Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған

112
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі
109
Бірыңғай байланыс орталығы101
Өрт қызметі104
Газ қызметі103
Жедел жәрдем
112
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі
109
Бірыңғай байланыс орталығы101
Өрт қызметі104
Газ қызметі103
Жедел жәрдем
112
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі
109
Бірыңғай байланыс орталығы101
Өрт қызметі
Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.
Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.
1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.
1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.
1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің туындылары сахналанып, М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқкиім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті.
1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағынаудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпал ете бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар — өлке тарихына енген, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер.
1997 жылдың 17 маусымында ҚР Президентінің өкімімен қаланың аты Кзыл-Ордадан Қызылордаға, ал Кзыл-Орда облысынан Қызылорда облысы болып өзгертілді.
Қызылорда қаласы Қызылорда облысының әкімшілік орталығы болып саналады. Еліміздің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Қызылорда - Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде–Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбемен және Оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекараласады.
Ғаламшарымыздағы үлкен экологиялық апатты мәселелердің бірі –Арал теңізі болып табылады. Қолайсыз аймақта тұратын халықты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайдан қорғау үшін заңды шешім және құқықтық тәртіп қажет етілді. Сондықтан Қызылорда облысы және Қызылорда қаласының барлық аймағы апатты болып жарияланды.
Қызылорда облысы-Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м.).
-облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі;
-оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан;
-батысында – Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.
Сырдарияның сол жақ жағалауында – Жаңадария мен Қуаңдария өзендірінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде – құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді.
|
Құрылған жылы |
1818 жыл |
|
Территориясы, мың. кв. км. |
2,4 |
|
Халық саны, мың. адам. |
295,8 |
|
оның ішінде: |
|
|
қала |
269,1(90,1%) |
|
ауылда |
26,7(9,9%) |
|
ерлер |
144,0 |
|
әйелдер |
150,4 |
|
Ұлттары, % 1 сәуір 2018 жыл |
|
|
қазақтар |
92,9 |
|
- орыстар |
3,4 |
|
- кәрістер |
2,1 |
|
- басқа |
1,6 |
|
Әкімшілік-аумақтық бөлініс |
|
|
- қала: Қызылорда |
1 |
|
- кент, ауылдық округтер: |
|
|
- кенттер: Тасбөгет, Белкөл |
2 |
|
- ауылдық округтер:Қызылжарма, Ақсуат, Қызылозек, Қосшынырау, Ақжарма, Талсуат, Қараултөбе. |
7 |
|
Жергiлiктi атқарушы органдардың депутаттары |
|
|
Облыстық мәслихат |
29 |
|
Аумақтық мәслихат |
|
|
Қалалық мәслихат |
19 |
|
Қала орталығы–Қызылорда қаласы |
|
1.Қалыбаев Әбдіржан 1988 – 1992 Қызылорда қаласының атқару комитетінің төрағасы
1992 – 05.1994 әкім
2.Шәріпов Жарылқасын 05.1994 – 12.1996
3.Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы 12.1996 – 12.1999
4.Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы 12.1999 – 05.2004
5.Үдербаев Мұрат Пірмағанбетұлы 05.2004 – 05.2005
6.Көшербаев Айтбай 05.2005 – 11.2005
7.Оңғарбаев Имамадин Зәкірұлы 11.2005 – 02.2007
8.Қожаниязов Серік Салаватұлы 02.2007 – 06.2008
9.Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы 06.2008 – 06.2010
10.Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы 18.06.2010-13.02.2013
11. Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 13.02.2013-31.03.2021
12. Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы 2021-2022
13. Шаменов Асылбек Өмірбекұлы 2022-2024
14. Қожаниязов Серік Салауатұлы 01.2024 - 08.2024
|
№ |
Аты-жөні, тегі |
Туған жылы |
Қызметі |
|
1. |
Курдюков Иван Федорович |
1906-1994 жж. |
Кеңес қызметкері |
|
2. |
Ополходжаев Серғазы |
1882-1970 жж. |
Құрметті теміржолшы |
|
3. |
Титов Герман Степанович |
1936-2002 жж. |
Ұшқыш – ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры |
|
4. |
Тәжібаев Әбілда |
1909-1998 жж. |
Қазақтың көрнекті ақын – драматургы |
|
5. |
Мұқанов Сәбит |
1900-1973 жж. |
Қазақ әдебиетінің негізін салушы, академик-жазушы, қоғам қайраткері |
|
6. |
Қаратаев Мұхамеджан |
1910-1995 жж. |
