Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық серіктестік

Мәдени ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасын АҚШ-та кеңінен насихаттау мақсатында түрлі шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Мәселен, 2019 жылғы 3-5 қазанда Вашингтонда қазақстандық қолөнершілер  қолданбалы өнердің беделді алаңы және АҚШ пен әлемнің бірегей суретшілері мен дизайнерлерінің туындыларының экспонаттары көрсетілетін Smithsonian Craft2Wear Show халықаралық көрмесіне қатысты.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 4 қазанда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы мен Смитсониан институтының Азиялық мәдени бағдарламасы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның қолөнері және шығармашылық экономикасы» тақырыбында симпозиум өтті. Ұлттық музейдің ғалымдары мен зерттеушілері қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің түрлі аспектілері бойынша баяндамалар жасады.

2020 жылдың басында Елшілік Джордж Вашингтон университетімен бірлесіп Абайдың виртуалды орталығын ашты. Оның басты міндеті ұлы ақынның шығармашылығында көрініс тапқан қазақ тарихы мен мәдениеті туралы ақпаратты тарату болып табылады.

Аталған ақпараттық ресурста (abaicenter.com) американдық сарапшылардың Қазақстанның мәдени мұрасы туралы мақалаларын үнемі жарияланады және дәрістер, кинофильмдер көрсету және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

2020 жылғы 29 қазанда америкалық Джордж Вашингтон атындағы университет жанындағы Абай виртуалды орталығының алаңында шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуге орай онлайн дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға Джордж Вашингтон университетінің профессоры Питер Роллберг, АҚШ-тың Смитсониан институтының тарих ғылымдарының докторы Пол Тейлор және Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әлия Масалимова қатысты.

2021 жылғы 19 наурызда «Meridian International Centre» және «Oxus society» ұйымдарының қолдауымен жеті елдің – Әзербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Елшіліктерінің қатысуымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін виртуалды түрде атап өту іс-шарасы ұйымдастырылды.

Құрметті қонақтардың қатарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Мэтью Луссенхоп, АҚШ Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Грегори Микс және АҚШ Ұлттық гвардия бюросы бастығының орынбасары Марк Сассевиль, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия бойынша Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси болды.

2021 жылғы 8 маусымда «1930 жылдардағы Қазақстандағы Ашаршылықты еске алу» атты онлайн дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Вашингтондағы Қазақстанның Елшілігі Джордж Вашингтон университетіндегі жанындағы Орталық Азия бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шараға «Аштық жайлаған дала, зорлық-зомбылық пен кеңестік Қазақстанның құрылуы» кітабының авторы Сара Кэмерон, Джордж Вашингтон университеті жанындағы Еуропалық, Ресейлік және Еуразиялық зерттеулер институтының (IERES) директоры Питер Роллберг, саясаттанушы және «Тәуекелдерді бағалау тобының» директоры Досым Сатпаев және IERES GWU директоры Марлен Ларуэль (модератор) қатысты.

2021 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында АҚШ-та «Аманат» қазақ күйі антологиясының онлайн форматтағы таныстырылымы өтті. Іс-шараны Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі мен «Каспий саясаты орталығы» (Caspian Policy Center) бірлесіп ұйымдастырды.

Таныстырылымға «Сауап» қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, «Аманат» жобасының бiрлескен авторы Мүслім Хасенов, сондай-ақ Америкалық сыртқы саясат жөніндегі ұлттық комитеттің (National Committee on American Foreign Policy) Президенті және Бас атқарушы директоры Сьюзан М. Эллиотт модератор ретінде қатысты.

2022 жылғы 21 қазанда көрнекті қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуын мерекелеу аясында Елшілік Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Абай орталығымен бірлесіп, классиктің шығармашылық мұрасын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.

2022 жылғы 28 қазанда Республика күніне орай ҚР АҚШ-тағы Елшілігі әртүрлі штаттарда тұратын отандастарымыз мен «Болашақ» бағдарламасының студенттері үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Арнайы шақырылған қонақтар ретінде әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әсел Нүркенова болды.

2023 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі Орталық Азия елдерінің, Әзербайжанның, Түркияның Елшіліктерімен және Американың дипломатия қызметінің дүниежүзілік қауымдастығымен бірлесіп АҚШ Мемлекеттік департаментінде Наурыз мейрамын атап өтуді және қаланың ірі алаңдарының бірінде «Тұран» тобының концертін ұйымдастырды. 

Мемлекеттік департаментте өткен шарада қонақтарға концерттік бағдарлама, қолөнер бұйымдарының көрмесі, сондай-ақ дәстүрлі ұлттық тағамдар тарту етілді. Құттықтау сөзді АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман, АҚШ Қорғаныс министрі көмекшісінің Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша орынбасары Ребекка Зиммерман және АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) директоры көмекшісінің орынбасары Анджали Каур ұсынды. 

Мәдени бағдарлама аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің солистері АҚШ-қа Елшіліктің шақыруымен әлемдік турне аясында келген болатын. 

Сол күні ҚР Елшілігі «Тұран» тобының үлкен концертін ұйымдастырып, оған 500-ден астам адам тіркелді. Қобыз, жетіген, шертер, даңғыра, ортеке, сыбызғы, т.б 30-дан астам ұлттық музыкалық аспаптарда көпшіліктің көңілінен шыққан туындыларын орындаған өнерпаздарды қазақ диаспорасы мен америкалық тыңдармандар жылы қарсы алды. 

2023 жылғы 6 мамырда ҚР Вашингтондағы Елшілігі жыл сайынғы паспорт DC іс-шарасы аясында ашық есік күнін өткізіп, келген қонақтарға мәдени іс-шаралар мен дәстүрлі тағамдар мен сусындар ұсынды.

Бұл күні Елшілікке 3000-нан астам адам келіп, қазақтың тарихына, мәдениетіне және әдет-ғұрпына үлкен қызығушылық танытты. Жергілікті жұртшылық ұлттық билер мен әндерді тамашалап, домбырамен музыкалық шығармаларды орындап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Елшілік үйлену той алдында қалыңдықтың бетін ашу дәстүрін бейнелейтін беташар рәсімін көрсетті.

Оған қоса, Елшілік қазақ киімдерінің сан алуан түрін және көркін көрсету мақсатында ұлттық киімдердің сән көрсетілімін ұйымдастырды. Қонақтар киіз үй, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары, тағамдары мен әдебиеті ұсынылған павильондарды аралап, қазақстандық дипломаттардың ұлтымыздың тарихы, мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы таныстырылымын зейін қойып тыңдады.

2023 жылғы 25 мамырда Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі америкалық жұртшылыққа Вашингтондағы ең беделді кинотеатрлардың бірінде "Паралимпиадашы" атты қазақстандық фильмнің эксклюзивті көрсетілімін және қазақ совет киносы туралы "The Cinema of Soviet Kazakhstan 1925-1991" атты кітаптың тұсаукесерін ұсынды.

Документы
Новости
Полезные материалы
The Golden Warrior of the Kazakh Steppe
Kazakh Embassy at Sherman’s House
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Фейсбук
Твиттер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары