Жиі қойылатын сұрақтар
Спортшыны оқуынан немесе жұмысынан спорттық жарысқа қатысу кезеңінде босату үшін жарысты ұйымдастыруға немесе спортшыны жарысқа жіберуге жауапты ұйым немесе спорт федерациясы тиісті өтінішхат жолдайды.
Өтінішхатта, әдетте:
• спортшының тегі, аты, әкесінің аты;
• спорттық жарыстың атауы;
• жарыстың өткізілетін орны мен мерзімі;
• спортшының жарысқа қатысу қажеттілігі;
• оқуынан немесе жұмысынан босатылатын кезең көрсетіледі.
Өтінішхат спорт саласындағы тиісті органға белгіленген тәртіппен ұсынылады. Өтінішхат қаралғаннан кейін спортшыны оқуынан немесе жұмысынан босатуға қатысты тиісті құжат рәсімделеді.
Халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жоғары оқу орындарына білім беру грантын бере отырып қабылдау үшін бірнеше нормативтік құқықтық акт қолданылады.
Атап айтқанда:
• Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен дарынды балаларға, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына конкурссыз түсу үшін гранттар беру жөніндегі шаралар көзделген;
• «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша соңғы үш жылдағы халықаралық спорттық жарыстардың бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған жеңімпаздары мен жүлдегерлері жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға білім беру грантын бере отырып қабылданады;
• Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 326 бұйрығымен осындай тәртіппен қабылданатын халықаралық спорттық жарыстардың нақты тізбесі және оларды іріктеу өлшемшарттары бекітілген.
Бұл ретте талапкер таңдаған білім беру бағдарламасы тиісті спорт түріне немесе спорттық жарысқа сәйкес келуі қажет.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қабылдау үшін ата-анасы немесе баланың заңды өкілі белгіленген тәртіппен өтініш береді.
Қажетті құжаттарға:
• баланың жеке басын куәландыратын құжат;
• ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
• баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық құжат жатады.
Құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде немесе тиісті спорт мектебіне тікелей ұсынуға болады.
Спорттық жарыстарды өткізу туралы ережені жарысты ұйымдастырушы бекітеді.
Жарысты ұйымдастырушы ретінде:
• мемлекеттік орган;
• жергілікті атқарушы орган;
• аккредиттелген спорт федерациясы;
• спорттық жарысты ұйымдастыратын өзге де ұйымдар әрекет ете алады.
Ереже жарысты өткізу тәртібін, қатысушыларға қойылатын талаптарды және жарыстың басқа да ұйымдастырушылық мәселелерін айқындайды.
Тұрғын үйді газбен жабдықтау келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
• Техникалық шарт (ТШ) алу Газдандыру үшін алдымен газ тарату ұйымынан техникалық шарт алынады. Ол үшін өтініш және қажетті құжаттар (жеке куәлік, мүлік құжаттары, техникалық паспорт және т.б.) тапсырылады.
• Газдандыру жобасын әзірлеу Алынған техникалық шарт негізінде тұрғын үйді газдандыру жобасы әзірленіп, уәкілетті ұйыммен келісіледі.
• Құрылыс-монтаж жұмыстары Жобада көрсетілген талаптарға сәйкес газ құбырларын жүргізу және жабдықтарды орнату жұмыстары орындалады.
• Объектіні қабылдау Жұмыстар аяқталғаннан кейін арнайы комиссия объектінің талаптарға сәйкестігін тексереді.
• Газды қосу және іске қосу Объект дайын болған жағдайда газ тарату ұйымы газды қосып, жүйені іске қосады.
Маңызды: Жұмыстарды тек лицензиясы бар ұйымдар жүргізуі тиіс және барлық талаптар мен қауіпсіздік нормалары сақталуы қажет.
2016 жылы Қызылорда қаласы әкімдігімен «Байтерек» тұрғын ауданынан (инфрақұрылыммен толық қамтылған) жеке тұрғын үй құрылысы үшін барлығы 5112 адамға жер учаскелері табысталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Қызылорда қаласы әкімдігімен 2006 жылы кезекте тұрған тұлғалардың өтініштері бойынша кезектілікке сәйкес жер учаскесін табыстауды бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының» ақпараттық жүйесіне интеграциялау жолымен арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылып келеді. Жүйе іске қосылғанға дейін жер кезектілігіне адами фактордың әсер еткені рас, дегенмен, бүгінде қандай да бір өзгеріс енгізуге жол берілмейді. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтарға кезектілікке сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері табысталуда. Бүгінгі күні, бұл мәселе бойынша жағдай тұрақты.
Облыста негізгі азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде бақылау жүргізіліп, бағаны реттеуде облыста тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алынып, әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарда төмен бағада өткізілуде. Сонымен қатар, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына 15% сауда үстемесін сақталуына бақылау жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданып келеді.Сауда үстемесі деп отырғанымыз сатушы тауарды өткізу бағасын белгілеу барысында өнімді алған бағасынан 15%-дан асырмай қоюы тиіс.
Қазақстанда профилактикалық егулер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміндегі міндетті вакциналар тегін беріледі.
Вакцинация уақыты инфекцияның уақытына және түріне байланысты:
Жаңа туылған нәрестелер: өмірінің алғашқы 1-4 күнінде - туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы.
Нәрестелер (2, 3, 4 ай): көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға және пневмококкқа қарсы коомплексті вакцинациялар (АКДС).
Балалар (12–15 ай): қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит (ККП), полиомиелитке және пневмококкқа қарсы күшейткіш вакциналар немесе ревакцинациялар.
Балалар (1,5 жас): АКДС, полиомиелит және Hib-пен ревакцинация.
Мектеп оқушылары (6 жас/1 сынып): БЦЖ, ККП және АбКДС пен ревакцинация.
Жасөспірімдер мен ересектер: 16 жаста дифтерия мен сіреспеге қарсы (АДС-М) екпе егіледі, ол өмір бойы әр 10 жыл сайын қайталануы тиіс.
Он сегіз және одан жоғары жастағы, іс-әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыста болатын және онымен тіндік үйлесімдігі бар, кейінгі транспланттау үшін ағзаларды немесе тіндерді алуға нотариат куәландырған жазбаша келісімін білдірген адам тірі кезіндегі донор бола алады. Тірі кезіндегі донор бекітілген тәртіппен медициналық тексеруден өтеді. Тірі кезіндегі донор және ықтимал реципиент ағзалар мен тіндердің тіндік үйлесімділігін анықтау үшін HLA - зертханаға жіберіледі. Ықтимал реципиент пен тірі кезіндегі донор арасында генетикалық байланысты орнату үшін Этикалық комиссия құрылып, генетикалық байланыс анықталады.
Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан жарна балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі), жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар, жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар, жұмыс істемейтін қандастар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.