Жиі қойылатын сұрақтар
«Даму» қоры арқылы субсидиялауды тоқтатуының негізгі себептері: қаражатты мақсатқа сай пайдаланылмау (егер жеңілдікті кредит бойынша қаражат бизнес-жоспарда көрсетілгендей пайдаланылмаса), бағдарламаға қатысу кезеңінде салық органдарында қызметті тоқтату немесе тоқтата тұру, мерзімдерді бұзу (кредит бойынша борышты қайтаруға байланысты міндеттемелерді орындауды кешіктіру), бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеу, субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін бұзу, банкті немесе «Даму» қорын хабардар етпей қарыз шартының талаптарын өзгерту болып табылады. Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде «Даму» қоры субсидиялар төлеуді тоқтатады және төленген сомаларды өтеуді талап ете алады, сондай-ақ егер олар берілген болса, кепілдіктердің күшін жояды. Кәсіпкерді субсидиялау тоқтатылған жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде «Даму» қоры тиісті хатпен кәсіпкерге және қаржы институтына хабарлама жібереді, онда тоқтатудың себебін көрсетеді. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда қаржы институты кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде «Даму» қорына тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның қарауына мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқықтарына кірген сәтіне дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты шығарады. Мұрагер (-лер) мұрагерлік құқықтарына кірген жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе «Даму» қорының уәкілетті органының қарауына шығарылады.
Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді жойған жағдайда, «Даму» қоры 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институтын субсидиялаудың қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Мысал: А субъектісі субсидиялау түріндегі қолдауды алды, А субъектісі Екінші деңгейдегі банкпен және Қормен шартқа қол қойылады. А субъектісі қаражатты Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес мақсатқа сай пайдаланылмау түрінде талаптарды орындаған жоқ, Қор бұзушылықтарды анықтайды және субсидиялауды тоқтатады. А субъектісі Қорға бұрын төленген субсидиялар сомасын өтейді.
Қаржылай емес қолдау – бұл тікелей қаржыландыруды ұсынбай, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені. Қолдау консультациялық, оқыту, ақпараттық, іскерлік және ілеспе көрсетілетін қызметтерді қамтиды. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) қаржылай емес қолдау операторы болып табылады. Көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда қаржылық емес қолдаудың төрт негізгі құралы жұмыс істейді:
- Ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер – бұл бизнесті тіркеу, қызмет түрін таңдау, салық салу, мемлекеттік бағдарламалар мен тендерлерге қатысу, құжаттарды дайындау мәселелері бойынша алғашқы консультация беру.
- Бизнесті сервистік қолдау – бухгалтерлік және салықтық сүйемелдеу, есептілікті дайындау, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша көмек көрсету, бизнес-жоспарлар мен маркетингтік стратегияларды әзірлеу.
- «Іскерлік байланыстар» құралы шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы экономиканың басым секторларындағы бизнес субъектілерін қолдауға бағытталған. Кәсіпкерлер шетелде бизнес-тағылымдамадан өтеді және ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға барады.
- «Бір ауыл – бір өнім» жобасы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және жергілікті ресурстарды пайдаланатын өндірушілерді қолдауға бағытталған. Жоба оқытуды, маркетингтік сүйемелдеуді, өнімді брендингтеуде және ілгерілетудегі көмекті, сондай-ақ 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант алу мүмкіндігін қамтиды.
Қаржылық емес қолдауды алушылар жұмыс істеп тұрған және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғалар болып табылады. Қаржылық емес қолдау алуға қатысты толық ақпарат алу үшін кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.
Мысал: А субъектісі өз бизнесін ашу/кеңейту үшін қажетті және толық кеңес алу мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінеді.
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген)
1-тарау 3-тармақ, 60) тармақшасына сәйкес, табиғи монополияның қуаттылығы аз субъектісі – көлемі жылына бес жүз мың текше метрге дейін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру субъектісі.
Қуаттылығы аз субъектіге кірісі күнтізбелік бір жылда субъектінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша субъект те жатады. Бұл ретте қалған реттелетін қызметтер бойынша субъект қуаттылығы аз субъектіге жатпайды.
Мысалы: кәсіпорынның реттелетін қызметтен табысы 10 млн теңгені құрайды, оның 9,6 млн теңгесі жылумен жабдықтау қызметінен алынған табыс және 0,4 млн теңге сумен жабдықтау қызметінен алынған табыс. Осылайша, кәсіпорын сумен жабдықтау қызметі бойынша қуаты аз табиғи монополиялардың субъектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 223-тармағына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады (мысалы, ауданның елді мекеніндегі мектеп құрылысына МЖӘ шартын (жергілікті жоба) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тіркейді).
МЖӘ шартын тіркеу, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінің, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінің 14-тарауымен регламенттелген.
Жаңа Бюджет кодексі (бұдан әрі – БК) шеңберінде мынадай шаралар көзделген:
- Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің (бұдан әрі – КТ)мөлшерін және республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын шектейтін бюджеттік қағидаларды қатаң сақтау міндеттілігі, сондай-ақ ауытқулар кезінде (дағдарыс, төтенше жағдайлар және Ұлттық қордан нысаналы трансферт
(бұдан әрі – НТ)тартылған жағдайларда) іс-қимыл алгоритмі регламенттелген.
Соңғы жылдары бюджеттік ережелерді жоспарлы қолдану республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын тұрақтандыруға мүмкіндік берді: алдыңғы жылдары 121%-дан 2024 жылы 105-109%-ға дейін, сондай-ақ КТ көлемін 2022 жылы 4,03 трлн-нан 2024-2025 жылдары 2 трлн теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2026 – 2028 жылдарға КТ бөлу жыл сайын 2,8 трлн теңге мөлшерінде жоспарланады (кесу бағасының параметрлері бойынша есептелген белгіленген лимитке сәйкес келеді), осы жылдарға НТ бөлу көзделмеген.
2.Ұлттық қордан НТ бөлу өлшемшарттары мен тәртібі күшейтілді. Ұлттық қордан НТ жіберу ҚР Президенінің шешімі бойынша және қаржыландырудың баламалы көздері болмаған кезде әлеуметтік-экономикалық табысы жоғары, аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыру ғана жүзеге асырылатын болады. Жобаларды аса маңызды объектілерге немесе жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу өлшемшарттары айқындалған.
Анықтама ретінде: Аса маңызды объектілерге мыналар жатады:
1) қызметін авариялық тоқтату жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін объектілер;
2) ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жалпымемлекеттік инфрақұрылымдық объектілер;
Жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға мыналар жатады:
1) кемінде екі облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың экономикалық дамуын қамтамасыз ететін объектілер;
2) белгілі бір саладағы біртекті жобаларды ел ауқымында біржолғы іске асыру жолымен міндеттерді белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған объектілер.
- Үкімет ҚР Ұлттық Банкімен және ҚР Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға (олардың бағалауын қоса алғанда) Сараптама жүргізудің және қаржыландырудың баламалы көздерін қараудың жаңа қағидаларын әзірледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 303 қаулысы). Осы Қағидаларды қабылдау оның қаражатын жалпы қосылған құны жоғары жобаларды іске асыруға жұмсауға мүмкіндік береді. Сараптама қорытындыларымен жобалар ҰҚБК қарауына жатады. Олар бойынша түпкілікті тізбе ҚР Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
4.Нормативтік-құқықтық регламенттеуді күшейту мақсатында қаржыландырылуы Ұлттық қор есебінен көзделген жобалар мемлекеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі – МИЖ) құрамына енгізілді. МИЖ-мен қамтуды кеңейту оларға бюджеттік инвестициялық жобаларға ұқсас сараптама жүргізудің қолданыстағы әдіснамасын таратуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жобаның орындылығы мен тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін жобалардың экономикаға қосқан үлесін бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Есептік деректер негізінде инвестициялық жобаларды сапалы іріктеу шешім қабылдау кезінде субъективтілікті болдырмауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, БК шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобалардың мониторингі күшейтілді, олардың қатарына Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын жобалар кіреді.
Анықтама үшін: Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі:
1) Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты жинау және өңдеуді;
2) Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы есептерді ұсынуды көздейді.
Бұл жобаның тиімсіз іске асырылуына уақтылы ден қоюға және жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
5.Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың нысаналы, заңды және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру мақсатында ҚР Президентінің шешімі бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия құрылды және жұмыс жасайды.
Осылайша, жоғарыда аталған шараларды іске асыру Ұлттық қор активтерін сақтауға, оның ішінде алып қоюды шектеу және Қордың толымдылығын арттыру, сондай-ақ Ұлттық Қорды басқару сапасын арттыру есебінен нысаналы бағдарға қол жеткізуге ықпал етеді
Мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ететін маңызды энергетикалық нысанды жөндеу үшін Ұлттық қордан қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруда. Қаражат бөлінбес бұрын жоба белгіленген критерийлерге сәйкестігіне тексеруден өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидалары 208-22-тармағына сәйкес, инвестициялық бағдарламаның жобасына инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтініш беру кезінде орындалған іс-шаралар енгізілмейді. Қағиданың 208-23 тармағына сәйкес субъектінің инвестициялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының даму басымдықтары мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ескеріле отырып әзірленеді және онда мыналарға:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, жаңа активтерді құруға;
2) энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға;
3) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар көзделеді.
