Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
Өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылғаналаң ретінде жүзеге асырады.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.
Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.
Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/article/details/11272?lang=kk ) веб-сайтына әр тоқсан сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, сондай-ақ ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес қандай да бір объектілерге берілетін жер учаскелері белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылыстық құжаттарға, яғни бас жоспарларға, даму сызбаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын сәйкес табысталынады делінген.
Сонымен қатар, Кодексітің 44-1 бабының 8 тармағына сәйкес жер учаскесін сұрап өтінім білдірген кезде өтінім арнайы есепке алынып және жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталатын алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылатындығы көрсетілген.
Баяндалғанаға сәйкес қазіргі таңда 2005 жылы жер телімін сұрап жазған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылып жатканын хабарлаймыз.
Жүгінудің екі жолы бар. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.
Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үшін осы сілтеме бойныша қажетті құжаттарды тіркеп өту және ЭЦҚ сұранысына қол қою қажет.