Жиі қойылатын сұрақтар
Мәдениет мекемелерінің ғимараттарын жалға алу үшін жеке немесе заңды тұлға өтініш береді. Өтініште өткізілетін шараның мақсаты, уақыты және қатысушылар саны көрсетіледі. Жалға алу құны мекеменің бекітілген тарифіне сәйкес анықталады. Бос уақыт кестесі мен техникалық мүмкіндіктер әкімшілік тарапынан нақтыланады.
Мәдени іс-шаралар халықтың рухани дамуын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өнер мен мәдениетті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдениет — халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы. Оның құрамына тіл, дәстүр, әдет-ғұрып, музыка, қолөнер, ұлттық ойындар және тарихи құндылықтар кіреді.
Егер ұлттық мәдениет сақталмаса, халық өзінің тарихи болмысынан айырылуы мүмкін.Қазақ халқының мәдениеті өте бай. Домбыра өнері, жыр-термелер, айтыс, ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер халқымыздың ерекшелігін танытады.
Осындай құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу — әр азаматтың міндеті.Қазіргі жаһандану дәуірінде шетел мәдениетінің ықпалы күшейіп келеді. Сондықтан ұлттық мәдениетті сақтау арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру маңызды. Бұл елдің бірлігі мен рухани тәуелсіздігін нығайтады.
Көше атаулары тарихи, мәдени немесе идеологиялық себептерге байланысты өзгертілуі мүмкін. Әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін ел тарихына қатысы жоқ ескі атаулар ұлттық мазмұндағы атаулармен ауыстырылды.Көше атауын өзгерту кезінде тұрғындардың пікірі ескеріледі және арнайы ономастикалық комиссия шешім қабылдайды. Бұл жұмыс заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.Жаңа атаулар көбінесе тарихи тұлғалардың, батырлардың, ақындардың немесе ел үшін маңызды ұғымдардың құрметіне беріледі.
Ономастика – жай ғана атау беру саласы емес, ол – ұлттың тарихи жады мен рухани болмысын айқындайтын маңызды құндылық. Көше, ауыл, жер-су атаулары – халқымыздың тарихынан, мәдениетінен, дүниетанымынан сыр шертетін рухани мұра. Тарихи атауларды қалпына келтіру арқылы біз өткенімізді түгендеп қана қоймай, келер ұрпаққа ұлттық сананы, елдік құндылықтарды дәріптейміз. Сондықтан ономастика – тәуелсіздіктің рухани негізін нығайтатын маңызды сала.
Жаңақорған ауданы тарихи-мәдени мұраларға бай өңірлердің бірі болып саналады. Аудан аумағында ортағасырлық қалашықтар, көне кесенелер, діни-рухани орындар және археологиялық ескерткіштер орналасқан. Бұл нысандар өңір тарихынан сыр шертетін маңызды мәдени мұра болып табылады.Тарихи ескерткіштер халықтың өткен өмірін, рухани құндылықтарын және мәдениетін танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық тарихқа деген қызығушылықты арттырады.Жаңақорған ауданындағы тарихи нысандарды қорғау және сақтау — болашақ ұрпақ алдындағы маңызды міндеттердің бірі.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде бекітеді.
Мақсаты – бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.
Коммуналдық меншіктегі мүліктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қаулысына сәйкес жекешелендіріледі.
Жекешелендіру объектісі – мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын; жекешелендірілуі тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктері; мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі; акционерлік қоғамдардың акциялары; жауапкершілегі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар.
Сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін адам) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты.
Объектіні жекешелендіру туралы шешімді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қабылдайды, олар күнтізбелік он күн ішінде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (жекешелендіру кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.
Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:
1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;
2) техникалық жағдайы туралы көріністі қамтамасыз ететін, кемінде 5 дана жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін);
3) сатып алу-сату шарты жобасының электрондық көшiрмелерінің тізілімге енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жекешелендіру объектiсін сату туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілімнің веб-порталы арқылы барлық қалаушылардың жекешелендiру объектiсi туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, тендер басталғанға дейін бес минут бұрын және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтарып ала алмайды.
Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.
Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның жетпіс пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.
Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.
Жекешелендiру объектiсi төртінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдiсi қолданылатын аукционға алғашқы бағаның отыз пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.
Жекешелендіру объектісі бесінші және одан кейінгі сауда-саттыққа бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционға кепілдік жарна мөлшерінен төмен болмайтын ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
Облыстық федерация облыстық көлемінде өткізілетін жаппай көкпар жарыстарына рұқсат сұрау қағазын басқармаға екі (2) апта алдын ала жолдау керек және келісім берілген жағдайда федерация қала, аудан әкімдерімен өткізілетін жаппай көкпар кезіндегі қақтығыстардың алдын алып, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарыс ережесі мен жан-жақты келісілген іс-шара жоспарын (федерация мен қала және аудан әкімдері көкпар өтерден екі апта бұрын жарыс ережесін, іс-шара жоспарын полиция, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар бөлімдерін қатыстыра отырып бекіту керек) бекіткен жағдайда жаппай көкпар жарыстарын өткізуге рұқсат беріледі.