Жиі қойылатын сұрақтар
Жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде оқуға түсу ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып (маусым, шілде айларында өткізілетін), шекті мәндегі балл жинап, оқу орнына таңдаған мамандық бойынша тиісті құжаттарды тапсыру арқылы конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, өңірде 2013 жылдан бастап халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді.
Облыс әкімінің гранты – бұл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ұлттық бірыңғай тест қорытындысымен шекті балл жинаған, мемлекеттік білім грантын иеленбей қалған, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп бітірушілерге беріледі. Облыс әкімінің гранты бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен қосымша мәлімет алуға болады.
ҚР "Білім туралы" Заңына, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес бірінші сыныпқа олардың дайындық деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жылы 6 жасқа толған балалар қабылданады.
ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы № 754 қаулысымен бекітілген «Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары» негізінде жүзеге асырылады.
Инфрақұрылым түрлері – су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газды құрылғылар салу
Инфрақұрылым сомасы – жалпы жоба құнының 50%-нан аспауы тиіс.
Облыс орталығында экономикалық қыметтердің басым тізбесіне сәйкес, ал шағын қалалар және ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз.
Өңірде тұрғындардың тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануларына жағдай жасау мақсатында аймақта бұқаралық спорттық инфрақұрылымды нығайтуды негізге алуымыз керек. Бұқаралық спортқа жол, бұқаралық спорттық іс-шаралар және тұрғындардың таңдаған спорт түрімен шұғылданулары арқылы ашылады. Бүгінде, спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының сол жағалауында «Теннис орталығы» мен 11 мың орындық стадион салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі. Осылайша, жастардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануларына тең мүмкіндік пайда болады. Келешекте бұл нысандарда спорттың бірнеше түрі бойынша секциялар жүргізіліп, 1600-ге жуық жасөспірімнің бір ауысымда спортпен шұғылданулары жағдай жасалады.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде тапсырыс берушінің құқықтары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-2 бабымен белгіленген.
Аталған бапқа сәйкес тапсырыс беруші:
1. Мердігердің (бас мердігердің) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына, сондай-ақ олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылау жүргізуге;
2. Талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;
3. Техникалық қадағалау қызметін бақылауға;
4. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Кредит сомасы – 200 млн теңгеге дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі – 22% (Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне 18% + 4%)
Субсидия мөлшері – сыйақы мөлшерлемесінің 40%, яғни 8,8%
Мерзімі - 3 жылға дейін;
«Даму» қорының кепілдігі: кепіл жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін.
Басым бағыттары - ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, шағын наубайханалар, жиһаз өндірісі, құрылыс материалдарын шығару.
Жеке тұрғын үй құрылысының сапасына, жобалау құжаттамасына және құрылыс нормаларының сақталуына бірінші кезекте құрылыс салушы (меншік иесі) мен құрылыс компаниясы (мердігер) жауапты. Сондай-ақ, жобаны жасаушы жобаның сапасына, ал техникалық қадағалаушы құрылыс барысының талапқа сай болуына жауап береді.
Негізгі жауапты тұлғалар мен органдар:
Құрылыс салушы (тапсырыс беруші): Үйдің сапалы салынуын қадағалауға және қабылдап алуға тікелей жауапты.
Мердігер (құрылыс компаниясы/бригада): Жұмысты жобаға және құрылыс нормаларына (СНиП) сәйкес орындауға жауапты.
Техникалық қадағалау: Құрылыс процесін, материалдардың сапасын тексереді.
Жобалаушы: Үйдің жобалық құжаттамасының сапасына жауапты.
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары қайта қаралып, жекешелендіру объектілерін сату Ережесіне көптеген өзгерістер енгізілді.
Сату тек электронды түрде жүргізіледі және мемлекеттің кез-келген жерінен қатысуға болады. Аукционға, тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.08.2011 жылғы № 920 қаулысының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысушының Электорондық Цифрлық Қолтаңба қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің www.e-Qazyna.kz веб-порталында тіркеу қажет.
Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде кепiлдiк жарнаны енгізеді. Егер сауда-саттық өткізілмесе, кепiлдiк жарна қайтарылады.
Сауда-саттықты ұтқан тұлғамен, сатып алушарты жасалады. Жекешелендіру объектілерін сату, объектінің нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады. Сатып алу келісім шартының негізінде сатушы міңдеттердің орындалуына бақылау жасайды.
Артық немесе қате төленген түсімдер сомаларының бюджеттен қайтарылуы ҚР Салық кодексімен белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тізбесі бойынша немесе салықтық емес түсімдердің белгілі бір түрі салық органдарының құзыретіне жататын жағдайда салық органдарының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, артық немесе қате төленген түсімдер сомаларының бюджеттен қайтарылуы белгілі бір салықтық емес түсімдердің алынуына жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Мысалы, айыппұл немесе әкімшілік алым ішкі істер органдарымен салынған жағдайда, онда артық немесе қате төленген түсімдер сомаларының қайтарылуы ішкі істер органдарымен жүзеге асырылады, егер де айыппұл мемлекеттік құрылыс бақылауы органдарымен салынса, онда артық немесе қате төленген түсімдер сомаларының қайтарылуы осы органмен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес (22-бап) мемлекеттік театрларда әрбір театрлық қойылымның көпшілік алдында орындауға және (немесе) көпшілік алдында көрсетуге дайын екендігі туралы шешімді театрдың көркемдік кеңесінің ұсынымы бойынша театр басшысы қабылдайды. Мемлекеттік театрдың көркемдік кеңесінің құрамын және ол туралы ережені театр басшысы бекітеді.