Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 244-тармағына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыруға жекеше әріптес өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда (жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын бұзуы, жекеше әріптестің қаржылық жағдайының нашарлауы, жекеше әріптестің оңалту және банкроттық рәсімдеріне бастамашылық жасауы жатады) және (немесе) кредитормен келісім бойынша МЖӘ шарты бойынша жол беріледі. Жекеше әріптесті МЖӘ шарты бойынша ауыстыру жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында мемлекеттік әріптестің конкурс өткізуі арқылы жүзеге асырылады).
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары –Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесіне және Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесіне сәйкес, инвестициялық және пайдалану кезеңдеріндегі тәуекелдердің мынадай типтері көзделген:
1) заңдық тәуекелдер – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеу тәуекелі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасы құжаттамасының дұрыс жасалмау тәуекелі және МЖӘ шарты тараптарының құқықтары мен міндеттеріне байланысты өзге де тәуекелдер (мысалы, МЖӘ шартының МЖӘ объектісін құру жұмыстары басталғанға дейін бұзылуы);
2) коммерциялық тәуекелдер – бұл жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің және нарық конъюнктурасының өзгеруінің МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде кірістер алуға ықпал етуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, жекеше әріптестің банкроттығы);
3) әлеуметтік тәуекелдер – бұл МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде халыққа, жекеше және (немесе) мемлекеттік әріптестің персоналына зиян келтірілуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, тұрғындар үшін қолайсыздық пен қауіптілік);
4) экономикалық тәуекелдер – бұл Қазақстан Республикасы экономикасының көрсеткіштері өзгерістерінің ықпал етуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, инвестициялық шығындардың төмендеуі);
5) техникалық тәуекелдер – бұл МЖӘ объектісінің болжанбайтын және (немесе) бақыланбайтын жұмыс істеуіне, сондай-ақ жобалық құжаттама мен техникалық шешімдердің дұрыс болмауына байланысты тәуекелдер
(мысалы, сапасыз жабдықтарды және (немесе) құрылыс материалдарын жеткізу);
6) қаржылық тәуекелдер – бұл қаржы нарығының көрсеткіштері өзгерістерінің МЖӘ жобасының қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне қолайсыз әсер етуіне байланысты тәуекелдер (мысалы, МЖӘ объектісін құру үшін қаржы қаражатын тартпау немесе уақтылы тартпау);
7) саяси тәуекелдер – бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында ескерілмеген немесе МЖӘ жобасын іске асыру кезінде өзгертілген заңнамаға байланысты тәуекел, сондай-ақ МЖӘ жобасын іске асыру кезінде саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты өзге де тәуекелдер (мысалы, жобаның шарттарын жақсартуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер);
8) экологиялық тәуекелдер – бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде қоршаған ортаға, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты тәуекелдер
(мысалы, экологиялық стандарттар мен нормаларға сәйкес келмеуі);
9) МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне байланысты өзге де тәуекелдер.
«Бір ауыл-бір өнім» жобасын (бұдан әрі – Жоба) «Атамекен» Қазақстан Республисының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - Оператор) жүзеге асыруда. Жоба мынадай іс-шаралар мен қызметтерді ұйымдастыруды қамтиды: консультация беру, өңірлік көрмелер өткізу, өнімді айқындау, ішкі және/немесе сыртқы нарыққа өнімді жәрдемдесу бойынша оқыту және маркетингтік сүйемелдеу.
Жобаға бизнес субъектілері, сондай-ақ жеке тұлғалар қатыса алады.
Жобаға қатысу үшін әлеуетті қатысушылар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінеді, сауалнама-өтінімді толтырады және құжаттар топтамасын жеке куәлік не оның «Цифрлық құжаттар» сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық көшірмесі, кәсіпкерді тіркеу туралы анықтама/хабарлама (бар болса) ұсынады. Осыдан кейін оператор қатысушылардың тізімін қалыптастырады, Жоба аясында көрме ұйымдастырады.
Көрме қорытындысы бойынша жұмыс тобы өнім/тауар іріктеуін жүргізеді және жобаның финалистерін анықтайды. Жобаның финалистеріне оператор маркетингтік сүйемелдеу, өнім брендтері мен (немесе) логотиптерін әзірлеу және (немесе) редизайн жасау бөлігінде қолдау көрсетеді, сондай-ақ өңірлік, республикалық және (немесе) халықаралық көрмелерге, форумдар мен конференцияларға қатысуға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, жобаның финалистері 5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде грант алуға арналған конкурсқа қатысу мүмкіндігі болады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының (бұдан әрі – МЖӘ) қызметі құрылтай шартының ережелері мен жарғыны қамтуы мүмкін МЖӘ шартымен реттеледі.