Көрнекті әдебиеттанушы, белгілі сыншы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚазҰҒА-ның академигі. |
|
7. |
Әбішов Оразбай |
1930 ж. |
Социалистік Еңбек Ері, локомотив депосының слесары |
|
8. |
Әлисов Долдаш |
1902-1961 ж.ж. |
Партия, Кеңес қызметкері |
|
9. |
Тоқмағанбетов Асқар |
1905-1983 жж. |
Қазақ халқының белгілі сатирик-ақыны |
|
10. |
Ахмадеева Нағима Абдулқызы |
1918- 2002 жж. |
Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім |
|
11. |
Жахаев Ыбырай |
1891-1981 жж. |
Атақты күріш өсіруші, еңбек Ері, мемлекеттік сыйлықтың иегері
|
|
12. |
Ковтунов Георгий Никитович |
1918-2000 ж.ж. |
Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант |
|
13. |
Тілендиев Нұрғиса |
1925-1999 ж.ж. |
Кеңес Одағының халық әртісі, белгілі сазгер, дирижер |
|
14. |
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы |
1946 ж. |
Қазақтың тұңғыш ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры |
|
15. |
Жарқынбаев Зейнолла Көштайұлы |
1914-1996 жж. |
Партия және мемлекет қайраткері |
|
16. |
Эргуляр Эсат |
1957 ж. |
Түркиядағы Назилли қаласының әкімі |
|
17. |
Нүрсейітов Жаппасбай |
1923-1997жж. |
Кеңес Одағының батыры |
|
18. |
Қалиев Ыдырыс |
1925 ж. |
Партия, Кеңес қызметкері |
|
19. |
Қизатов Жәлел |
1920-2000 жж. |
Кеңес Одағының батыры. |
|
20. |
Жұманиязов Маркс |
1939 ж. |
Өзбекстан Республикасы, Хорезм облысының әкімі |
|
21. |
Абдуллаев Шәдібай |
1928-2007 жж. |
Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер |
|
22. |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы |
1953 ж. |
Қоғам қайраткері |
|
23. |
Нысанбаев Әбдімәлік |
1937 ж. |
Академик, ҚР философия институтының директоры
|
|
24. |
Киреев Мәди Құрманұлы |
1929-2010 жж. |
Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры |
|
25. |
Сүйеніш Қомшабай |
1936 ж. |
Ақын, жазушы |
|
26. |
Ормантаев Камал |
1936 ж. |
Академик, Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер |
|
27. |
Мақашева Софья Өтегенқызы |
1923-2006 жж. |
Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер, қоғам қайраткері |
|
28. |
Хан Евгений Харитонович |
1934-2002 жж. |
Журналист, қоғам қайраткері |
|
29. |
Подольских Николай Артемьевич |
1930 ж. |
Кеңес қызметкері, қоғам қайраткері |
|
30. |
Айдосов Абылай Хангерейұлы |
1936 -2010 ж. |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры
|
|
31. |
Гнусов Владимир Дмитриевич |
1930 ж. |
Еңбек ардагері |
|
32. |
Омаров Ернияз Омарұлы |
1931 ж. |
Медицина ғылымының кандидаты, Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер
|
|
33. |
Жанзақов Әбдіқабыл Ғапурдинұлы |
1957 ж. |
«Ай-Дан Инвест» ЖШС-нің директоры |
|
34. |
Марк Захарович Подольский |
1932 ж. |
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері
|
|
35. |
Надиров Надир Каримович |
1932 ж. |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профес-соры, химия ғылымдары-ның докторы, академик |
|
36. |
Әміреұлы Махмұтбай |
1942 ж. |
«Сыр мектебі» газетінің бас редакторы |
|
37. |
Ибраимов Әбдіқадыр |
1937 ж. |
«Үкілі үміт» ЖШС-нің директоры |
|
38. |
Қали Кеңесбай Смағұлұлы |
1921 ж. |
Соғыс және еңбек ардагері, зейнеткер |
|
39. |
Пак Вилорий Викторович |
1952 ж. |
Ауыр атлетикадан Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы |
|
40. |
Сейітов Сүлеймен Сейітұлы |
1912 ж. |
Одақ дәрежесіндегі дербес зейнеткер, соғыс және еңбек ардагері |
|
41. |
Сыздықов Баянбай |
1938 ж. |
«Салтанат» ЖШС-нің директоры |
|
42. |
Фаткулдинов Фарит |
1938ж |
ардагер |
|
43. |
Садық Арынғазы |
1937 ж |
ардагер |
|
44. |
Ахметов Тұрсынбай |
1939 ж |
ардагер |
|
45. |
Бишімбаев Уәлихан |
1946 ж |
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры |
|
46. |
Жарылқасын Шәріпов
|
1941 ж |
Ардагер |
|
47. |
Әбзәлиев Аманкелді |
1939 ж |
Ардагер |
|
48. |
Матаев Мұстафа Матайұлы |
1933 ж |
ҚР “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісінің иесі
|
|
49. |
Ақмағанбетова Дариха Ақмағанбетқызы |
1943 ж |
«Қызылорда облысы Азаматтық альянсы» қауымдастығының төрайымы, ҚР Президентінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатының» иегері
|
|
50. |
Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы |
1957 ж |
«Қаз Гер Мұнай» АҚ қарасты ірі инфрақұрылымының басшысы. ҚР Президенті Жарлығымен «Құрмет орденімен» марапатталған
|
|
51. |
Оразбаев Жеткерген Оразбайұлы |
1939 ж |
Қызылорда қаласында комуналдық шаруашылық қызметтері бойынша басшылық қызметтер атқарған. «За трудовие отличие», «Ерен еңбегі үшін», Облыстың үздік құрылысшысы», «Социалистік жарыс жеңімпазы» т.б марапаттауларға ие болған.
