Жиі қойылатын сұрақтар
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл;
- немесе жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі және спорттық жаттығулар саласындағы ғылыми-оқытушылық жұмыс кемінде бір жыл;
- немесе біліктілігі жоғары деңгейдегісанаты жоқ спорт дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл:
- немесе Азия немесе Пара Азия ойындарында (жазғы, қысқы) немесе Азия-Тынық мұхиты ойындарында 7-8 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында немесе Дүниежүзілік Универсиадада (жазғы, қысқы) 7-8 орын алған немесе студенттер арасында Әлем чемпионатында 4-5 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында 8-9 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасында немесе Қазақстан Республикасының Универсиадасында (жазғы, қысқы) 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) құрама командасына үш спортшы даярлау;
- немесе одан әрі жетілдіру үшін екі спортшыны республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға мамандандырылған мектеп-интернаттарға-олимпиадалық резервтегі колледждерге және облыстық, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға тапсыру;
- немесе дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органда немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы;
- немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атақтың болуы.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі:
- немесе Азия немесе Пара Азия ойындарында (жазғы, қысқы) немесе Азия-Тынық мұхиты ойындарында 7-8 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында немесе Дүниежүзілік Универсиадада (жазғы, қысқы) 7-8 орын алған немесе студенттер арасында Әлем чемпионатында 4-5 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында 8-9 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасында немесе Қазақстан Республикасының Универсиадасында (жазғы, қысқы) 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
- немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) құрама командасына үш спортшыны дайындау;
- немесе одан әрі жетілдіру үшін екі спортшыны республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернаттарға-олимпиадалық резервтегі колледждеріне және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына тапсыру;
- немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы;
- немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атақтың болуы.
«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағысының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген спортық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына сәйкес беріледі.
1 топ жүріп тұруы қиын азаматтар және 2-топтағы мүгедектігі бар кресло-арбада отыратын азаматтар инватакси қызметін ала алады.
Ия, 2025жылдан бастап зейнеткерлерге Қызылорда облысында Талсуат елді мекенінде орналасқан оңалту орталығына жатып ем алуға өтініш түскен жағдайда бөлім арқылы жолдама беріліп ем алуға жіберіледі.
Санаторий –курорттық емделу қызметіне 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушінің тарапынан өтініш түскен жағдайда тиісті (түбіртек, чек) құжаттарына сәйкес төлем жүргізіледі.
2026 жылға Қызылорда облысы әкімдігімен 2025 жылы 1 желтоқсанда №223санды қаулыға сәйкес Жаңақорған ауданына мүгедектігі бар адамдарға 7 мекемеге 7 бос жұмысорындары квотасы бекітілген.
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №94 шешіміне сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір реттік 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір адамға 64875 тенге әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті бақылау және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан арнайы рейдтік топ құрылып, күнделікті жұмыс жүргізілуде.
Аптаның сенбі, жексенбі күндері күшейтілген режимде жұмыстар жасалуда. Рейдтік топ құрамына аудандық полиция қызметкерлері, білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, маслихат депутаттары және ата-аналар қамтылған.
Рейдтік іс-шаралар барлық кенттер мен ауылдық округтерде қатар жүргізіліп, парктер мен ойын алаңдарында, кафе мен ресторандар, бильярд пен компьютерлік клубтарда түнгі уақытта көп жиналатын жерлерде жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.