Сонымен қатар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның
53-бабының 2-тармағына сәйкес, МЖӘ шарты мен МЖӘ компаниясы жарғысының арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ішкі қатынастарға жататын болса, МЖӘ шартының;
2) егер оларды қолдану МЖӘ компаниясының үшінші тұлғалармен қатынастары үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 124-тармағына сәйкес МЖӘ
веб-порталы арқылы электрондық конкурстық өтінімді енгізген әлеуетті жекеше әріптестер конкурстық өтінімді қағаз түрінде қайталамауға тиіс.
Осылайша, МЖӘ веб-порталы арқылы электрондық конкурстық өтінімді енгізген әлеуетті жекеше әріптестер конкурстық өтінімді қағаз түрінде қайталамауы тиіс.
Конкурстық өтінімдердің конверттерін ашу рәсімдері конкурстық құжаттамаға енгізілген және оған қоса берілетін құжаттарды қарау электрондық қол қою арқылы қол қойылған тиісті хаттамаларды жариялай отырып, МЖӘ веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 10-бабы1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 29-тармағына сәйкес, салалық орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның жеке бастаманы іске асыру шеңберінде МЖӘ жобаларын жоспарлауы жоба Әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесіне сәйкес келген кезде және бұрын осы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған бастамашылық жасалған өзге де жобалардың болмауы кезінде ғана, сондай-ақ тиісті саладағы (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстарға қажеттілік болған кезде ғана мүмкін болады.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) мемлекеттік-жекешелік әріптестік
(бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын іске асыру, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау рәсімдері, МЖӘ шартын жасасу, орындау және тоқтату, сондай-ақ мемлекеттің тауарлардың белгілі бір көлемін тұтынуы, МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шеңберіндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай, МЖӘ-ні регламенттейтін Заңға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 723-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру шенберіңде 2025 жылғы14 қарашадағы № 970 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысы қабылданды.
Аталған жобада жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін (бұдан әрі – Тыйым салынған тізбе) бекіту көзделген. Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері және ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың ықтимал теріс салдарын төмендету мақсатында Тыйым салынған тізбе қалыптастырылды және 44 қызмет түрін қамтиды (тізбе қоса беріледі).
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тыйым салу тізбесі
|
№ |
Қызмет түрі |
ЭҚТЖ |
Атауы |
|
1 |
Есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет |
жоқ |
|
|
2 |
Акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме сату
|
11010 |
Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру |
|
11021 |
Өзі өндірген жүзімнен шарап өндіру |
||
|
11022 |
Өзі өндірмеген жүзімнен шарап өндіру |
||
|
11030 |
Сидрді және өзге де жемісті шараптарды өндіру |
||
|
11040 |
Ашыған материалдан өзге де тазартылмаған сусындар өндіру |
||
|
11050 |
Сыра өндіру |
||
|
11060 |
Уыт өндіру |
||
|
12001 |
Темекіні ферменттеу |
||
|
12002 |
Темекіден өнімдерді өндіру |
||
|
46350 |
Темекі бұйымдарын көтерме саудада сату |
||
|
20142 |
Биоэтанол өндіру |
||
|
46212 |
Өңделмеген темекіні көтерме саудада сату |
||
|
3 |
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты сату |
46120 |
Отындарды, кендерді, металдар және химиялық заттарды көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі |
|
46711 |
Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату |
||
|
46712 |
Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату |
||
|
46713 |
Тас көмірді көтерме саудада сату |
||
|
46714 |
Лигнитті (қоңыр көмірді) көтерме саудада сату |
||
|
46715 |
Авиация бензинін және жермайды көтерме саудада сату |
||
|
46716 |
Автомобиль бензинін көтерме саудада сату |
||
|
46717 |
Дизель отынын көтерме саудада сату |
||
|
46718 |
Отын мазутын көтерме саудада сату |
||
|
46719 |
Өзге де отынды көтерме саудада сату |
||
|
47301 |
Жол бойындағы белдеулерде орналасқандардан басқа, мамандандырылған дүкендерде мотор отынын бөлшек саудада сату* |
||
|
47303 |
Жол бойындағы белдеулерде орналасқан мамандандырылған дүкендерде жанармайды бөлшек саудада сату* |
||
|
4 |
Астық қабылдау пункттерінде астықты сақтау жөніндегі қызмет |
52101 |
Астықты қоймаға қою және сақтау |
|
5 |
Лотерея өткізу |
92000 |
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет |
|
6 |
Ойын бизнесі саласындағы қызмет |
92000 |
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет |
|
7 |
Радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет |
24460 |
Ядролық отынды қайта өңдеу |
|
8 |
Сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызмет |
64199 |
Өзге несие мекемелерінің ақша делдалдығы |
|
64200 |
Холдингтік компаниялар қызметі |
||
|
64300 |
Трастық компаниялардың, инвестициялық қорлар мен ұқсас қаржылық ұйымдардың қызметі |
||
|
64922 |
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық қолдаудың арнайы қорларының қызметі |
||
|
64929 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген, кредит берудің өзге де түрлері |
||
|
64991 |
Индустриалды-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көрсетілетін қаржы-экономикалық қызметтер |
||
|
64992 |
Басқа да қаржылық көрсетілетін қызметтер, экономиканың әртүрлі салаларындағы қаржыландыру, инвестициялық қызмет |
||
|
64999 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері |
||
|
65111 |
Өмірді мемлекеттік сақтандыру |
||
|
65112 |
Өмірді мемлекеттік емес сақтандыру |
||
|
65121 |
Зиянды мемлекеттік сақтандыру |
||
|
65122 |
Зиянды мемлекеттік емес сақтандыру |
||
|
65200 |
Қайта сақтандыру |
||
|
65301 |
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру |
||
|
65302 |
Мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру |
||
|
66111 |
Тауар биржаларының қызметі |
||
|
66112 |
Қаржы нарықтарын басқарумен байланысты қызмет |
||
|
66113 |
Бағалы қағаздар ұстаушылар және шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызмет |
||
|
66190 |
Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызмет саласындағы өзге де қосалқы қызмет |
||
|
66210 |
Сақтандыру тәуекелдері мен залалдарды бағалау |
||
|
66220 |
Сақтандыру агенттерінің және брокерлердің қызметі |
||
|
66290 |
Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзге де қосалқы қызмет |
||
|
66301 |
Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет |
||
|
66302 |
Қордың активтер портфелін сенімгерлік басқару бойынша қызмет |
||
|
9 |
Күзет қызметі |
80101 |
Жеке күзет қызметінің қызметі |
|
80102
|
Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметі |
||
|
80200 |
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы қызмет |
||
|
80300 |
Тергеу жүргізу бойынша қызмет |
||
|
10 |
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызмет |
25400 |
Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру |
|
11 |
Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет
|
63113 |
Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет |
|
12 |
Жер қойнауын пайдалану (кен іздеуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда) |
05101 |
Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру |
|
05102 |
Тас көмірді жер асты тәсілмен өндіру |
||
|
05103 |
Тас көмірді байыту |
||
|
05201 |
Лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру |
||
|
05202 |
Лигнитті (қоңыр көмірді) жер асты тәсілмен өндіру |
||
|
05203 |
Лигнитті (қоңыр көмірді) байыту |
||
|
06100 |
Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру |
||
|
06201 |
Метаннан басқа, табиғи газды өндіру |
||
|
06202 |
Көмір кенорындарынан метанды өндіру |
||
|
07101 |
Темір кендерін жер асты тәсілмен өндіру |
||
|
07102 |
Темір кендерін ашық тәсілмен өндіру |
||
|
07103 |
Темір кендерін байыту және агломерациялау |
||
|
07210 |
Уран және торий кендерін өндіру |
||
|
07291 |
Құрамында алюминийі бар шикізат өндіру және байыту |
||
|
07292 |
Мыс кенін өндіру және байыту |
||
|
07293 |
Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту |
||
|
07294 |
Никель-кобальт кенін өндіру және байыту |
||
|
07295 |
Титан-магний шикізатын (кенін) өндіру және байыту |
||
|
07296 |
Қалайы кенін өндіру және байыту |
||
|
07297 |
Сүрме-сынап кенін өндіру және байыту |
||
|
07298 |
Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру |
||
|
07299 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де металл кендерін өндіру және байыту |
||
|
08111 |
Сәндік әрлеуге арналған және құрылыс тасын өндіру |
||
|
08112 |
Әктасты, гипсті және борды өндіру |
||
|
08113 |
Тақтатасты өндіру |
||
|
08121 |
Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу |
||
|
08122 |
Саз балшық және каолин өндіру |
||
|
08910 |
Химия өнеркәсібіне және тыңайтқыштарды өндіруге арналған минералды шикізатты өндіру |
||
|
08920 |
Шымтезек өндіру |
||
|
08930 |
Тұз өндіру |
||
|
08991 |
Асбест кенін өндіру |
||
|
08992 |
Металл емес кенді өндіру және байыту |
||
|
08993 |
Табиғи және жасанды кеуекті толтырғыштар үшін шикізат өндіру |
||
|
08994 |
Шыны өнеркәсібі үшін бастапқы шикізат өндіру |
||
|
08995 |
Асыл тастар (алмастан басқа) және жартылай асыл тастар, жарқырауық тастар және кәріптас өндіру |
||
|
08996 |
Алмас өндіру |
||
|
09100 |
