Жиі қойылатын сұрақтар
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабына сәйкес Директорлар кеңесінің комитеттері аса маңызды мәселелерді қарау және Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
Негізгі бағыттарға стратегиялық жоспарлау, кадрлар және сыйақылар, ішкі аудит және әлеуметтік мәселелер жатады. Комитеттер Директорлар кеңесінің мүшелері мен тиісті кәсіби білімі бар сарапшылардан тұрады.
Бұл ретте атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды, ал ішкі аудит жөніндегі комитет тек Директорлар кеңесінің мүшелерінен тұруға тиіс.
Мысал: Егер Директорлар кеңесі қоғамның даму стратегиясын бекіту мәселесін қарайтын болса, бұл мәселені алдын ала Стратегиялық жоспарлау комитеті қарауы мүмкін. Комитет мәселені талдап, ұсыным дайындайды, ал түпкілікті шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 56 «Елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу қағидаларын және елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Өңірлік стандарттар жүйесінің (бұдан әрі – ӨСЖ) мониторингі деректерді орталықтандырылған жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалана отырып, жыл сайын жүзеге асырылады.
Қағиаданың 4-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті атқарушы органдары елді мекендер бойынша тиісті деректерді жинауды және жинақтауды қамтамасыз етеді.
Осылайша, Қағидаларда ӨСЖ деректерін орталықтандырылған мониторингтеуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы цифрлық жинаудың, өңдеудің және ұсынудың бірыңғай тәртібі белгіленген.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті атқарушы органдары елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ӨСЖ мониторингін жүргізу шеңберінде тиісті ақпараттық жүйелерді таңдау бойынша жұмысты дербес жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыретке ие.
Тиісінше, жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тиісті ақпараттық жүйеге қосылу туралы шешімді дербес қабылдайды.
Сонымен қатар, ӨСЖ әзірлеу және мониторинг жүргізу қағидаларында ӨСЖ деректерін жинау және өңдеу жүзеге асырылатын автоматтандырылған жүйенің түріне қатысты шектеулер көзделмегенін атап өткен жөн.
Мысал:
- Әкімдік қажеттілікті айқындайды — мысалы, ӨСЖ деректерін жинау, өңдеу, сақтау және визуализациялау үшін ақпараттық жүйені енгізу қажет.
- Техникалық ерекшелік әзірленеді: жүйенің функционалы, пайдаланушылар саны, ақпаратты қорғауға, интеграцияға, сүйемелдеуге және т.б. қойылатын талаптар айқындалады.
- Жергілікті бюджетте тиісті қаражат көзделеді. Әкімдік мемлекеттік сатып алу веб-порталында тиісті қызметті/жұмысты сатып алу туралы хабарландыру орналастырады.
- Әлеуетті өнім берушілер өтінімдерін береді. Рәсімнің нәтижелері бойынша өнім беруші айқындалып, онымен шарт жасалады.
- Өнім беруші жүйені енгізеді, әкімдік нәтижені қабылдайды және одан әрі ӨСЖ деректерін жинау мен өңдеу үшін жүйені пайдаланады.
«Ауыл аманаты» жобасы (бұдан әрі – Жоба) бюджеттік микрокредиттер беру арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның мақсаты – азаматтарды агробизнеске тарту және ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кәсіпкерлікті қолдау.
Микрокредиттер берудің негізгі шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығымен бекітілген ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттеу және лизинг қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген.
Қағиданың 9-тармағына сәйкес микрокредиттеу мен лизинг жергілікті атқарушы орган айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жүзеге асырылады. Микрокредиттер жылдық 2,5 % мөлшерлемемен, ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлері үшін 5 жылға дейін, ал ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте микрокредиттің ең жоғары сомасы жеке жобалар үшін 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал кооперативтерді дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары үшін 8 000 айлық есептік көрсеткішке дейін құрайды.
Лизинг 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5 % номиналды сыйақы мөлшерлемесімен, лизинг нысанының (техника мен жабдықтың) ең жоғары құны 8 000 айлық есептік көрсеткішке дейін болған жағдайда беріледі.
Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттеу мен лизингтің басым бағыттары ауыл шаруашылығына жатпайтын жобаларды қоспағанда, скрининг негізінде жүзеге асырылады.
Жобаға қатысу үшін жобаны іске асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет. Бизнес-идея қаралып, оның басым бағыттарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін өтініш беруші қажетті құжаттар мен бизнес-жоспарды әзірлеп, ұсынады.
Мысал: ауылдық елді мекеннің тұрғыны мал бордақылау бойынша шағын ферма ашқысы келеді.
- Азамат жобаны іске асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінеді. Онда жүргізілген скрининг нәтижелері бойынша жобаның басым бағыттарға сәйкестігі айқындалады.
- Жоба басым бағыттарға сәйкес келген жағдайда, азамат Бағдарлама қағидаларында белгіленген тәртіппен цифрлық платформа арқылы өтініш-сауалнама және қажетті құжаттарды қоса бере отырып, құжаттар топтамасын ұсынады.
- Ұсынылған құжаттарды сенім білдірілген өкіл (агент) қарайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда өтініш берушімен микрокредит беру туралы шарт жасалады. - Бұдан кейін ауыл шаруашылығы саласындағы жобаны іске асыру үшін азаматқа жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге микрокредит беріледі.
- Микрокредит алушы ақшалай қаражатты нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.
- Микрокредит алған күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей микрокредит алушы қаражаттың нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжаттарды ұсынады.
