

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған ескерткіші, 2) «Рәміздер алаңы» мен «Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы саябақ» арасындағы аумақта «Союз» зымыран тасығышы мен «Буран» орбиталдық кеменің макеттері, 3) Сол жағалауда салынуы жоспарланған көпфункционалды жабық манежінің эскиздік жобасы, 4) Сырдария өзенінің сол жағалауындағы аумақта салынуы жоспарланған тұрғын үйлердің жаңа эскиздік жобалары, 5) «Сыр Ана»монументі мен оның маңындағы аумақты ретке келтіру жобасы, 6) Қызылорда қаласы, сол жағалауда салынуы жоспарланған қазақ музыкалық драма театрының эскиздік жобасы, 7) Қызылорда қаласы, Сол жағалаудағы Қызылорда облысы бойынша полиция департаменті ғимаратының жобасы, 8) Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның эскиздік жобасы.
Сонымен қатар, Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай, сыр құрылысына 75 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі, диплом және стелла эскиздері әзірленген.