Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық серіктестік

Экономикалық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастардың басым бағыттарының бірі болып табылады.

АҚШ – Қазақстан экономикасының ірі инвесторы болып табылады. 2022 жылы Қазақстанға АҚШ-тың жалпы ТШИ ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82%-ға өсіп, 5,1 млрд долларды құрады.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 3,05 млрд долларды құрап, рекордтық деңгейге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37% жоғары. Бұл ретте экспорт 32 пайызға өсіп, 1,15 млрд долларды құраса, импорт 40 пайызға өсіп, 1,89 млрд долларды құрады.

Инвестициялық ынтымақтастық үшін ең тартымды салалардың бірі – қаржы секторы, энергетика, бөлшек сауда, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, көлік, байланыс, фармацевтика, жылжымайтын мүлік.

2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында АҚШ капиталының қатысуымен 607 бірлескен кәсіпорын мен компания жұмыс істейді. Кәсіпорындар санының өсімі бір жылда 8,4%-ды құрады (2022 жылғы қаңтарда 562). Бұл ретте, АҚШ компаниялары қазақстандық нарыққа қызығушылық танытуда.

ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына ірі америкалық компаниялардың (Шеврон, ЭксонМобил, Дженерал Электрик, Филипп Моррис, Джи Пи Морган Чейз, Ситибанк, Бейкер МакКензи) белсенді қатысуы екіжақты экономикалық қатынастарды дамытуға қосымша серпін береді.

Экономикалық ынтымақтастық саласындағы негізгі тетік АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан-Америка іскерлік кеңесі болып табылады. 2022 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, The Procter & Gamble Company, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі америкалық компаниялардың басшылары қатысты.

2023 маусымда АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық Cауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтіп, оған 20-дан астам америкалық ірі компаниялары, оның ішінде ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және т.б. қатысты.

Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Astana халықаралық форумына және Astana Finance Days іс-шараларына қатысып, G2B және B2B форматында кездесулер өткізді.

Стратегиялық энергетикалық диалог (СЭД) шеңберінде бірлескен жұмыс төрт бағыт бойынша жүргізіледі: физикалық ядролық қауіпсіздік және ядролық энергетика; көмірсутек ресурстары; жаңартылатын энергия көздері және энергия тиімділігі; электр энергетикасы.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Б.Ақшолақов бастаған қазақстандық делегация 2023 жылғы 6-8 наурызда Хьюстонда өткен CERA Week конференциясына қатысты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Э.Бликеннің 2023 жылғы Қазақстанға сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті мен АҚШ-тың Геология қызметі (USGS) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықтың институционалдық негіздерін белгілейді.

Қазақстан нарығына АҚШ-тың жаңа агроөнеркәсіптік компанияларын тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2021 жылғы 12 қаңтарда Valmont компаниясымен Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құру және суарудың заманауи жүйелерін өндіру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқару бойынша зауыт салу туралы инвестициялық келісімге қол қойылды.

2022 жылғы 6 қыркүйекте Елшіліктің көмегімен Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасындағы стратегиялық серіктестік үлгісі бойынша жүзеге асырылып жатқан халықаралық білім беру жобасын іске қосты.

Қазақстандық делегациялар тұрақты негізде Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы іс-шараларына қатысады.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Фейсбук
Твиттер

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары