Жиі қойылатын сұрақтар
Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай, көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшерінен асатын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жалпы тәртіппен жоспарланады.
Бұл ретте, егер өндірістік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі МЖӘ жобасы АЕК-тің 700 000 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жоспарлау Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі – кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану).
Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылатын шарттар айқындалған (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі - кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану).
Ерекшеліктерді қолдану шарттарының бірі 700 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінен аспайтын көлемде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (коммуникациялардың барлық түрлеріне) құру (реконструкциялау) болып табылады.
Бұл ретте көрсетілген шекті мәннен асқан кезде МЖӘ жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көзделген жалпы тәртіппен көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай жоспарланады.
Осылайша, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру АЕК 700 000 еселенген көлемімен шектелмейді.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның
(бұдан әрі – Заң) 20-бабының 10) тармақшасына сәйкес, жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүргізеді және қалыптастырады (Мысалы, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынылған жағдайда әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде).
Тізбеге енгізу үшін ақпаратты Министрлікке Конкурсты (аукционды)не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы ұсынады.
Ұйымдастырушы Министрлікке осындай шешімдерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңды күшіне енген сот шешімдерін кейіннен Министрлік Тізбені интернет-ресурста орналастыру үшін жібереді.
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген) 44 және 45 тармақтарына сәйкес табиғи монополиялар субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебіне талдауды уәкілетті органның ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімде жасайды.
Егер табиғи монополиялар субъектінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болса, уәкілетті органның ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратады.
Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы табиғи монополиялар субъектінің есебіне талдау жасау мерзімі субъектіні бұл туралы хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Уәкілетті орган ведомствосы (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері) табиғи монополиялар субъектінің тарифтік сметасының орындалуы туралы есебін талдау жүргізу жолымен қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 24-нысан бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті қарау нәтижелері туралы қорытындыны қалыптастырады.
Мысал:«Ноунейм» ЖШС тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті 2026 жылдың 30 сәуірінде ұсынды, сондықтан талдау жүргізудің соңғы мерзімі 2026 жылдың 28 шілдесін құрайды. Сонымен қатар, уәкілетті орган «Ноунейм» ЖШС-не жазбаша сұрау салуды жолдаған кезде талдау жүргізу мерзімі қажетті ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2019 жылғы 14 тамызда № 19242 болып тіркелген) белгіленген.
Аталған Қағидалардың 243-249-тармақтарына сәйкес:
-тұтынушылар бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін қозғалыс, техникалық құралдар мен жылжымалы құрам қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттары негізінде пайдаланады;
- кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін тұтынушылар табиғи монополия субъектісіне екі данада жазбаша өтініш жібереді. Өтінішті табиғи монополия субъектісі өтініштің келіп түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді, бұл ретте мөртабаны бар тіркелген өтініштің бір данасы тұтынушыға беріледі;
- табиғи монополия субъектісі нөмірленуге және тігілуге тиіс тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді. Тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтініштің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі;
- тіркеуден бас тартуға, өтініштердің түскен күні мен уақытын, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді;
- табиғи монополия субъектісінің өтініштерді қарауы олардың түсу кезектілігіне сәйкес ретімен бес сағат ішінде жүргізіледі;
- бір мезгілде қанағаттандырылуы кірме жолдың өткізу қабілетімен шектелген бірнеше өтініш бір күнде келіп түскен кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету өтініш түскен уақыттан бастап жеті сағат ішінде тұтынушыны жазбаша хабардар ете отырып, кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне қарай мәлімделген көлемдерге барабар орташа өлшемді қағидат бойынша жүзеге асырылады;
- тұтынушы кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінен бас тартқан жағдайда табиғи монополия субъектісі кірме жолдардың қызметтерін кезек бойынша өтінішті ұсынған келесі тұтынушыға ұсынады.
Мысал: Тұтынушы (жүк жөнелтуші) табиғи монополия субъектісіне кірме жолға қол жеткізу үшін екі дана жазбаша өтініш жолдайды. Өтініш нақты күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеледі, ал мөртаңба басылған бір данасы тұтынушыға қайтарылады. Бұл жалғыз өтінім болғандықтан, субъект оны бес сағат ішінде қарастырады және қозғалыс қауіпсіздігі мен техникалық жағдай талаптары сақталған жағдайда үлгілік шарт негізінде рұқсат береді.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 182-бабы 3-тармағына сәйкес Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін әзірлеу және бекіту функцияларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар үлгілік кодекстің негізінде корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді және нәтижелерін өздерінің интернет-ресурстарына орналастыра отырып, кемінде үш жылда бір рет олардың тәуелсіз бағалауын жүргізеді.
Мысалы: Акционерлік қоғам өз корпоративтік басқару қағидаларын уәкілетті орган бекіткен үлгілік кодекске сәйкес әзірлеп, бекітеді.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
17-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданылатын тарифті уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін ескере отырып, бес және одан көп жыл мерзімге бекітеді.
Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі мыналарды көздейді:
1) экономикалық негізділігін ескере отырып, тарифте есепке алынатын шығындардың түрлері мен мөлшерлерін шектеу;
2) тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде айқындалған, олар болған жағдайда шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды, персоналдың нормативтік санын қолдану. Осы тармақшаның күші тарифтік реттеудің шығындық әдісінен тарифтік реттеудің ынталандыру әдісіне өткен жағдайда тарифті бекіту кезінде қолданылады;
3) бақыланатын және бақыланбайтын шығындарды айқындау;
4) бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін уақытша өтемдік тарифті және бақыланбайтын шығындарды бекіту;
5) инвестицияланған капиталды қайтаруды және инвестицияланған капиталдың кірістілік нормаларын, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуы кезінде тартылған активтерінің баланстық құнын және уәкілетті орган айқындаған әдіс бойынша есептелген пайда мөлшерлемесін ескере отырып пайданы айқындау;
6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін айқындау;
7) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін айқындау;
8) тозуды есепке жазудың тікелей әдісін қолдану;
9) инвестициялық бағдарламаны бекіту.
10) экономикалық және технологиялық тұрғыдан оң әсер алу мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге, қазіргі заманғы инфрақұрылым құруға және оны дамытуға бағытталған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде инновацияларды енгізу.
Тарифті қалыптастыру қағидаларының 208-126, 208-127-тармақтарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген) реттеуші кезеңнің әрбір жылында өнімділік пен тиімділікті ынталандыру тетігі қолданылады, оның мақсаты субъектіні сапа мен сенімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге ынталандыру, оның ішінде инновациялық шешімдерді ескере отырып. Өнімділік пен тиімділікті ынталандыру тетігі тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қатысты қол жеткізілген тиімділік көрсеткіштеріне байланысты субъектінің рұқсат етілген кірісіне енгізілетін бекітілген рұқсат етілген пайданы төмендету түріндегі айыппұл санкцияларын көздейтін жыл сайынғы түзету арқылы іске асырылады.
Мысалы, «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттыық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 38-НҚ бұйрығымен тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңге жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу жөніндегі қызметтерге тариф бекітілді, мұнда, мысалы, негізгі құралдардың тозуын азайту, аварияларды азайту, іс-шараларды уақтылы аяқтау , инвестициялық бағдарламада көзделген күндер саны; жылу энергиясын өндіру көздері бойынша температуралық кестенің рұқсат етілген мәндерінен ауытқулармен жылына расталған күндер саны сияқты сапа, сенімділік және тиімділік көрсеткіштері белгіленген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 178-14-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алу – бұл конкурсты, баға ұсыныстарына сұрау салуды қолданусыз сатып салу тәсілі, олар портал арқылы және мынадай:
1) егер конкурс тәсілімен сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
4) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы, оның ішінде аварияларды жою үшін төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
6) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушыларының жүзеге асыруы;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілуі;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;
7) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қажеттілігі туындауы;
8) егер мұндай тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде тартылған желілер мен жабдықтардағы аварияларды жою мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларында ғана өткізіледі.
Мысалы, табиғи монополия субъектісі баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен конкурс жариялады, алайда аталған конкурс өткізілмеді, мұндай жағдайда бір көзден сатып алу тәсілі қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі — Қағида)
186-тармағына сәйкес сатып алу жеңімпазы деп танылған әлеуетті жеткізуші немесе екінші орын алған әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған немесе сатып алу туралы шарттың талаптарын орындамаған жағдайларда табиғи монополия субъектісі табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген сатып алуларға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.
Сонымен бірге осы Қағидалардың 186-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектілері ұсынған деректер негізінде табиғи монополия субъектісінің алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы фактісін растайтын, заңды күшіне енген сот шешімі бар сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Осылайша, табиғи монополия субъектісі сотқа жүгінуге тиіс. Сот шешімінің қорытындысы бойынша субъект Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға жүгінуге тиіс.
Мысалы, жеңімпаз деп танылған өнім беруші немесе екінші орынды иеленген өнім беруші шартты жасасудан жалтарған жағдайда, табиғи монополия субъектісі мынадай әрекеттерді орындайды:
1) оны сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа жүгінеді;
2) өнім берушіні жосықсыз қатысушы деп тану көрсетілген және (немесе) олардың табиғи монополия субъектісі алдындағы міндеттемелерін орындамау не тиісінше орындамау фактілері көрсетілген сот шешімін қоса бере отырып, осы өнім берушіні сатып алуларға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға жүгінеді.
Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген) мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттарды өңірлік үйлестірушілер (кәсіпкерлік басқармасы) кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Конкурсқа қатысуға өтініш «Kezekte.kz» ақпараттық жүйе арқылы электрондық форматта қабылданады. Конкурс бюджет қаражаты болған кезде жылына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.
Байқаудың басталғаны туралы хабарландыру өңірлік кәсіпкерлік басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге мына құжаттардың PDF форматындағы сканерленген көшірмелерін тіркейді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама
(бар болса);
2) бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстардың бизнес-жобасына қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
3) «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Толық ақпарат алу, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды дайындау және жинау үшін кәсіпкер өңірлік кәсіпкерлік басқармасына, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.
Мысал: «Kezekte.kz» ақпараттық жүйе арқылы А субъектісі конкурсқа қатысуға өтініш берді. Конкурстық комиссия өтінімдерді іріктеп, А субъектісінің жобасына мемлекеттік грант беруді бекітті.