Мысалы, газбен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектісі 2027–2029 жылдары қала аудандарының бірінде газ тарату желілерін реконструкциялауды жоспарлайды, өйткені қолданыстағы құбырлар
30 жылдан астам уақыт пайдаланылып, олардың тозу деңгейі жоғары.
Аталған іс-шара инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш берілген кезде әлі орындалмағандықтан, ол инвестициялық бағдарламаға енгізіледі. Мұндай жобаны іске асыру активтерді жаңартуға, газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған, бұл Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 208-22 және 208-23-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру Қағидаларын (бұдан әрі — Қағида) 3 бабының 208-30 тармағына сәйкес инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мынадай тәсілдермен айқындалады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметке болжамды амортизациялық аударымдардың ең аз үлесі күрделі шығындарды ақшалай қаржыландыруға немесе күрделі шығындарды қаржыландыру мақсатында пайдаланылатын борышқа қызмет көрсетуге қосылады;
2) болжамды жол берілетін пайданың ең аз үлесі күрделі шығындарды ақшалай қаржыландыруға немесе күрделі шығындарды қаржыландыру мақсатында пайдаланылатын борышқа қызмет көрсетуге қосылады.
208-31 тармаққа сәйкес осы Қағидалардың 208-30-тармағында көрсетілген ең аз үлестерді уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынған материалдар негізінде айқындайды. Ең аз үлестер амортизацияның болжамды нормасынан 100%-ға дейінгі деңгейде және болжамды жол берілетін пайдадан 50%-ға дейінгі деңгейде белгіленеді.
Мысалы, газбен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектісі елді мекендердің бірінде газ тарату желілерін жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлайды. Жоба шеңберінде тозығы жеткен газ құбырларын ауыстыру және газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін заманауи жабдықтарды орнату көзделеді.
Аталған жобаны қаржыландыру тарифте көзделген амортизациялық аударымдар мен жол берілетін пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл қаражат күрделі шығындарды қаржыландыруға немесе инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тартылған қарыз қаражатына қызмет көрсетуге бағытталады. Мұндай қаржыландыру тәртібі Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 208-30 және 208-31-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) объектілері - МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдықтар, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.
Заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес, МЖӘ айрықша белгілеріне мыналар: МЖӘ жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.
Дайын ғимаратты (мысалы, «балабақша», «мектеп» және басқа нысаналы мақсатындағы) жеке меншіктен мемлекетке беру МЖӘ жоғарыда көрсетілген белгілеріне сәйкес келмейді.
Осылайша, жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қаражатына салынған жер учаскесін және жеке меншік құқығындағы ғимаратты МЖӘ шеңберінде мемлекеттік меншікке бере алмайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (бұдан әрі – МЖӘ) айрықша белгілеріне мыналар:
1) МЖӘ шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату;
2) МЖӘ жобасын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бес жылдан отыз жылға дейін);
3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің МЖӘ жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
4) МЖӘ жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;
5) МЖӘ жобасын іске асыру үшін жекеше әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады, бұл ретте жекеше әріптестің меншікті қаражатының үлесі МЖӘ жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрауға тиіс;
6) МЖӘ жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.
Осылайша, МЖӘ шеңберіндегі сенімгерлік басқару «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң бойынша Қазақстан Республикасының сенімгерлік басқаруынан мыналармен ерекшеленеді:
- жекеше әріптестің инвестицияларды міндетті салуы,
- 30 жылға дейінгі ұзақ мерзімді қатынастар,
- мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық және/немесе операциялық шығындардың өтемақысы көзделуі мүмкін,
- МЖӘ шартында заңнамада көзделген әртүрлі мәмілелердің элементтері болуы мүмкін.
(мысалы, МЖӘ шартында қызмет көрсету шартының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 16.01.2015 жылғы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгі шартының элементтері көзделуі мүмкін).
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шарты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған әртүрлі шарттардың элементтері қамтылатын шарт болып табылады (мысалы, МЖӘ шарты мердігерлік шартының, қызмет көрсету шартының, шарттардың үлгілік нысандарының элементтерін көздеуі мүмкін).
Сонымен қатар, МЖӘ шарты Заңның 46-бабында көзделген бірқатар міндетті шарттарды қамтуы тиіс (мысалы, МЖӘ жобасының мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ МЖӘ шарты бойынша тәуекелдерді басқару, дауларды сотқа дейінгі, сотта және (немесе) соттан тыс шешу тәртібі бөлігінде).