Жиі қойылатын сұрақтар
Субсидиялау экономиканың басым секторлары шеңберінде шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жүзеге асырылады. Шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 13,2%, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мөлшерлеме бойынша жылдық 12,2% құрайды. Несиелеу мерзімі-субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жыл. Ең жоғары сома 200 миллион теңгеге дейін.
Инвестициялық жобалар бойынша қарсы міндеттемелер: мемлекеттік қолдау шараларын ұсынған сәттен бастап 2 қаржы жылынан кейін салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) және жұмыс орындарын 10%-ға ұлғайту. Субсидиялау құралы бойынша қаржылық қолдау операторы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 3-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражаты – бұл ақша және мемлекеттің өзге де активтері, олардың мемлекеттік меншікке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетіледі. Сондай-ақ, Кодекстің
5-бабының 22) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын алушыларға сыйақы алу мақсатында, оның ішінде шетелде депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына бюджет қаражатын орналастыруға тікелей тыйым салынады.
Сонымен бірге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақылы қызмет көрсетуден алған қаражаты бюджет қаражаты ұғымына жатпайды, өйткені бұл қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бюджетте көрсетілмейді және бюджет қаражатына қолданылатын бюджеттік нормалармен реттелмейді.
Өз кезегінде, олар бюджеттен тыс қаражатқа жатады және оларды депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыру мемлекеттік қазынашылықпен келісуді талап етпейді және кірісті республикалық бюджетке аудару міндеттемесіз жүзеге асырылады, себебі бұл қаражат квазимемлекеттік сектор субъектісінің жеке шаруашылық қызметі есебінен қалыптасады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақылы қызмет көрсетуден алған жеке кірістері квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражаты ұғымына жатпайды.
Осылайша, Кодекстің бюджет қаражатын сыйақы алу мақсатында депозиттерге орналастыруға тыйым салуға қатысты ұғымдары ақылы қызметтерден немесе басқа да шаруашылық қызметтен алынған қаражатқа қолданылмайды.
Мысалы: Білім беру ұйымы (университет, колледж) ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден табыс тапты. Жоғарыда баяндалғандай, бұл табыс бюджеттік қаражаттардың анықтамасына жатпайды, себебі бұл қаражаттар ұйымның жеке шаруашылық қызметі арқылы қалыптасады.
Бүгінгі күні кәсіпкерлер субсидиялар, кепілдіқ беру, гранттық қаржыландырі және жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын ала алады (мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген).
Субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды іске асыру, айналым қаражатын толықтыру үшін қаржы институты беретін жаңа қаржы құралдары бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпкердің экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша тіркелген жерін есепке алмай, экономикалық қызметтің басым түрлерінде өз жобаларын іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер субсидиялауға қатысушылар болып табылады. Соңғы қарыз алушы үшін кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме 13,2% құрайды (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кірген әлеуметтік кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме-12,2% құрайды), кредит сомасы 200 миллион теңгеге дейін (мысалы: кәсіпкер Банкке кредит алу үшін жылдық 22% - бен жүгінеді. Субсидиялау құралының арқасында ставканың бір бөлігін мемлекет өтейді, ставканың қалған бөлігін кәсіпкер төлейді);
Кепілдік беру: Мемлекет басшысының 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтылған тапсырмасына сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Ақционерліқ қоғамы (бұдан әрі- Даму) Қорының базасында екі кепілдік қоры құрылды: шағын және орта кәсіпкерлік және ірі инвестициялық жобалар үшін.
Шағын және орта бизнеске арналған кепілдік қоры (бұдан әрі - Кепілдік қоры 1) қаржыландыру көлемі 7 миллиард теңгеге дейінгі жобаларды қамтиды. Ол жеткілікті кепілі жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған және мемлекеттік қаражатқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.
Ірі инвестициялық жобаларға арналған кепілдік қоры (бұдан әрі - Кепілдік қоры 2) банктердің өтімділігін тарту есебінен қаржыландыруға қолжетімділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Ол 7 миллиард теңгеден басталатын жобаларды қамтиды, бұл кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мәселесін шешуге көмектеседі (мысалы: егер кәсіпкер несиені қамтамасыз ету үшін кепілді мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, Даму 85%-ға дейін кепілдік бере алады).
Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу: инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы жетіспейтін инфрақұрылымды шағын және орта бизнес объектісіне жеткізуді көздейді, объектінің құрылысын өзі қаржыландырмайды. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары (мысалы: кәсіпкер құрылыс материалдарының шағын өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Негізгі проблема-бұл жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген өндіріс орны (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау қажет). Бұл жағдайда кәсіпкер жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органға жүгіне алады.
Гранттық қаржыландыру: «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік гранттар беруге конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады. Бұл ретте кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің оны іске асыруға берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті ақшалай қаражатпен қоса қаржыландыруы;
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) Жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы. (мысалы: кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін гранттар беру жөніндегі конкурсқа қатысуға, өндірісті іске қосу немесе кеңейту үшін жабдықтар сатып алуға өтінім береді. Грант өтеусіз, бірақ жаңа жұмыс орындарын құру шартымен).
Толық ақпарат алу, құжаттарды дайындау және жинау үшін кәсіпкерлер өңірлік кәсіпкерлік басқармасына, Даму, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.
Кодекстің 152-бабының 1-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы:
1) Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) тексеру арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама.
Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) (бұдан әрі – Қағида) жүргізу және пайдалану қағидаларының (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығы) 6-тармағына сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға мынадай ақпаратты ұсынады:
1) алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі жиынтық жылдық кіріс мөлшері туралы деректер (оның ішінде арнаулы салық режимі бойынша жұмыс істейтін субъектілер бойынша);
2) алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі жұмыскерлердің саны туралы деректер.
Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау ҚР Кәсіпкерлік кодекс (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабында көрсетілген өлшемшарттарға және олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ ҚР Үкіметі бекітетін Қызметкерлердің орташа жылдық санын және кәсіпкерлік субъектілерінің орташа жылдық табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, бүгінгі таңда «Электрондық лицензиялау» порталындағы кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат 2021-2023 жылдардағы кірістер және 2023 жылы жұмыскерлердің саны туралы деректер негізінде қарастырылған (2024 жылды қоспағанда).
Көрсетілген ақпарат кәсіпкерлік субъектілері салық заңнамасына сәйкес салық органдарына ұсынған салық есептілігінің деректері негізінде қалыптастырылады.
Кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер Тізіліммен автоматандырылған режимде өңделеді және жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде жаңартылады.
Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41-бабының 1 және 2-тармақтарында бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысының және бюджеттік бағдарлама басшысының бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және (немесе) тиімсіз пайдаланылғаны үшін жауапкершілігі көзделген.
Кодекстің 5-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және олардың нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты, өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкес айқындалатын мемлекеттік орган.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы – осы органға бекітілген тұтастай барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлауға, бөлуге және орындауға толық жауапты мемлекеттік органның немесе мекеменің жоғары лауазымды тұлғасы.
Бұл ретте, мемлекеттік органның немесе мекеменің ішінде қандай да бір бюджеттік бағдарлама бойынша міндеттердің орындалуын үйлестіретін жауапты лауазымды адамдар бар.
Осылайша, бюджеттік бағдарламаның басшысы – бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын, сондай-ақ бюджеттік рәсімдер мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы.
Бұл лауазымды тұлға бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін қаражатты жоспарлаумен, сондай-ақ оның орындалуын және іске асырылу мониторингін қамтамасыз етумен айналысады.
Басқаша айтқанда, әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарламаның басшысы – бюджеттік бағдарламаны жоспарлауды және орындауды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы бекітіледі.
Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламаның басшысын тағайындау мемлекеттік органның немесе мекеменің бірінші басшысы арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және тиімсіз пайдаланылғанына не жатады сұраққа қатысты
Кодекстің 41-бабының 1-тармағына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және/немесе тиімсіз пайдаланғаны үшін:
- бекітілген заттай нормалардан асып кетуден;
- ҚР бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (инвестициялық ұсыныстың, ТЭН, ҚЭН, ЖСҚ) және/немесе олар бойынша тиісті органдар және/немесе ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының, сараптамаларының) болмауы;
- егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, тиісті ББӘ балансында есепте тұрмаған объектілерді күтіп-ұстауға бюджет қаражатын жұмсау;
- егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілмеген объектілерді күтіп-ұстауға бюджет қаражатын жұмсау;
- мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудан экономикалық тиімділік болмаған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (100 АЕК) 234-1-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына айыппұл салу көзделген.
Яғни, Кодексте тиімсіз жоспарлау тиімсіз пайдалануға әкелген жағдайларда бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және/немесе тиімсіз пайдалану үшін жауапкершілік көзделген.
Бұдан басқа, Кодексте бюджеттік бағдарламалар басшыларының бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеуінен, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалуы үшін жауапкершілігі көзделген.
Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында пайдаланылатын бюджет қаражатының сапалық сипаттамасын көрсететін түпкілікті нәтижелер көзделеді.
Бұл ретте аудиторлық іс-шараны өткізу кезінде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу нақты нәтижелермен салыстырылады.
Басқаша айтқанда, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалуы – бұл бюджеттік қаражат толық көлемде игерілгенімен, түпкілікті нәтиженің қол жеткізілмеген кезде.
Сізге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, кезекке қою немесе қоймау мәселесін қарау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы толық құжаттармен электрондық форматта хабарласуды ұсынамыз.
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрық) сәйкес маманның жұмыс жасайтын ұйымның меншік нысаны реттелмеген.
Осыған байланысты, жеке ұйымдарда жұмыс істейтін мамандар әлеуметтік қолдау шараларын алуға өтінім бере алады.
2020 жылғы 30 қыркүйекте «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданды.
Көрсетілген Қағидаларға сәйкес 2020 жылғы 17 қазаннан (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң) кейін жұмысқа орналасқан ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері әлеуметтік қолдау шараларын алуға құқылы.
Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, өтінішті уақтылы бермеген немесе қаржыландырудың болмауы себебінен әлеуметтік қолдау шараларын ала алмаған білікті сала мамандары (мамандандырылған салалық дәрігерлер, шет тілдері мұғалімдері). Осы норманы енгізгенге дейін Қағидаларда мұндай мүмкіндік болмады және әлеуметтік қолдау шараларын жылдың басында өтініш берген мамандар ғана алды.
Алайда, бұл тізбеге ағымдағы жағдайға қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін (қосымша ақша бөлу, басқа мамандардан бас тарту және т.б.).