Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі – ҰБО) – көпұлтты кәсіпорындардың жауапты кәсіпкерлік қызмет принциптерін болжамды бұзуына қатысты азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарайтын ерікті, сотқа дейінгі, алқалы механизм.
ҰБО-ның міндеті өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында дау тараптары арасында конструктивті диалог ұйымдастырудан тұрады.
ҰБО жұмыс істеуіне жауапты орган ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі айқындалған. ҰБО Хатшылығының функциялары 2024 жылғы 26 шілдедегі № 196 «Жауапты кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша Ұлттық байланыс орталығының жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа сәйкес «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамына жүктелген. ҰБО-ның негізгі міндеттері қатарына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) басшылық принциптерінің болжамды бұзылуына қатысты өтініштерді қарау, жауапты кәсіпкерлік қызмет саласында ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ мүдделі тараптармен (мысалы, бизнес-қоғамдастық, кәсіптік одақтар, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері) өзара іс-қимыл жасау жатады. Бұған қоса, ҰБО қабылданған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді, оның ішінде трансшекаралық өтініштерді қарау барысында басқа елдердің ұлттық байланыс орталықтарымен ынтымақтасады және ЭЫДҰ басшылық принциптері туралы қоғамдық хабардарлықты арттыруға ықпал етеді.
Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 667 қаулысымен енгізілген редакцияда) реттеледі, ал өтініштерді қарау процесінің ұйымдастырушылық сүйемелдеуін ҰБО Хатшылығы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 196 «Жауапты кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша Ұлттық байланыс орталығының жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес қамтамасыз етеді. Ұлттық байланыс орталығына (бұдан әрі – ҰБО) көпұлтты кәсіпорынның қызметі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) басшылық принциптерін бұзады деп есептейтін жеке немесе заңды тұлға өтініш бере алады.
Өтініш берушілер қатарына кәсіпорын қызметкерлері немесе қызметкерлер тобы, кәсіптік одақтар, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ аталған кәсіпорынның қызметінен зардап шеккен өзге де тұлғалар мен ұйымдар жатуы мүмкін. Өтініштер тегін негізде беріледі.
ҰБО-ға өтініш төрт тәсілдің бірімен берілуі мүмкін.
Бірінші тәсіл – ҰБО Хатшылығының кеңсесіне мына мекенжай бойынша тікелей өтініш беру: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Темірқазық көшесі, 65-үй, «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы.
Екінші тәсіл – өтінішті ҰБО-ның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің веб-сайты арқылы жіберу.
Үшінші тәсіл – өтінішті ҰБО колл-орталығының 99-99-12 телефон нөмірі арқылы беру.
Төртінші тәсіл – өтінішті «e-Otinish» электрондық өтініштер порталы арқылы беру.
Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын көпұлтты кәсіпорынның қызметкері ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарында көзделген еңбек жағдайлары немесе жұмыстан шығару тәртібі бөлігінде оның еңбек құқықтары бұзылды деп есептесе, ол жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен ҰБО Хатшылығына жүгінуге құқылы. Алдын ала бағалаудан өткеннен кейін ҰБО сот инстанцияларына жүгінбестен өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында өтініш беруші мен кәсіпорын арасында консультациялар ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асырудың институционалдық негізін қалыптастырудағы негізгі кезеңдердің бірі болды. Кейіннен ОДМ-ды іске асырудың институционалдық архитектурасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы
№ 167-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкімімен өзектендірілді. Аталған өкімге сәйкес ОДМ жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып айқындалды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ОДМ-ды мемлекеттік саясатқа интеграциялау мәселелері бойынша үйлестіруші орган ретінде белгіленді.