|
|
52. |
Қайруллаев Қорғанбек |
1943 ж |
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметтерін атқарды. Төрт мәрте облыстық кеңестің депутаты болып сайланған |
|
53. |
Есенов Бекдулла Есенұлы |
1948 ж |
Қызылорда су жүйесі және канализация басқармасының бастығы, «Қызылорда су жүйесі» МКК директоры болған. «Таңдаулы коммуналық-шаруашылық қызметкері» атағына, «III дәрежелі Еңбек Данқ» орденімен, «Қазақстан су арнасы» ассоциациясының «Үздік белгісі» кеуде белгісімен «Таза су құрылысы» ЖШС директоры
|
|
54. |
Әбдібаев Амангелді Әбдібайұлы |
1943 ж |
Облыстық дезинфекциялық станциясының бас дәрігері, қалалық СЭС бастығы болған. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы. ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»
|
|
55. |
Үдербаев Мұрат Пірмағамбетұлы |
1958 ж |
УАД ЖШС-ның директоры |
|
56. |
Тілеубаев Мұратбек Дербісәліұлы |
1961ж |
«Дорстрой» ЖШС төрағасы |
|
57. |
Әбдікәрімов Шәкизада Өтетілеуұлы |
1956 ж |
1999 жылдан «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС директоры
|
|
58. |
Тайманов Рамазан Сағындықұлы |
1954 ж |
Белгілі композитор, республикалық «Жас қанат», халықаралық «Азия дауысы» конкурстарының жүлдегері, «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері. |
|
59. |
Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы |
1952 ж |
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері».
|
|
60. |
Құдайбергенов Мырзалы |
1937ж |
«Қағаз-картон кәсіпорынның үздігі» |
|
61. |
Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы |
1953ж |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты |
|
62. |
Имамадин Оңғарбаев
|
1953ж |
Қызылорда облысының қоғамдық саяси дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер
|
|
63. |
Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы
|
1945 ж |
Қызылорда қаласындағы «Болашак» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик.
