Жиі қойылатын сұрақтар

Заңның 20-бабына сәйкес, басшылық лауазымдарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратура бағдарламалары бойынша даярлау жүргізіледі. Оқытуға даярлаудың бірінші кезеңін сәтті аяқтап, мемлекеттік қызметте үш жылдық міндетті жұмыс өтілін орындаған тұлғалар қабылданады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы басшылық лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады және мемлекеттік қызметте тағы үш жыл міндетті түрде жұмыс істеуге тиіс.
Осылайша, жаңа Заң мемлекеттік аппарат үшін жас мамандарды іріктеу, даярлау және олардың мансаптық дамуын сүйемелдеудің толыққанды жүйесін қалыптастырады. Аталған өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік қызметті ең қажетті бағыттар бойынша білікті кадрлармен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтің болашақ дамуы үшін тұрақты кадрлық резерв қалыптастыру. 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2600000290