Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексерудің негіздері:
1) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау;
2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2-1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жоюды бақылау;
3) дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу жөніндегі өтініштері;
4) прокурордың нақты келтірілген фактілер бойынша не адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру қаупі туралы талаптары;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;
5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалу уақыты мен орнын көрсете отырып, дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау және хабарлау;
6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
8) салық төлеушінің жолданымдары, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.
Жоспардан тыс тексерулер жасырын өтініштер болған жағдайда жүргізілмейді.
Мысал: Мемлекеттік органның атына кәсіпкердің жарамдылық мерзімі өткен өнімді өткізу туралы тұтынушының өтініші келіп түсті. Осы өтініштің негізінде бақылау органы баяндалған фактілерді тексеру үшін кәсіпкерлік субъектісін жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1176 «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 30 желтоқсандағы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.
Бағдарлама микро және шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен өңірлерде, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда дамытуға бағытталған, және шикізатты жергілікті өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыру, қосылған құнның тұрақты жергілікті тізбегін қалыптастыратын қолөнер, былғары, сүт және өзге де қолданбалы бағыттарды дамыту жөніндегі шараларды көздейді. Бағдарлама шеңберінде бизнес үшін қаржылық қолдаудың мынадай түрлері көзделген.
Қаржылық шаралар микро және шағын бизнес субъектілерінің, сондай – ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерінің кредиттерін субсидиялау тетігі арқылы іске асырылады. Негізгі параметрлер 200 млн теңгеге дейінгі кредит сомасын, номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 40% субсидиялауды, қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлемені кемінде 12,6% деңгейінде қамтамасыз етуді, субсидиялау мерзімін 3 жылға дейін көздейді, сондай-ақ кәсіпкердің жұмыс орындарын құру және кірістің жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес жыл сайынғы өсуі жөніндегі қарсы міндеттемелері көзделеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және субсидия алуға өтініш берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады.
Инфрақұрылымдық қолдау жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік Үйлестіру кеңестерінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Қолдау бизнесті орналастыру үшін жағдай жасауды, соның ішінде өндірістік үй-жайларды қамтамасыз етуді, инженерлік инфрақұрылымға қосылуды және жер ресурстарымен қамтамасыз етуді қамтиды.
Мысалы: кәсіпкер «Іскер Аймақ» бағдарламасы бойынша өтінім береді, қорытындысы бойынша ең жоғары мерзімі 3 жыл (36 ай) және сомасы бар кемінде 12,6% мөлшерлемемен жеңілдікті кредит алады (200 млн теңге). Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40% құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іске асыратын микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін «Өрлеу» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес, өндірісті жаңғырту және кеңейту ретінде мынадай қаржылық шаралар көрсетіледі:
- 01.12.2025 жылдан ерте емес берілген қарыздарды қайта қаржыландыру.
-Бір шағын және орта бизнес субъектісіне (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру лимитінің ең жоғары сомасы 7 миллиард теңгеден аспауы тиіс.
- Сыйақы мөлшерлемесі (номиналды) жылдық 12,6%.
- Инвестицияларды қаржыландыру мерзімі-120 айдан аспайды;
- Қайта қаржыландыру-қайта қаржыландырылатын берешек мерзімінің қалдығынан аспайды.
- Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең артық емес
Қарыз берілген күннен бастап 24 ай.
- Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең артық емес 12 ай.
- Кепілдік беру бағдарлама шеңберінде қаржыландыруды алған ШОКС жоба / ШОКС мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес келген кезде Мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасына қатысуға өтінім беруге құқылы.
- Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия қарыз/кредиттік желі сомасының 0,5% - нан аспайды;
Қарсы міндеттемелер:
- қолдау алған жылдан кейінгі екі қаржы жылының қорытындысы бойынша әрбір 50 млн теңге кредитке жаңа жұмыс орындарын құру;
- бірінші қаржы жылының қорытындылары бойынша және қаржыландыру мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес табыс пен еңбекақы төлеу қорын міндетті түрде ұлғайту.
Мысалы: А кәсіпкері «Өрлеу» бағдарламасы бойынша өтінім береді. Қарау қорытындысы бойынша ол бизнесті кеңейту және (немесе) жаңғырту мақсатында немесе 2025 жылғы 1 желтоқсаннан ерте емес берілген заемды қайта қаржыландыру үшін ставкасы 12,6%-дан аспайтын, ең ұзақ мерзімі 10 жылға дейінгі және сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі кредитке қол жеткізеді.
Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған «Өрлеу» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп шешімдер мен бұйрықтарына сәйкес негізделеді және іске асырылады (бұдан әрі – Бағдарлама).
Бағдараламаның әлеуетті қатысушылары:
- Жеке кәсіпкерлерлік субъектілері: заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер.
