 жасқа дейін) – 8 143 адам, бұл зерттеуші мамандардың жалпы санының 45% - (18 014 адам) құрады.