Дипломатиялық қатынастардың 27 жылы ішінде қатынастардың кең шеңберіндегі стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтатын берік құқықтық база орнатылды. Барлығы 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылды.
Құқықтық базаны одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасуда.
2016 жылғы 6 желтоқсанда Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы мемлекетаралық келісімшарт күшіне енді.
2019 жылғы 3 мамырда Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімге қол қойылды.
2019 жылғы 20 тамызда Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге (GSOIA) қол қойылды.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 5 қаңтарда "Ашық аспан" қағидасына негізделген әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды (Open Sky Agreement).