|
|
64. |
Мыханов Бердібек Сартайұлы |
1961 ж |
«Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры |
|
65. |
Төребаев Шахизат Хамитұлы
|
1948 ж |
Парламент Мәжілісінің депутаты, Қызылорда орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының басшысыоблысы әкімінің |
|
66. |
Аңсат Сәдуақас Әбдіқадырұлы |
1945 ж. |
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің иегері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, "Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы |
|
67. |
Нәметша Сержан Қасқырұлы |
1952 ж. |
Қызылорда қаласының дамуына, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы салаларына зор үлесін қосқан қайраткер, «Қызылорда электрторабтарын тарату компаниясының» кеңесшісі |
|
68. |
Камербаев Аралбай Жұмағалиұлы |
1942ж. |
Қазақстанның құрметті құрылысшысы, «Энергия» ЖШС-нің құрылыс компаниясының директоры |
|
69. |
Пазылхаирұлы Тәжібай |
1942 ж. |
Денсаулық сақтау ісінің үздігі, денсаулық сақтау саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер |
|
70. |
Сұлтанбеков Данияр |
1947 ж. |
Қазақстанның құрметті құрылысшысы, «Қызылорда Жоба Құрылыс» ЖШС директоры
|
|
71. |
Тё Юрий Алексеевич |
1947 ж. |
Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Қызылорда қаласының жылу, су құбырларын, кәріз жүйелерін қайта жаңғыртуға үлес қосқан «Механизатор» құрылыс компаниясы ЖШС-нің директоры
|
|
72. |
Шүкенов Мүсірәлі Шүкенұлы |
1951 ж. |
Коммуналдық саланың еңбек ардагері, «Тазалық сервис Тасбөгет» ЖШС-нің директоры
|
|
73. |
Ақдәулетова Қаракөз Ақжігітқызы |
1956 ж. |
Ұстаз-әнші, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс |
|
74. |
Алшынбаев Сейітқали Бегманұлы |
1960 ж. |
«Нұрай» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы, құрылыс саласының маманы, меценат
|
|
75. |
Дайрабай Тынышбек |
1943 ж. |
Этнограф, зерттеуші, журналист, жазушы |
|
76. |
Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы |
1966 ж. |
«ҚазАгроӨнім» АҚ басқарушы директоры |
|
77. |
Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы |
1965 ж. |
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы |
|
78. |
Жансақалов ӘбдімәжитӘлмағамбетұлы |
1956 ж. |
«Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры |
|
79. |
Көшербаев Айтбай Көшербайұлы |
1953 ж. |
«Қазгермұнай» БК ЖШС бас директорының орынбасары |
|
80. |
Қарымсақұлы Итен
|
1939 ж. |
Журналист, жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі |
|
81. |
Қожаниязов Серік Салауатұлы |
1965ж. |
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
|
82. |
Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы |
1957 ж. |
«Нұр Отан» ХДП Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары |
|
83. |
Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы |
1961 ж. |
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы |
|
84. |
Рахымбекұлы Әскербек |
1942 ж. |
Ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі |
|
85. |
Әбубәкіров Ибрагим Серікбайұлы |
1965ж. |
«Абу-Сер» ЖШС бас директоры |
|
86. |
Әбдікәрімов Мұхит Сұлтанұлы
|
1954 ж. |
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры, мәдениет қайраткері |
|
87. |
Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы |
1956ж. |
«СМП-Қызылорда» ЖШС директоры, Облыстық мәслихат депутаты |
|
88. |
Баймаханов Болатбек Бимендіұлы |
1965ж. |
«А.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы
|
|
89. |
Маштаев Әділхан Ибрагимұлы |
1961ж. |
«Аман-Құрылыс» ЖШС директоры |
|
90. |
Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы |
1965 ж. |
«Бақ-береке» ЖШС директоры |
|
91. |
Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы |
1958 ж. |
«Назарбаев» Университетінің оқытушысы |
|
92. |
Искаков Бакдаулет Күлбекұлы |
1957 ж. |
«Интегрострой» ЖШС директоры |
|
93. |
Ли Илларион Гукхенович |
|
«Техоснастка-Ремсервис» ЖШС директоры |
|
94. |
Ысқақов Дайрабай Ысқақұлы |
|
Қаржы, салық саласының ардагері, 3 рангалы «Салық қызметінің мемлекеттік кеңесшісі», «Салық қызметінің үздігі»
|
|
95. |
Иманова Роза Сәдібекқызы
|
|
«Сәт-сервис» серіктестігінің құрылтайшысы, әрі директоры |
|
96. |
Әбішев Сайлаубай Әбішұлы |
|
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы |
|
97. |
Өтегенов Баку Өтегенұлы |
|
Еңбек ардагері |
|
98. |
Жаппарханов Өтеген |
|
Қазақстан және КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер |
|
99. |
Молдашев Рамазан |
|
Еңбек ардагері |
|
100. |
Орақбаев Жәдігер |
|
Ауыл шаруашылық саласының ардагері, «Жәдігер» шаруа қожалығының басшысы |
|
101. |
Тоғызбаев Асылбек Тоқмырзаұлы |
|
Денсаулық сақтау саласының ардагері |
|
102. |
Шамшиев Сағындық |
|
Денсаулық сақтау саласының ардагері, дәрігер-хирург |