Талдамалық және ұйымдастырушылық қолдауды күшейту мақсатында Үкімет «Экономикалық зерттеулер институты» Акционерлік қоғамыны ОДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы ретінде айқындау туралы шешім қабылдады. Институт базасында мамандандырылған құрылым – ОДМ жөніндегі Хатшылық (бұдан әрі – Хатшылық) қалыптастырылды. Бұл ретте Хатшылық мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарына жауапты мемлекеттік органдарды алмастырмайды. Оның рөлі – ОДМ-ды іске асыру мәселелері бойынша жалпы үйлестірушілік, әдіснамалық, сараптамалық және талдамалық қолдау көрсету. Хатшылық қызметкерлері дамудың қаржыландырылуын бағалау, гендерлік және климаттық қаржыландыру, жобалық басқару және орнықты стратегиялық жоспарлау салаларында сараптамалық құзыреттерге ие.
Мысалы, іс жүзінде Хатшылық Қазақстанның ОДМ бойынша Ерікті ұлттық шолуларын дайындауға, ОДМ-ды мониторингтеу және жергіліктендіру бойынша әдіснамалық тәсілдерді әзірлеуге, оқыту іс-шараларын өткізуге, сондай-ақ елдің ұлттық тәжірибесін халықаралық алаңдарда таныстыруға қатысады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 125 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні, салық заңнамасында белгіленген субъектілердің салықтық есептілікті ұсыну мерзімдерін ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат 2022–2024 жылдардағы орташа жылдық табыс және 2024 жылғы орташа жылдық жұмыскерлер саны негізінде айқындалады және «rsp.gov.kz» порталында орналастырылады (2025 жылғы деректер ескерілмейді).
Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректер Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі арқылы автоматтандырылған режимде өңделеді және жыл сайын 15 желтоқсанға дейін жаңартылады.
Мысал: «Алия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі –«Алия» ЖШС) кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген және IT-қызметтер саласында өз қызметін жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектісінің санатын (микро, шағын, орта немесе ірі бизнес) айқындау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады: 2022–2024 жылдардағы орташа жылдық табыс және 2024 жылғы жұмыскерлердің орташа жылдық саны.
Салықтық есептілік деректері бойынша: «Алия» ЖШС-ның 2022–2024 жылдардағы орташа жылдық табысы 180 млн теңгені құрады, ал 2024 жылғы жұмыскерлердің орташа жылдық саны 18 адамды құрады.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабында және оған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген критерийлерге сәйкес, көрсетілген көрсеткіштер негізінде бұл субъект шағын кәсіпкерлік санатына жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді өзгерту мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасау негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен тіркеу органдарының (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы) деректері негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша) өзгерген жағдайда, тіркеу деректеріне белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістер енгізіледі, одан кейін мәліметтер Тізілімде автоматты түрде жаңартылады.
Субъектінің белгілі бір санатпен келіспеуі бойынша жүгінген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті органға жеке өтініш беру талап етілмейді.
Мысал: «Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Батыс» ЖШС) шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген және тіркелген сәттен бастап бөлшек сауда саласында қызметін жүзеге асырып келген (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 47.19 — «Мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек сауда»).
Бизнес бағытының өзгеруіне байланысты «Батыс» ЖШС бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық технологияларды әзірлеу саласында қызметін жүзеге асыру туралы шешім қабылдады (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші 62.01 — «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу»). Осы мақсатта кәсіпкерлік субъектісі:
1.Заңды тұлғаның тіркеу деректеріне салық органдары арқылы өзгерістер енгізді;
2.Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің өзгеруі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ақпараттық жүйелеріне берілді;
3.Ақпарат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетін қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне автоматты түрде түсті;
4.Мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміндегі мәліметтер автоматты түрде жаңартылды;
Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізуге уәкілетті органға қосымша жүгіну немесе жеке өтініш беру талап етілмеді
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен
(бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі. ӘКСТ-ке енгізілу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға әлеуметтік кәсіпкерлік критерийлеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді. Өтініштерді қарау жергілікті атқарушы орган жанындағы арнайы комиссия арқылы жүзеге асырылады. Комиссия ұсынылған құжаттарды (өтінішті, кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес бекітілген нысандарды) қарап, өтініш берушінің заңнамада белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексереді. Қарау нәтижелері бойынша комиссия тізілімге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы орган ӘКСТ-не енгізу үшін арнайы комиссия ұсынған дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. ӘКСТ Қағидаларда белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен жаңартылып, өзектілендіріліп отырады.
Мысал: «Қамқор» жеке кәсіпкер (бұдан әрі – «Қамқор» ЖК) тоқыма өнімдерін өндіру қызметін жүзеге асырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтиды. Кәсіпорындағы қызметкерлердің 60 %-дан астамын мүгедектігі бар адамдар құрайды, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік кәсіпкерлік критерийлеріне сәйкес келеді. ӘКСТ енгізілу үшін «Қамқор» ЖК келесі әрекеттерді орындайды:
- тіркелген орны бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) өтініш береді;
- әлеуметтік кәсіпкерлік критерийлеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды, оның ішінде қызметкерлер туралы мәліметтерді, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды растайтын құжаттарды, сондай-ақ ӘКСТ жүргізу қағидаларында көзделген нысандар мен өзге де құжаттарды қоса береді.
Жергілікті атқарушы орган жанындағы арнайы комиссия ұсынылған құжаттарды қарап, «Қамқор» ЖК белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексереді. Оң шешім қабылданған жағдайда комиссия «Қамқор» ЖК ӘКСТ-не енгізуді ұсынады. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған мәліметтер мен ұсынылған субъектілер тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. Келіп түскен материалдар қаралып, өңделгеннен кейін «Қамқор» ЖК туралы мәліметтер ӘКСТ енгізіледі. ӘКСТ-ке енгізілгеннен кейін «Қамқор» ЖК әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін алады және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін заңнамада көзделген мемлекеттік қолдау шараларына үміткер бола алады.
Егер ұсынылған құжаттар белгіленген критерийлерге сәйкестікті растамаса, арнайы комиссия ӘКСТ енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және бас тарту себептерін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексерудің негіздері:
1) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау;
2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2-1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтарды жоюды бақылау;
3) дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу жөніндегі өтініштері;
4) прокурордың нақты келтірілген фактілер бойынша не адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру қаупі туралы талаптары;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;
5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалу уақыты мен орнын көрсете отырып, дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау және хабарлау;
6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
8) салық төлеушінің жолданымдары, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.
Жоспардан тыс тексерулер жасырын өтініштер болған жағдайда жүргізілмейді.
Мысал: Мемлекеттік органның атына кәсіпкердің жарамдылық мерзімі өткен өнімді өткізу туралы тұтынушының өтініші келіп түсті. Осы өтініштің негізінде бақылау органы баяндалған фактілерді тексеру үшін кәсіпкерлік субъектісін жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1176 «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 30 желтоқсандағы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.
Бағдарлама микро және шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен өңірлерде, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда дамытуға бағытталған, және шикізатты жергілікті өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыру, қосылған құнның тұрақты жергілікті тізбегін қалыптастыратын қолөнер, былғары, сүт және өзге де қолданбалы бағыттарды дамыту жөніндегі шараларды көздейді. Бағдарлама шеңберінде бизнес үшін қаржылық қолдаудың мынадай түрлері көзделген.
Қаржылық шаралар микро және шағын бизнес субъектілерінің, сондай – ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерінің кредиттерін субсидиялау тетігі арқылы іске асырылады. Негізгі параметрлер 200 млн теңгеге дейінгі кредит сомасын, номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 40% субсидиялауды, қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлемені кемінде 12,6% деңгейінде қамтамасыз етуді, субсидиялау мерзімін 3 жылға дейін көздейді, сондай-ақ кәсіпкердің жұмыс орындарын құру және кірістің жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес жыл сайынғы өсуі жөніндегі қарсы міндеттемелері көзделеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және субсидия алуға өтініш берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады.
Инфрақұрылымдық қолдау жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік Үйлестіру кеңестерінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Қолдау бизнесті орналастыру үшін жағдай жасауды, соның ішінде өндірістік үй-жайларды қамтамасыз етуді, инженерлік инфрақұрылымға қосылуды және жер ресурстарымен қамтамасыз етуді қамтиды.
Мысалы: кәсіпкер «Іскер Аймақ» бағдарламасы бойынша өтінім береді, қорытындысы бойынша ең жоғары мерзімі 3 жыл (36 ай) және сомасы бар кемінде 12,6% мөлшерлемемен жеңілдікті кредит алады (200 млн теңге). Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40% құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іске асыратын микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін «Өрлеу» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес, өндірісті жаңғырту және кеңейту ретінде мынадай қаржылық шаралар көрсетіледі:
- 01.12.2025 жылдан ерте емес берілген қарыздарды қайта қаржыландыру.
-Бір шағын және орта бизнес субъектісіне (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру лимитінің ең жоғары сомасы 7 миллиард теңгеден аспауы тиіс.
- Сыйақы мөлшерлемесі (номиналды) жылдық 12,6%.
- Инвестицияларды қаржыландыру мерзімі-120 айдан аспайды;
- Қайта қаржыландыру-қайта қаржыландырылатын берешек мерзімінің қалдығынан аспайды.
- Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең артық емес
Қарыз берілген күннен бастап 24 ай.
- Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең артық емес 12 ай.
- Кепілдік беру бағдарлама шеңберінде қаржыландыруды алған ШОКС жоба / ШОКС мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес келген кезде Мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасына қатысуға өтінім беруге құқылы.
- Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия қарыз/кредиттік желі сомасының 0,5% - нан аспайды;
Қарсы міндеттемелер:
- қолдау алған жылдан кейінгі екі қаржы жылының қорытындысы бойынша әрбір 50 млн теңге кредитке жаңа жұмыс орындарын құру;
- бірінші қаржы жылының қорытындылары бойынша және қаржыландыру мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес табыс пен еңбекақы төлеу қорын міндетті түрде ұлғайту.
Мысалы: А кәсіпкері «Өрлеу» бағдарламасы бойынша өтінім береді. Қарау қорытындысы бойынша ол бизнесті кеңейту және (немесе) жаңғырту мақсатында немесе 2025 жылғы 1 желтоқсаннан ерте емес берілген заемды қайта қаржыландыру үшін ставкасы 12,6%-дан аспайтын, ең ұзақ мерзімі 10 жылға дейінгі және сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі кредитке қол жеткізеді.
Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған «Өрлеу» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп шешімдер мен бұйрықтарына сәйкес негізделеді және іске асырылады (бұдан әрі – Бағдарлама).
Бағдараламаның әлеуетті қатысушылары:
- Жеке кәсіпкерлерлік субъектілері: заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер.
- Орта шағын және микро бизнес: Бағдарлама орта өндірістік қуаттарды жаңғыртуды қоса алғанда ауқымды жобаларға бағытталған.
- Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) резиденттері: кәсіпорын
ҚР аумағында тіркелуі және өз қызметін ел аумағында жүзеге асыруы тиіс.
Әлеуетті қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Нысаналы мақсаты: қызметі экономиканың басым секторларымен (бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібі және өндіріс) байланысты тұлғалар қатысушы бола алады.
- Қаржылық тұрақтылық: салықытық берешектің болмауы және банкроттық мәртебесінің немесе тарату рәсімінің болмауы.
- Жобаның сипаты: Бағдарлама өндірісті жаңғыртуды, қолданыстағы өндірісті кеңейтуді немесе осы мақстатарға алынған қарыздарды қайта қаржыландыруды (бірақ 01.12.2025 жылдан ерте емес).
Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын, қолданыстағы өндірісті кеңейту, жаңғырту немесе бұл мақсаттарға алынған қарызды қайта қаржыландыру (бірақ 01.12.2025 жылдан ерте емес) мақсатында несие алуға өтініш беретін заңды немесе жеке тұлға. Нәтижесінде, 7 млрд теңгеге дейін сомасы бар, 10 жылға дейін мерзімі бар және пайыздық ставкасы 12,6%-дан аспайтын жеңілдетілген несие алады.