Жиі қойылатын сұрақтар
Адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі - ТТО) объектілерге білім алушылар мен персоналдың нақты саны 100 (бір жүз) және одан көп білім беру ұйымдары, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жатады.
Білімі беру ұйымдарына терроризмге қарсы паспорт жоғарыда аталған өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда және ТТО объектілердің аумақтық тізбесіне енгізілгеннен кейін жасалады.
Осы орайда ТТО объектілерінің аумақтық тізбесіне объектілерді енгізу, шығару және тиісті өзгерістерді жасау бойынша өтінімдер жылына екі рет, бірінші кезеңі бойынша өтінімдер 1 маусымға дейін қабылданып, тізбе 1 тамыздан кешіктірмей бекітіледі және екінші кезеңінде өтінімдер 1 желтоқсанға дейін қабылданып, келесі жылдың1 ақпаннан кешіктірмей тізбені бекіту жүргізіледі. Тізбе бекітіліп, объекті тізбеге енгізілгеннен кейін объектінің меншік иесімен бұл туралы хабарлама алған күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде әзірленіп бекітіледі және паспорт полиция органдарымен келісіледі.
Жеке және заңды тұлғалар жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен халықаралық қатынаста тұрақты емес тасымалдау бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия алуы қажет. Лицензияға өтініштер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қабылданады www.egov.kz, www.elincense.kz. лицензия беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы)жүзеге асырады.
Тасымалдаушы мекемеге немесе облысаралық және облысішілік маршруттар бойынша басқармаға, ал қалаішілік маршруттар бойынша қала әкімдігіне ресми түрде шағым беруге болады.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жолдардың техникалық жағдайына жүргізілген тексерулер нәтижесіне және бөлінген бюджет қаражатына сәйкес кезең-кезеңімен жоспарланады.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI бұйрығымен бекітілген Экологиялық кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы (оператор) келесідей заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізе алады. Кодекстің 12 – бабына сәйкес және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №246 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес объектінің санатын анықтауы қажет болып табылады.
Сонымен бірге, Кодекстің 96 – бабының 1 – тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті.
Бұған қосымша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген, «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидасының 11 бөлім, 48 – тармағы 6) сәйкес автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен (сұйық және газды мотор отынымен) құюға арналған объектілер (автомобиль жанармай құю станциялары және май құю бойынша басқа қондырғылар) санитарлық қорғаныш аймағы 100 метр деп көрсетілген.
Яғни, объектінің ластаушы көздерінен ең жақын орналасқан тұрғын аймаққа дейінгі арақашықтық 100 метр аралықты сақтауы қажет.
Жоғарыдағыны баяндай келе, автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін салу кезеңінде экологиялық заңнама талаптары сақталған жағдайда қызмет жүзеге асырылады.
Бүгінде республика көлемінде «Ұлттық мұра» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба аясында қазақ күресі, көкпар, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Арнайы федерациялармен бірге ұлттық ойындарды халықаралық деңгейге шығару үшін аудан әкімдіктерімен де жұмыстар атқарылуда.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17 шілдедегі 2023 жылдың №140 бұйрығына сәйкес, қатысушылар – дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
Тізілімге - қоғам үшін қандай да бір әлеуметтік мәселені шешу немесе пайдасын тигізу мақсатында тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетумен айналысатын 4 санаттың біріне сәйкес келетін кәсіпкерлер енгізіледі.
Қағида талаптарына сәйкес, тізілімді қалыптастыру және жүргізу кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, яғни Ұлттық экономика министрлігімен арнаулы комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті жерде үйлестірушісі – облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы болып табылады және комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіледі.
Мемлекеттік гранттар – кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстың қорытындысы негізінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен беріледі. Берілетін гранттың максималды сомасы – 5 млн. теңгеден, ал бизнес-жобаны іске асыру мерзімі - 18 айдан аспайды.
Міндетті шарт – грант сомасының кемінде 20%-н ақшалай немесе жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыру, жаңа жұмыс орындарын құруы және инфрақұрылымның болуы тиіс.
Сонымен қатар, бюджетке, банк алдында міндетті берекшектері бар, мемлекеттік сатып алуда жосықсыз ретінде танылған, бұрын соңды осы грантты алған кәсіпкерлер конкурсқа қатыса алмайды.
«Әлеуметтік әмиян» — мемлекеттің әлеуметтік қолдау сервисі, оның ішінде тегін дәрі-дәрмектерді беру механизмін цифрлық форматқа көшіру үшін жасалған. Яғни, егер адам амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы болса — ол қағаз рецепт алмастан, электронды түрде eGov- mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәріні ала алады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 89 бұйрығында амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар QR-код арқылы немесе коды бар SMS хабарламаларды пайдалана отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар рецепттерді жазып және беруді қамтамасыз етеді.
Жеке тұрғын үй құрылысының сапасына, жобалау құжаттамасына және құрылыс нормаларының сақталуына бірінші кезекте құрылыс салушы (меншік иесі) мен құрылыс компаниясы (мердігер) жауапты. Сондай-ақ, жобаны жасаушы жобаның сапасына, ал техникалық қадағалаушы құрылыс барысының талапқа сай болуына жауап береді.
Негізгі жауапты тұлғалар мен органдар:
Құрылыс салушы (тапсырыс беруші): Үйдің сапалы салынуын қадағалауға және қабылдап алуға тікелей жауапты.
Мердігер (құрылыс компаниясы/бригада): Жұмысты жобаға және құрылыс нормаларына (СНиП) сәйкес орындауға жауапты.
Техникалық қадағалау: Құрылыс процесін, материалдардың сапасын тексереді.
Жобалаушы: Үйдің жобалық құжаттамасының сапасына жауапты.