Жобаны іске асыру өз ісін дамытуға, табыс табуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес бағалау Директорлар кеңесінің және оның жеке мүшелерінің кәсібилігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады және ол директорлар кеңесінің жаңа және жұмыс істеп жүрген мүшелері үшін лауазымға кіріспе мен оқытудың тиімді және тиісті бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі Бағалау тәуелсіз директорлар үшін де, акционерлердің өкілдері (жалғыз акционер) үшін де, Директорлар кеңесінің құрамына атқарушы органның басшысы енгізілген жағдайда да жүргізіледі.
Мысалы: Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар Кодекске сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді, сондай-ақ нәтижелері акционерлік қоғамдардың интернет-ресурсында орналастырылатын корпоративтік басқаруды тәуелсіз бағалауды кемінде үш жылда бір рет жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66 және 87-баптарына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 16-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мүлікке басқаруды жүзеге асырады және мемлекеттік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.
Республикалық деңгейде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі Ұлттық баяндама қалыптастырылады.
Депутаттардың бастамасы негізінде коммуналдық мүлікті жекешелендіру мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы норма енгізілген. Мысалы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жыл сайын мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі Құрылтайға ұсынылатын Ұлттық баяндаманы әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 124-тармағына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптестер мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) веб-порталы арқылы электрондық нысанда енгізілген конкурстық өтінімді қағаз нұсқасында қайталауға міндетті емес.
Бұл ретте конкурстық өтінім және оған қоса берілетін құжаттар конкурстық құжаттамада көрсетілген ашу күні мен уақытына дейін ашылуға жатпайды.
Бұдан басқа, Қағидаларға сәйкес конкурстық өтінімдерді ашу, конкурстық өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды қарау рәсімі МЖӘ веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, ал тиісті хаттамалар (Мысалы, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы, конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы, конкурс қорытындылары туралы хаттама) жариялануға жатады және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.
Осылайша, әлеуетті жекеше әріптестер МЖӘ веб-порталы арқылы электрондық нысанда енгізілген конкурстық өтінімді қағаз нұсқасында қайталауға міндетті емес.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 20) тармақшасына сәйкес МЖӘ жобалары бойынша сервистік келісімшарт – жекеше әріптеске меншік құқығында тиесілі МЖӘ объектісі пайдаланыла отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін МЖӘ шартын білдіреді.
(Мысалы, мемлекеттік әріптеске азаматтарды тексеруден өткізу үшін мамандандырылған медициналық орталықты ұсыну жөніндегі қызметтер қажет, ал жекеше әріптестің меншік құқығында медициналық орталығы бар).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалар сервистік келісімшарттарды қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының барлық түрлеріне қолданылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, мемлекеттік әріптеске, жекеше әріптеске қатысты көзделген нормалар тиісінше сервистік келісімшартқа бірдей дәрежеде қолданылады.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабының 20) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң), Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі -МЖӘ) жобалары бойынша сервистік келісімшарт жекеше әріптеске меншік құқығында тиесілі МЖӘ объектісі пайдаланыла отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін МЖӘ шартын білдіреді.
Заңның 9-бабы 2-2-тармағына сәйкес, сервистік келісімшарттарда инвестициялық шығындардың өтемақысы және (немесе) қоса қаржыландыру көзделмейді. Мысалы, сервистік келісімшарттар объектіні салуға, құруға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық шығындардың өтемақысын болжамайды.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабы 9) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - ИШӨ) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) шартына сәйкес инвестициялық шығындардың (Мысалы, МЖӘ объектісін салу, құру, реконструкциялау және жаңғырту) белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер.
Заңның 9-бабы 4-тармағында ИШӨ төлеу МЖӘ объектісі пайдалануға берілгеннен кейін МЖӘ шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылатыны белгіленген.
Бұл ретте Заңның 49-бабындағы шарттары сақталған кезде МЖӘ объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, ИШӨ төлеудің жалпы мерзімін қысқартусыз және оны төлеудің біркелкілігін сақтай отырып, ИШӨ төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесінің (бұдан әрі - Әдістеме) 2-тармағына сәйкес, МЖӘ объектісін құру құны жекеше әріптестің барлық шығыстарының, оның ішінде Әдістеменің 7-тармағы 5) тармақшасында айқындалған шығыстардың сомасын білдіретін МЖӘ объектісін құру кезінде инвестициялардың болжамды мөлшері ретінде айқындалады.
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 637-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығы) уәкілетті органның ведомствосы тарифті есептеу кезінде пайданың жол берілетін деңгейін субъект пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тартылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде айқындайды.
Тарифке енгізілетін пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат ескеріле отырып шектеледі (акцияларының 50 %-ы және одан да көп пайызы ұлттық холдингке тиесілі субъектілер үшін дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін қаражат та ескеріледі).
Инвестиция мен қарыздарды қайтару үшін меншікті қаражат көздері пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
Пайда деңгейі мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру үшін шектелмейді.
Мысал: Мұнай айдауға немесе газ тасымалдауға арналған ұзақ мерзімді тарифті есептеу кезінде реттеуші (Табиғи монополияларды реттеу комитеті) бекітілген пайда нормасын тартылған активтердің реттелетін базасына (құбырлардың, резервуарлық парктердің, мұнай айдайтын және компрессорлық станциялардың құны) көбейту арқылы рұқсат етілген пайданы айқындайды.
Бұл ретте тарифке енгізілген пайда кәсіпорынға өзінің бекітілген Инвестициялық бағдарламасын (тозған құбыр учаскелерін ауыстыру, диагностика) қаржыландыру үшін қажетті сомамен қатаң шектеледі.
Ерекшелік: Егер қаражат стратегиялық Ұлттық жобаларды немесе Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға бағытталса, онда тарифке пайда шектеусіз енгізіледі.