Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Елшілік туралы
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттар арасындағы дипломатиялық қатынастар 1991 жылғы 26 желтоқсанда орнатылған. Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі 1992 жылғы 30 қазанда ашылған. М.Ж. Ілиясов 2025 жылғы қазаннан бастап ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі болып табылады.
Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР-ның АҚШ-тағы мүдделеріне өкілдік етеді.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Америка Құрама Штаттарында құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының АҚШ-пен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің АҚШ-пен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
- Қазақстан Республикасының АҚШ-пен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;
- консулдық қызмет;
- өзге де міндеттер.