- Орта шағын және микро бизнес: Бағдарлама орта өндірістік қуаттарды жаңғыртуды қоса алғанда ауқымды жобаларға бағытталған.
- Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) резиденттері: кәсіпорын
ҚР аумағында тіркелуі және өз қызметін ел аумағында жүзеге асыруы тиіс.
Әлеуетті қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Нысаналы мақсаты: қызметі экономиканың басым секторларымен (бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібі және өндіріс) байланысты тұлғалар қатысушы бола алады.
- Қаржылық тұрақтылық: салықытық берешектің болмауы және банкроттық мәртебесінің немесе тарату рәсімінің болмауы.
- Жобаның сипаты: Бағдарлама өндірісті жаңғыртуды, қолданыстағы өндірісті кеңейтуді немесе осы мақстатарға алынған қарыздарды қайта қаржыландыруды (бірақ 01.12.2025 жылдан ерте емес).
Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын, қолданыстағы өндірісті кеңейту, жаңғырту немесе бұл мақсаттарға алынған қарызды қайта қаржыландыру (бірақ 01.12.2025 жылдан ерте емес) мақсатында несие алуға өтініш беретін заңды немесе жеке тұлға. Нәтижесінде, 7 млрд теңгеге дейін сомасы бар, 10 жылға дейін мерзімі бар және пайыздық ставкасы 12,6%-дан аспайтын жеңілдетілген несие алады.
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген экономика салаларына рейтингтер беру әдістемесі бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындаған экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша, сондай-ақ экономикалық қызмет түрлерінде өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер субсидиялауға қатысушылар болып табылады уәкілетті органмен келісім бойынша.
«Іскер аймақ» бағдарламасының экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі:
1) Экономикалыық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші
(бұдан әрі – ЭҚЖЖ) 10 тамақ өнімдерін өндіру
2) ЭҚЖЖ 11.06 уыт өндірісі
3) ЭҚЖЖ 11.07 алкогольсіз сусындар, минералдық сусындар өндірісі
су және басқа бөтелкедегі су
4) ЭҚЖЖ 13 тоқыма бұйымдарын өндіру
5) ЭҚЖЖ 14 киім өндірісі
6) ЭҚЖЖ 15 былғары және оған жататын өнімдер өндірісі
7) ЭҚЖЖ 16 жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан жасалған бұйымдар мен тоқуға арналған материалдар өндірісі
8) ЭҚЖЖ 17 қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
9) ЭҚЖЖ 20 химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
10) ЭҚЖЖ 21 негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі
және фармацевтикалық препараттар
11) ЭҚЖЖ 22 резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
12) ЭҚЖЖ 23 өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі *
13) ЭҚЖЖ 24 Металлургиялық өндіріс **
14) ЭҚЖЖ 25 машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру
15) ЭҚЖЖ 26 компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі
16) ЭҚЖЖ 27 электр жабдықтарын өндіру
17) ЭҚЖЖ 31 жиһаз өндірісі
18) ЭҚЖЖ 32 өзге де дайын бұйымдар өндірісі
* тауарлық бетон өндірісін қоспағанда (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды (бұдан әрі – ЭҚЖЖ 23.63);
** шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін қоспағанда (ЭҚЖЖ 24.10), ядролық отынды қайта өңдеу (ЭҚЖЖ 24.46), шойын құю (ЭҚЖЖ 24.51), болат құю (ЭҚЖЖ 24.52).
Мысалы: жеке немесе заңды тұлға (ЭҚЖЖ 16) жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндірумен айналысады; сабаннан жасалған бұйымдар мен тоқуға арналған материалдар өндірісі. Басым салалар тізіміне енгеннен кейін ол қатысуға мүмкіндік алады «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелеу және субсидиялау бағдарламаларында.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 18 бұйрығымен алты айдан астам уақыт бойы бос тұрған жұмыс орындарын қысқартуға бағытталған шаралар қарастырылған. Ұйымдардың жұмыс істеуі оларсыз мүмкін болмайтын лауазымдар мысалы, бірінші басшылар, сондай-ақ жұмыскердің жұмыс орны сақталатын жағдайлар ерекшелік ретінде қаралады. Бұйрық маусымдық және бірегей өндірістік лауазымдарға (мысалы, ядролық физикамен байланысты мамандықтарға) қолданылмайды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 182-1-бабы 6-тармағына сәйкес мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте корпоративтік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында байқау кеңесі құрамының кемінде жартысын тәуелсіз мүшелер болуға тиіс. Тәуелсіз мүшелер серіктестік қызметіне объективті бақылауды қамтамасыз етіп, шешімдердің әділ қабылдануына ықпал етеді.
Мысалы: егер байқау кеңесі 6 мүшеден тұрса, оның кемінде үшеуі тәуелсіз мүше болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1176 «Іскер аймақ» «Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 30 желтоқсандағы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.Бағдарлама микро және шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен өңірлерде, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда дамытуға бағытталған, және шикізатты жергілікті өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыру, қосылған құнның тұрақты жергілікті тізбегін қалыптастыратын қолөнер, былғары, сүт және өзге де қолданбалы бағыттарды дамыту жөніндегі шараларды көздейді. Бағдарлама шеңберінде бизнес үшін қаржылық емес қолдаудың мынадай түрлері көзделген. Қаржылық емес қолдау шаралары кәсіпкерлік тәуекелдерді азайтуға және жобаларды іске асыру сапасын арттыруға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде бизнестің қаржылық және заңдық негіздері, сату және маркетинг, команданы басқару, цифрландыру және қызметтің салалық ерекшеліктері бойынша модульдерді қамтитын "Даму" Қоры платформасында кәсіпкерлерді онлайн-оқыту көзделген. Оқыту кәсіпкерлік қызметтен қол үзбей онлайн-форматта іске асырылады және тестілеумен және сертификат берумен аяқталады.
Мысалы: кәсіпкер "Іскер Аймақ" бағдарламасы бойынша өтінім береді, қорытындысы бойынша ең жоғары мерзімі 3 жыл (36 ай) және сомасы бар кемінде 12,6% мөлшерлемемен жеңілдікті кредит алады (200 млн теңге). Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40% құрайды.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – ТМС) қызметін мемлекеттік реттеу тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес тарифтік смета – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің кірістерінің, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.
Қағидалардың 14-тармағына сәйкес, ТМС тарифті бекітуге арналған өтінімді уәкілетті орган ведомствосына «Монополист» базасы веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, уәкілетті орган ведомствосы ТМС ұсынған тариф пен тарифтік смета жобасын, қоса берілген негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау жүргізу арқылы қарайды және осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес 24-нысан бойынша субъектінің тариф пен тарифтік смета жобаларын қарау нәтижелері туралы қорытынды қалыптастырады.
Сонымен қатар, Қағидалардың 15-тармағына сәйкес тарифтерді бекіту кезінде өтінімге растайтын құжаттардың тізбесі, оның ішінде нормативтік техникалық шығындарға қатысты құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте ТМС кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шығындарды ескере отырып, өтінімдерді дербес қалыптастыратынын атап өтеміз.
Осылайша, ТМС ұсынған өтінімдер табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті орган ведомствосымен қаралады және реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде олардың қолданылу мерзімін көрсете отырып, оларды бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Мысалы: ТМС уәкілетті органға нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер келтіре отырып, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту және өзгерту мәселесімен жүгінеді.
Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 38-тармағына сәйкес (2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211) коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеруге алу кезінде тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді тұтынушы есепті кезеңнің сыртқы ауасының нақты температурасын ескере отырып, бірақ есеп алу қалпына келтірілуі тиіс бір айдан аспайтын мерзім ішінде өткен кезеңдегі жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізеді. Егер коммерциялық есепке алу аспабы көрсетілген мерзімде қалпына келтірілмесе, тұрмыстық тұтынушылар үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасы бойынша, ал жылу энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланбайтын тұтынушылар үшін ең жоғары сағаттық жүктеме бойынша есептеу жолымен жүргізіледі.
Есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу уақытша бұзылған жағдайда есептеу тәртібі (өз бетінше кесу, есепке алу аспабынан пломбаны бұзу, ағып кету және т. б.) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (2019 жылғы 19 қарашадағы № 90) 281-тармағында белгіленген, онда есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу уақытша бұзылған жағдайда, есепке алу уақытша бұзылған кезеңге төлемді есептеу үшін жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну көлемі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және Заңның
10-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасына сәйкес, бірақ есепке алу қалпына келтірілуге тиіс бір айдан аспайтын мерзімде айқындалатыны көзделген.
Бұл жағдайда жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну көлемі жергілікті атқарушы органдар бекіткен есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі тұтыну нормасына сәйкес айқындалады, бірақ ол үшін есепке алу қалпына келтірілуі тиіс бір айдан аспайтын мерзім ішінде айқындалады.
Мысал: Тұтынушы үйге ортақ жылу энергиясы есепке алу құралын салыстырып тексеруге алынған жағдайда және (немесе) жылу энергиясын есепке алу құралы уақытша бұзылған кезде жылу энергиясын есептеу қандай тәртіппен жүргізіледі деген сұрақпен табиғи монополиялар субъектісіне жүгінеді. Бұл ретте тұтынушы есепке алу аспабын алу мақсатын растайтын пломбалау актісін ұсынбаған.