Жиі қойылатын сұрақтар
Санаторий-курорттық емделу қызметі медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда көрсетілмейді. Медициналық қарсы көрсетілімдерге, оның ішінде, мыналар жатады:
1. Жіті немесе асқыну сатысындағы аурулар, сондай-ақ стационарлық емдеуді немесе хирургиялық араласуды қажет ететін жағдайлар.
2. Оқшаулау мерзімі аяқталмаған инфекциялық аурулар.
3. Жіті немесе жұқпалы түрдегі венерологиялық аурулар.
4. Қатерлі жаңа өскіндер.
5. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және тұрақты күтімді қажет ететін аурулар (мамандандырылған санаторийлерді қоспағанда).
6. Нашақорлық пен созылмалы алкоголизмнің барлық түрлері.
7. Медициналық қорытындымен рұқсат етілмеген психикалық және мінез-құлық бұзылыстары.
8. Ұстамалармен өтетін эпилепсия және эпилепсиялық синдромдар.
9. Синкопалдық жай-күйлер.
10. Эхинококкоздың барлық түрлері.
11. Жиі немесе көп мөлшердегі қан кетулер.
12. Акушерлік патологиясы бар жүктілік, сондай-ақ 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік.
13. Туберкулездің белсенді сатысындағы барлық түрлері.
14. III дәрежелі дистрофия.
15. Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары, жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігінің III дәрежесі және одан жоғарысы.
16. Декомпенсация сатысындағы аурулар.
17. Терінің іріңді және жұқпалы аурулары.
18. II–III дәрежелі анемия.
Облыста негізгі азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп, бағаны реттеуде облыста тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алынып, әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарда төмен бағада өткізілуде.
Сонымен қатар, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына 15% сауда үстемесін сақталуына бақылау жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданып келеді.Сауда үстемесі деп отырғанымыз сатушы тауарды өткізу бағасын белгілеу барысында өнімді алған бағасынан 15%-дан асырмай қоюы тиіс.
"Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығында көрсетілген құжаттарды электронды үкімет веб порталы арқылы онлайн түрде жеке өтініштерін жолдап, 14 жұмыс күні ішінде ресми түрде жауап жолданады.
Музей қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларына сәйкес сатып алу және сыйға алу, археологиялық және этнографиялық экспедициялар нәтижесінде табылған жәдігерлер, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке тұлғалардан қабылдау арқылы толықтырылады. Қорды толықтыру жұмыстары арнайы құрылған сатып алу (қабылдау) комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Комиссия ұсынылған жәдігерлердің тарихи, мәдени және ғылыми құндылығын, түпнұсқалығын және сақталу жағдайын сараптап, музей қорының талаптарына сәйкестігін анықтайды. Комиссияның оң қорытындысы бойынша экспонаттар тиісті құжаттармен рәсімделіп, есепке алынады, инвентарлық нөмір беріледі және музей қорының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. Бұдан кейін олар сақтауға қойылып, ғылыми зерттеу мен экспозициялық жұмыстарға пайдаланылады.
"Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес архивтік сұраныстар 11 (он бір) жұмыс күні ішінде орындалады.
Егер жеке куәлігіңіз жоғалса немесе ұрланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген бөлімшесіне келесі құжаттармен (ХҚКО) жүгінуге болады. Жоғалған жағдайда:
1. жеке куәлікті қалпына келтіру туралы өтініш (жоғалту жағдайларын көрсету қажет);
2. мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат;
3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса).
Ұрланған жағдайда:
1. жеке куәлікті ұрлау немесе ұрлау туралы қылмыстық қудалау органынан алынған талон-хабарлама;
2. мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса).
Мемлекет пен жергілікті органдар азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар болған кезде халықты арнайы хабарлау жүйелері арқылы, атап айтқанда, азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ескертеді. беріледі.
Ескерту түрлері:
1. Дабыл сигналдары арқылы: қалада немесе елді мекенде қатты сирена үні (ұзақ, үздіксіз дыбыс) қосылады. Бұл – «Назар аударыңыз, бәріне!» деген бірінші ескерту сигналы. Дыбыс шыққаннан кейін радио, теледидар, телефон, интернет арқылы ресми хабарламаларды тыңдау керек.
2. Ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы: радио және теледидардан төтенше жаңдай туралы жедел хабарламалар беріледі.
3. SMS-хабарлама және мобильді қосымшалар арқылы: Төтенше жағдайлар министрлігі немесе әкімдік мобильді желілер арқылы SMS жібереді. Кейде арнайы қосымшалар арқылы push-хабарлама келеді (мысалы, eGov (1414), Kaspi, Telegram арналары арқылы).
4. Әлеуметтік желілер және ресми сайттар арқылы: Төтенше жағдайлар министрлігінің, әкімдіктің немесе "Қазгидромет" сияқты ұйымдардың ресми Telegram, Instagram, Facebook парақшаларынан білуге болаы.
5. Ауызша ескерту және арнайы көлікпен хабарлау: халық тығыз орналасқан жерлерде жергілікті әкімдік, полиция немесе ТЖ қызметкерлері көлікпен жүріп, дауыс зорайтқыш арқылы хабар таратады.
Егер сирена естіген болсаңыз - бұл төтенше жағдайдың белгісі деп қабылдаңыз. Бірден радио немесе теледидарды қосып, ресми ақпаратты күтіңіз. Смартфон болса — ресми SMS немесе қосымша арқылы хабар келеді.
Кейде арнайы көлікпен жүріп те ескерту жасауы мүмкін.
Діни сұрақтардың жауабын ресми тіркелген діни бірлестіктерден, олардың діни қызметкерлері мен парақшаларынан алуға болады.
Бұдан бөлек басқармаға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларына жазу арқылы анонимді түрде ақпарат алуға болады.
Орталық парақшалары:
https://www.instagram.com/kzo.dzo?igsh=MXJzdHdoMjZyajVxcQ%3D%3D&utm_source=qr
https://www.tiktok.com/@dmzokyzylorda?_t=8sNTQnMQ4If&_r=1
https://youtube.com/@shyraq135?si=S6QfArH_MIKEMhfF
МСАК ұйымы науқасқа «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін өз бетінше хабарласу, телефон арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметті қалай алуға болады?
Порталға авторизациядан өтіп, «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасына басыңыз.
Электрондық өтініштің барлық қажетті өрістерін толтырыңыз.
Бірінші дәрігерлік-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Тікелей өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (идентификация үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі:
Тікелей өтініш немесе телефон арқылы хабарласу кезінде – МСАК ұйымының шақырулар журналына жазба және дәрігердің келу күні мен уақыты көрсетілген ауызша жауап.
Портал арқылы электрондық түрде өтініш берген кезде – жеке кабинетте электрондық өтініш мәртебесі туралы хабарлама беріледі. Өтініш қабылданғаннан кейін белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
Егер пәтерде, кіреберісте немесе үй маңында газдың иісін сезсеңіз — бұл өте қауіпті жағдай, және шұғыл әрі дұрыс әрекет ету қажет.
Алғашқы әрекеттер:
1. Электр жарығын және электр құралдарын қоспаңыз.
2. Тіпті аздаған ұшқынның өзі жарылысқа себеп болуы мүмкін.
3. От жақпаңыз — темекі шекпеңіз, сіріңке, оттық, газ плитасын қолданбаңыз.
4. Бөлмені желдетіңіз — терезе мен есіктерді ашыңыз.
5. Газдың иісі сезілген пәтерден немесе кіреберістен адамдарды шығарыңыз.
6. 104 нөміріне қоңырау шалыңыз — бұл апаттық газ қызметі.
7. Мекенжайыңызды, қабатты, газ иісі сезілген орынды нақты айтып, мамандар келгенге дейін үй-жайға қайта кірмеңіз.
Маңызды:
Егер табиғи газбен жабдықталған үйде газдың шығуы орын алса, Шкафтық газ реттеу пункті (ШГРП) автоматты түрде іске қосылып, қауіпсіздік мақсатында газ беруді тоқтатуы мүмкін.
Мұндай жағдайда тұрғындар газдың келмей қалғанын байқайды — бұл да дереу 104 нөміріне хабарлауға себеп болады.