Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады.
Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ, «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде мыналар есепке алынбайды:
1) бір субъектіден екінші субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар;
2) жоғары тұрған органның нұсқаулары мен тапсырмалары;
3) жарнамасы бар ұсыныстар;
4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жолданымдар.
2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (№ 482-V ҚРЗ) 13- бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін тұрғылықты жерiндегі халықты жұмыспен қамту орталығына тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеле аласыз.