|
103. |
Алматов Алмас Нұрмаханұлы |
|
Домбырашы, жырау, профессор, фольклор зерттеуші |
|
104. |
Наурызбаев Әбибулла Сыздықұлы |
|
Денсаулық сақтау саласының ардагері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі |
|
105. |
Ботабаев Кеулімжай Шалтақбайұлы |
|
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Тұрмағанбет атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі |
|
106. |
Уполходжаева Сәрсенкүл Серғазықызы |
|
Білім саласының ардагері |
|
107. |
Нұрмаханов Оңталап |
|
Ақын, режиссер-сценарист, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері |
|
108. |
Уәлиева Гүлнар Бодашқызы |
|
Білім саласының ардагері |
|
109. |
Ілиясов Қожахмет Әбдіқайырұлы |
|
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
110. |
Жаппасбаев Алмат Қайрбекұлы |
|
«Стройтехнопроект KZ А и К» ЖШС-ң директоры |
|
111. |
Кәрімбаев Мұхиджан Ысмайылұлы |
|
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы |
|
112. |
Сейдуллаұлы Жеңіс |
|
Әнші композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы
|
|
113. |
Нәлібаев Махмұт Ыбырайханұлы |
|
«Марсель Петролеум» компанияның президенті |
|
114. |
Махашов Бақәулет Еркінбекұлы |
|
«Жан-Арай жем зауытының» ЖШС-нің бас директоры |
|
115. |
Сейтмұратов Айдарбек Ештайұлы |
|
«Қазқұрылыс сервис» ЖШС-ң бас директоры |
|
116. |
Еспенбетов Манарбек Нағымұлы |
|
«Промстройсервис-Е» ЖШС-ң бас директоры |
|
117. |
Сақтағанов Қанағат Жанайбекұлы |
|
«Асар» ЖШС директоры |
|
118. |
Әбдіхалықов Мұса Жақыпұлы |
|
«Астана сервис LTD» ЖШС-ң бас директоры, қалалық маслихат депутаты |
|
119. |
Зайчиков Александр Сергеевич |
|
Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері |
|
120. |
Сәдуақасова Мадина Бақытжанқызы |
|
Эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері |
|
121. |
Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы |
|
«Абай Дәулет» ЖШС-ң директоры |
|
122. |
Қайыржан Есен Қайыржанұлы |
|
«Казмұнайгаз» Ұлттық компаниясының атқарушы директоры |
|
123. |
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы |
1957 ж. |
Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі |
|
124. |
Мұсабаев Нәжмадин Түрікбенұлы |
1950 ж. |
«Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері |
|
125. |
Әжібеков Қалқазбек |
1948 ж. |
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қаржы саласының үздігі |
|
126. |
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы |
1965 ж. |
Қоғам қайраткері |
|
127. |
Дүйсенбаев Серік Әбішұлы |
1951 ж. |
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы |
|
128. |
Ысқақов Ойшы Ысқақұлы |
1932 ж. |
Еңбек ардагері |
|
129. |
Көпірбаев Өмірзақ |
1938 ж. |
Құрылыс саласының ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы |
|
130. |
Құрманғазиев Нысанбай |
1942 ж. |
«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына қарасты «Бірлік» бастауыш партия ұйымының, қала әкімі жанындағы «Ардагерлер ұйымының» мүшесі |
|
131. |
Көзденова Рая Әбдешқызы |
1945 ж. |
Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі. «Құрмет» орденінің иегері |
|
132. |
Иса Амангелді Жолмырзаұлы |
1950 ж. |
Білім саласының ардагері |
|
133. |
Бихожаева Сәрсенкүл Байдешқызы |
1963 ж. |
«Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, Республика бойынша «Үздік қалалық мәслихат депутаты» төсбелгісінің иегері |
|
134. |
Мұстафаев Серік Жолдасбекұлы |
1960 ж. |
Өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан қайраткер |
|
135. |
Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы |
1966 ж. |
Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу орталығының директоры ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы |
|
136. |
Мылтықбаев Алексей Бисенбайұлы |
1964 ж. |
«Жанрос Дриллинг» ЖШС директоры, «Ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясының иегері |
|
137. |
Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы |
1968 ж. |
Журналист, әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты |
|
138. |
Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы |
1957 ж. |
Қазақстанның үздік гидротехнигі, өңірде су шаруашылығын дамытуға еңбек сіңірген азамат |
|
139. |
Оразмаханұлы Шынжырбай |
1968 ж. |
Денсаулық сақтау ісінің үздігі, облысқа танымал дәрігер-нейрохирург |
|
140. |
Көшербаев Жомарт Елеуұлы |
1958 ж. |
Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы |
|
141. |
Ниязов Мұхтар Мәуленұлы |
1985 ж. |
Айтыскер ақын, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері |
|
142. |
Төреәлі Төреғали Төреәліұлы |
1992 ж. |
Қазақ эстрадасының әншісі |

8 (7242) 26-21-44
kyzylorda@korda.gov.kz
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған







