Жиі қойылатын сұрақтар
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 635-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығы), сыйлықақыға және жұмыстың қорытындысы бойынша жалақыға берілетін басқа да сыйақы түрлерiне, ұжымдық шарттың талаптарын орындауға арналған шығыстар субъект тарифінің шығындық бөлігіне енгізілмейді және мынадай көздер:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметтен алынған кіріс;
2) әкімшілік және өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстарын үнемдеу;
3) анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету немесе ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдерін субъектіге байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде пайда болған, іс-шаралар орындалған жағдайда бекітілген инвестициялық бағдарламада және бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігі есебінен жүзеге асырылады.
Мысал: Мұнай мен газды тасымалдау жөніндегі компания жыл қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйақы төлегісі келеді. Бұл ақшаны тарифке қосуға болмайды, сондықтан олар мынадай көздерден алынады:
Коммерциялық табыс: Компания өзінің арнайы техникасын жалға берді немесе біреудің жеке газ құбырына диагностика жүргізді. Осыдан түскен ақша реттелмейтін қызметтен түскен кіріс болып саналады және сыйақыларға жұмсалады.
Жалақыны үнемдеу: Станциялардағы бірнеше бос жұмыс орны ұзақ уақыт бойы бос болды, соның есебінен ақша қалдығы түзілді. Бұл еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болып саналады.
Сатып алулар мен ресурстарды үнемдеу: Құбырды жөндеуге тендер өткізу кезінде ысырмалардың бағасын төмендетуге мүмкіндік туды, ал жаңа үнемді жабдықтарды орнату есебінен электр энергиясының шығыны азайды. Үнемделген айырмашылық смета бойынша шығындардың пайдаланылмаған бөлігі болып саналады.
Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығының күші жойылды.
Сонымен бірге көрсетілген бұйрықтың орнына «Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы»
(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) 2025 жылғы 28 маусымдағы
№ 59 бұйрығы қолданылуда, оның шеңберінде инвестициялық жобаларды әзірлеу, түзету және қажетті сараптамаларды жүргізу, оның ішінде мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бөлігіндегі мәселелер регламенттелген (Қағидалардың 12-параграфы).
Мысалы, 2026 жылы мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезінде Министрліктің 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығының нормаларын басшылыққа алу қажет.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның
(бұдан әрі – Заң) 49-бабына сәйкес мынадай талаптар сақталған кезде тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының мерзімін өзгертуге жол беріледі:
1) мұндай өзгерістер нәтижесінде МЖӘ жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштерін жақсарту;
2) МЖӘ шартында көзделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпеу;
3) жекеше әріптестің МЖӘ шартының қолданылу мерзімін ұзарту жүзеге асырылатын кезеңде инвестициялар енгізуі (Мысалы, МЖӘ шартына енгізілетін өзгерістер шарт қолданысының ұзартылған мерзімі ішінде жекеше әріптес жаңа жабдықты өз қаражаты есебінен сатып алуды жүзеге асырады деп болжайды);
4) мемлекеттік міндеттемелер өзгерген жағдайда бюджет комиссиясының шешімі;
5) сараптамалардың оң қорытындылары және мұндай өзгерістерді тиісінше сараптаманы және конкурстық құжаттаманы және МЖӘ шартының жобасын келісуді жүзеге асырған барлық органдардың, өзге
де мүдделі органдардың өз құзыреті мәселелері бойынша келісуі,
сондай-ақ монополияға қарсы органның мұндай өзгерістерді бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде келісуі.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 49-бабының 5-тармағына сәйкес Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының елеулі талаптары (Мысалы, МЖӘ жобасын қаржыландыру мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ инвестициялардың мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары; шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда олардың түрлері, көлемдері, ұсыну мерзімдері мен шарттары; МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі) сараптамалардың оң қорытындылары болған және өзгерістер тиісінше конкурстық құжаттаманы және МЖӘ шартының жобасын сараптауды және келісуді жүзеге асырған барлық органмен, олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша өзге де мүдделі органдармен келісілген жағдайда ғана, сондай-ақ монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде осындай өзгерістерді келіскен жағдайда өзгертілуі мүмкін.
Осылайша, МЖӘ шартының елеулі талаптары өзгерген кезде монополияға қарсы органның келісімін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысын алу үшін құжаттар экономикалық сараптамаға жіберілгенге дейін алу қажет.
Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығы) 2 тармағының 21) тармақшасына сәйкес жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі – жылу желісінде айналатын су тек жылу жеткізгіш ретінде ғана қолданылатын және желіден алынбайтын жылумен жабдықтаудың су жүйесі. Ыстық сумен жабдықтау жылу желісінен тәуелсіз сужылытқыш арқылы қамтамасыз етіледі.
Мысалы, «Астана-Теплотранзит» ЖШС жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі жағдайында Астана қаласында жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу қызметтерін көрсетеді.
Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығы) 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі – желілік су жылу желісінен ыстық суды бұру арқылы тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау үшін тікелей пайдаланылатын жылумен жабдықтаудың су жүйесі.
Мысалы, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі жағдайында Қарағанды қаласында жылу энергиясын беру, тарату және өткізу қызметтерін көрсетеді.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес индекстеу әдісі қолданылатын тарифті қуаты аз табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифті уәкілетті орган айқындайтын деңгейден асырмай индекстеу жолымен жыл сайын белгілейді. Тарифті индекстеу деңгейі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму өлшемдері ескеріле отырып, жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей айқындалады.
Мысалы, «Шералиев О.Н.» ДК үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 30-ОД бұйрығымен 2026 жылғы 1 мамырдан бастап жылу энергиясын өндіру, беру, тарату, өткізу және тұтынушыларды онымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге индекстеу әдісі бойынша тариф бекітілді.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес, қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның (Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық органдары) қарауына қатысады.
Осылайша, есептерге қатысты ескертулер болған жағдайда, қоғамдық бірлестіктер оларды Табиғи монополияларды реттеу комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жазбаша нысанда жібере алады.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, тұтынушыда есепке алу аспабы болуға міндетті. Осылайша, сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылар үшін суды есептеу аспабын орнату су ресурстарын бақылауға және үнемдеуге, сондай-ақ суды есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне дұрыс есеп айырысу жүргізуге мүмкіндік беретін міндет болып табылады.
Мысалы, тұтынушыда суды есептеу аспабы болмаған жағдайда, тұтынушы есептеу аспабын орнату бойынша шаралар қабылдауы қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (бұдан әрі – ЭЫДҰ) «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге келісім берілді.
ЭЫДҰ – экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында 38 мемлекетті біріктіретін халықаралық ұйым. ЭЫДҰ-ның Жаһандық байланыстар бағдарламасы ұйымның стандарттары мен озық тәжірибелерін серіктес елдерде таратуға және практикалық қолдануға, сондай-ақ мемлекеттік саясат мәселелері бойынша диалог алаңын қалыптастыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының құралы болып табылады.
Ұйым елдерге экономика, сауда, салық салу, білім беру, экология және мемлекеттік басқару салаларында ортақ стандарттар мен ұсынымдар әзірлеуге жәрдемдеседі. ЭЫДҰ сондай-ақ статистика жинайды, әлемдік экономикалық үрдістерді талдайды және реформалар жүргізуге қатысты ұсынымдар дайындайды.
Қазақстан ЭЫДҰ-мен 2008 жылдан бастап Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы шеңберінде ынтымақтасып келеді. 2015 жылы Ынтымақтастық бойынша елдік бағдарлама да қол қойылды. Аталған екіжақты құрал тиісті мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, салық салу, бәсекелестік саясаты және іскерлік ортаны дамыту, сондай-ақ статистика салаларында ЭЫДҰ халықаралық тәжірибесі мен стандарттарын Қазақстанның мемлекеттік саясатына енгізуге бағытталған болатын. Аталған келісім Қазақстанның ЭЫДҰ қызметіне қатысу форматын кеңейтіп, ұйымның сараптамалық ресурстары мен тақырыптық бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Мысалы, ЭЫДҰ сарапшылары өзекті мәселелер бойынша тәжірибе мен білімімен бөлісетін әртүрлі семинарлар, вебинарлар және отырыстар өткізілуде. Елдік бағдарлама аяқталғаннан кейін өзара іс-қимыл Өзара түсіністік туралы меморандум негізінде жалғасуда. Ынтымақтастықты үйлестіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады, ал талдамалық қолдауды «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы көрсетеді.