Жиі қойылатын сұрақтар
"Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес архивтік сұраныстар 11 (он бір) жұмыс күні ішінде орындалады.
Егер жеке куәлігіңіз жоғалса немесе ұрланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген бөлімшесіне келесі құжаттармен (ХҚКО) жүгінуге болады. Жоғалған жағдайда:
- жеке куәлікті қалпына келтіру туралы өтініш (жоғалту жағдайларын көрсету қажет);
- мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат;
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса).
Ұрланған жағдайда:
- жеке куәлікті ұрлау немесе ұрлау туралы қылмыстық қудалау органынан алынған талон-хабарлама;
- мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса).
Музей қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларына сәйкес сатып алу және сыйға алу, археологиялық және этнографиялық экспедициялар нәтижесінде табылған жәдігерлер, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке тұлғалардан қабылдау арқылы толықтырылады. Қорды толықтыру жұмыстары арнайы құрылған сатып алу (қабылдау) комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Комиссия ұсынылған жәдігерлердің тарихи, мәдени және ғылыми құндылығын, түпнұсқалығын және сақталу жағдайын сараптап, музей қорының талаптарына сәйкестігін анықтайды. Комиссияның оң қорытындысы бойынша экспонаттар тиісті құжаттармен рәсімделіп, есепке алынады, инвентарлық нөмір беріледі және музей қорының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. Бұдан кейін олар сақтауға қойылып, ғылыми зерттеу мен экспозициялық жұмыстарға пайдаланылады.
"Скрининг"- бұл әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығында скринингтік бағдарламалар белгілі жас және нысаналы топтарда ауруларды ерте анықтауға бағытталған. 40–76 жастағы ерлер мен әйелдер артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлыққа байланысты қауіп факторларын ерте анықтау мақсатында кешенді скринингтен өтеді. 40–76 жастағы әйелдер қосымша сүт безі обырына, ал 30–74 жастағы әйелдер жатыр мойны обырына скринингтік тексеруден өтеді. 50–76 жастағы ерлер мен әйелдер колоректальды обырды ерте анықтау үшін, ал осы жастағы ерлер инсульт даму қаупін бағалау үшін скринингтен өтеді. В және С вирусты гепатиттерін ерте анықтауға арналған скрининг тәуекел топтарына жүргізіледі. Оларға инвазивті процедуралармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, операцияға дайындалып жатқан пациенттер, онкология, гематология, трансплантология және гемодиализ бөлімшелеріндегі науқастар, жүкті әйелдер және АИТВ жұқтыру қаупі жоғары топтар жатады. Скринингтің мақсаты — В және С вирусты гепатиттерін ерте анықтау.
"Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығында көрсетілген құжаттарды электронды үкімет веб порталы арқылы онлайн түрде жеке өтініштерін жолдап, 14 жұмыс күні ішінде ресми түрде жауап жолданады.
ЭЦҚ - бұл сіздің жеке деректеріңізге және мемлекеттік қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оны қауіпсіз сақтау - сіздің жауапкершілігіңіз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
1.ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз.
Электрондық пошта бұзылып, сіздің ЭЦҚ ұрлануы мүмкін.
2.ЭЦҚ-ны бөгде немесе бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз.
Мұндай құрылғыларда зиянды бағдарламалар болуы ықтимал.
3.ЭЦҚ-ны жеке компьютерде сақтамаңыз.
Қолтаңбаны сыртқы тасымалдағышта (мысалы, USB-флешкада) сақтау қауіпсізірек.
4.Күрделі құпиясөз орнатыңыз және оны ешкімге бермеңіз.
Құпиясөзіңізді үшінші тұлғаларға жариялау ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалануға жол ашады.
ЭЦҚ-ны қорғау - жеке деректеріңіздің және электрондық қызметтердегі қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Индустриялық аймақтан жер алу үшін өтініш беруші «Жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 599 бұйрығына сәйкес құжаттар топтамасын «Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына» ұсыну қажет.
1) Өтініш;
2) Сауалнама (нысан бойынша);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірме;
5) заңды тұлға жарғысының көшірме;
6) қаржылық есептіліктің көшірме;
7) техникалық-экономикалық негіздеме;
8) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
9) тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы.
Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өтініш беруші құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынады.
Өңірлік үйлестіру кеңесі жобаны қарап, тиісті ұсынысын береді.
Өңірлік үйлестіру кеңесі жобаға оң қорытынды берген жағдайда индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қояды. Ал, теріс шешімі болған жағдайда Басқарушы компания өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартады.
Сауда-саттықсыз (аукционсыз) жер телімін алу;
Жобаны инвестициялық жоба деп тану.
Жоба инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде болуы қажет және жоба құны 150 мың АЕК-тен басталуы тиіс.
«Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына сәйкес әкімдікке (аудан/қала) өтінішпен жүгіну керек екенін хабарлаймын.
Өтінішке келесі құжаттар қоса берілу қажет:
1) жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген жобаның бизнес-жоспары;
2) нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;
3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі, Қағидаларға сәйкес талап етілген жер учаскесі елді мекеннен тыс жерде орналасса немесе белгіленген базалық мөлшерлемелер мен елді мекеннің белгіленген шекаралары болмаған кезде беріледі;
4) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
5) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;
6) өтініш берушінің салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы әкімдікке өтініш берілген күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде берілген анықтама;
7) өтініш берушінің инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық ауқаттылығын растайтын келесі құжаттардың бірін не бірнешеуін:
- өтініш берушінің банктердегі шоттарда өз қаражатының бар екенін растайтын құжаттар;
- мүліктің бар екенін растайтын құжаттар;
- бизнестегі үлесінің немесе өзге де активтерінің болуын растайтын құжаттар;
- кредиттік желінің болуын растайтын құжаттар.
Екінші, әкімдік өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылданған күннен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкестігін қарайды. Бұл ретте, өтініш пен оған қоса берілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келген кезде әкімдік оларды жер учаскесін беруді келісу үшін өңірлік үйлестіру кеңесіне жібереді.
Үшінші, өңірлік үйлестіру кеңесі өтініш және оған қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және әкімдікке жер учаскесін беруді келісу не келісуден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.
Төртінші, Әкімдік өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) оң қорытынды шыққан кезде өтініш берушіге осы шешімнің көшірмесін жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау шешімін қабылдайды;
2) теріс қорытынды шыққан кезде өтініш берушіге дәлелді жазбаша бас тартуды жібере отырып, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48 бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады делінген.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті – "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш беру қажет екендігін хабарлаймыз. Өтініш беру арқылы ұсынған жер телімі зерттеліп, https://e-qazyna.kz/ru/ жүйесіне енгізіледі.
ҚР Жер кодексінің 43-1 бабының талаптарына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 633 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылы 2 шілдедегі № 203 бірлескен шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласы аумағынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға берілетін жер учаскесінің ең аз мөлшері 5,0 гектар, ең шекті жоғары мөлшері 1000,0 гектар болып белгіленіп, бекітілген.