Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл тіркеулер автоматты түрде қалыптасады және бірден бұзушылық болып саналмайды.
Тестілеуден өту барысында прокторинг жүйесі кандидаттың қозғалыстарын, сондай-ақ дыбыстық фонды автоматты түрде тіркейді. Бұл тіркеулер бұзушылық болып саналмайды, тек тіркеу сипатында болады. Тестілеу аяқталғаннан кейін бейнежазба бір тәулік ішінде проктор тарапынан тексеріледі, тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтардың бар-жоғы туралы шешім қабылданады.
JivoChat арқылы қолдау қызметіне дереу хабарласу қажет.
Техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайттың төменгі бөлігінде орналасқан JivoChat (тәулік бойы, 24/7) арқылы қолдау қызметіне дереу хабарласу қажет. Өтініште мәселені толық сипаттап, скриншоттарды қоса тіркеу қажет. Жүйе тарапынан ақау расталған жағдайда кандидат қайта жазылады. Егер мәселе кандидатқа байланысты себептерден (интернет, жабдық және т.б.) туындаса, қайта жазылу жүргізілмейді.
Бағдарламалар лауазым деңгейіне және бағаланатын құзыреттерге қарай ерекшеленеді.
Бірінші бағдарлама басшылық мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға арналған және 10 құзыретті қамиды: проактивтілік; коммуникативтілік; талдамалық ойлау; стратегиялық ойлау; көшбасшылық; әдептілік; нәтижеге бағдарлану; сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жауапкершілік; қызметті басқару. Екінші бағдарлама басшылық емес лауазымдарға арналған және 7 құзыретті қамтиды: проактивтілік; коммуникативтілік; талдамалық ойлау; әдептілік; нәтижеге бағдарлану; сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жауапкершілік. Үшінші бағдарлама жұмыс өтілін қажет етпейтін төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға арналған және логикалық ойлауды, құндылық бағдарларын және эмоционалдық интеллектіні айқындауға арналған тестілерді қамтиды.
Иә, 1-бағдарлама қорытындысы 2-бағдарлама лауазымдары үшін жарамды.
Бірінші бағдарлама бойынша берілген ЖҚБ қорытындысы екінші бағдарламаға жататын лауазымдарға жарамды. Бірінші және екінші бағдарламалар бойынша берілген ЖҚБ қорытындылары үшінші бағдарламаға жататын төменгі лауазымдарға жарамсыз, себебі олардың бағдарламасы өзгеше.
Басшылық лауазымдарға – эссе және әңгімелесу, басшылық емес және төменгі лауазымдарға – практикалық бағалау.
Басшылық лауазымдарға кандидаттар эссе жазады және әңгімелесуден өтеді. Басшылық емес және төменгі лауазымдарға кандидаттар практикалық бағалаудан өтеді.
Нәтижені жақсарту мақсатында жеке қасиеттерді бағалау тестін қайта тапсыру қандай мерзімнен кейін мүмкін?
Жеке қасиеттерді бағалау тестілеу шекті мәндерінен жоғары нәтиже алған және өз нәтижесін жақсартқысы келетін кандидаттар «Өткен» мәртебесі бар қорытынды алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайта тестілеуден өтуге құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысу кезінде ең жоғары қорытынды балл алған тестілеу нәтижесі ескеріледі.
Күнтізбелік ай ішінде 3 реттен артық емес.
Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестілеуін күнтізбелік ай ішінде үш реттен артық емес «Өткен» мәртебесі бар қорытынды алғанға дейін тапсыра алады.
Сертификаттар мен ЖҚБ қорытындылары 1 жыл жарамды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Тиісті сертификаттары бар кандидаттар бір жыл ішінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға арналған конкурстарға қатыса алады.
Жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ТОП-5 кандидат жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған ТОП-5 кандидат жіберіледі. Балдары тең болған жағдайда жеке қасиеттерді бағалау бойынша ең жоғары балл жинаған кандидаттар санын белгіленген шектен асыруға жол беріледі.
Жоқ, қайта тапсыру қажет емес.
Егер Сізде өзгерістер енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу сертификаты болса, ол өзінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып қалады (1 жыл ішінде жарамды). Конкурстарға қатысу үшін қосымша тек жеке қасиеттерді бағалау тестілеуінен өту қажет. Оны сәтті тапсырғаннан кейін бір жыл бойы конкурстарға қатыса аласыз.