Мұнай мен табиғи газды өндіруге ықпал ететін қызметтерді көрсету |
||
|
09900 |
Басқа пайдалы қазбаларды өндіруге ықпал ететін қызметтер көрсету |
||
|
13 |
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу |
24410 |
Асыл (бағалы) металдар өндіру |
|
24420 |
Алюминий өндіру |
||
|
24430 |
Қорғасын, мырыш және қалайы өндіру |
||
|
24440 |
Мыс өндіру |
||
|
24451 |
Никель және кобальт өндіру |
||
|
24452 |
Титан, титан ұнтағын және магний, вольфрам мен молибден өндіру |
||
|
24453 |
Сүрме және сынап өндіру |
||
|
24455 |
Сирек металдар, сирек кездесетін жер металдарын және жартылай өткізгіш материалдар өндіру |
||
|
24511 |
Құбырлар өндіруден басқа, шойын құю |
||
|
24512 |
Шойыннан құбырлар өндіру |
||
|
24520 |
Болат құю |
||
|
46722 |
Шойын, болат және олардың құймасын көтерме саудада сату |
||
|
24530 |
Жеңіл металдар құю |
||
|
24540 |
Өзге де түсті металдар құю |
||
|
24454 |
Түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу |
||
|
38321 |
Қара металдың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу |
||
|
38322 |
Түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу |
||
|
14 |
Қаржы лизингі шеңберіндегі қызмет |
64911 |
Медициналық жабдықтар мен техниканың қаржылық лизингінен басқа қаржылық лизинг |
|
64912 |
Медициналық жабдықтар мен техникалардың қаржылық лизингі |
||
|
15 |
Сауда нарығын жалға алу және пайдалану |
68203 |
Жеке меншік немесе жалға алынған сауда нысанын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару |
|
16 |
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына жататын сауда объектілерін, 1 және 2 санаттағы стационарлық сауда объектілері |
68204 |
Жеке меншік сауда жылжымайтын мүлігін және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді жалдау және басқару** |
|
68205 |
Жалға алынатын сауда жылжымайтын мүлігін және жалға алынған сауда қызметінде көпфункционалды кешендерді жалдау (қосалқы жалдау) және басқару** |
||
|
17 |
Автомобиль лизингі |
77112 |
Жеңіл автомобильдер және жеңіл автокөлік лизингі |
|
77122 |
Жүк автомобильдерінің лизингі |
||
|
18 |
Құрылыс машиналары мен жабдықтарының лизингі |
77322 |
Құрылыс машиналары мен жабдықтарының лизингі |
|
19 |
Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының лизингі
|
77312 |
Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының лизингі |
|
20 |
Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу Тұрғын және тұрғын емес ғимарат салу |
41100 |
Құрылыс жобаларын әзірлеу |
|
41201 |
Тұрғын ғимараттарының құрылысы |
||
|
41202 |
1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы |
||
|
41204 |
2-санаттағы стационарлық сауда объектілерінің құрылысы |
||
|
21 |
Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу |
68101 |
Көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жеке үйлер) сатып алу және сату |
|
68102 |
Өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату |
||
|
22 |
Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер Консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер |
69203 |
Салық салу саласында консультация беру |
|
69204 |
Төлемге қабілетсіздікке және берешекті өндіріп алуға байланысты қызмет |
||
|
70221 |
Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру |
||
|
70222 |
Мемлекеттік-жеке әріптестіктің концессиялық жобалары мен жобаларын консультациялық сүйемелдеу |
||
|
73200 |
Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерделеу |
||
|
23 |
Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет |
69201 |
Қаржылық ревизия (аудит) жүргізу бойынша қызмет |
|
69202 |
Шоттарды және бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызмет |
||
|
69205 |
Ұлттық басқарушы холдинг үшін бухгалтерлік, салық есебі және қазынашылық операциялар саласындағы қызмет |
||
|
24 |
Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет
|
69101 |
Адвокаттық қызмет |
|
69102 |
Нотариалдық қызмет |
||
|
69109 |
Құқық саласындағы өзге де қызмет |
||
|
84230 |
Әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет |
||
|
25 |
Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет |
42111 |
Жолдар мен автомагистральдар құрылысы |
|
42112 |
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) құрылысты, қайта жаңғыртуды жөндеуді, ақылы қозғалысты және күтіп ұстауды ұйымдастыру қызметі |
||
|
26 |
Жүк теміржол көлігінің қызметі |
49200 |
Жүк теміржол көлігінің қызметі |
|
27 |
Темір жолдар мен метро құрылысы |
42120 |
Темір жолдар және метро құрылысы |
|
28 |
Мұнай және газ магистральдық құбырларын салу |
42211 |
Мұнай және газ магистраль құбырларының құрылысы |
|
29 |
Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет |
71111 |
Атом өнеркәсібі және атом энергетикасы объектілері үшін сәулет саласындағы қызмет |
|
30 |
Көпірлер мен туннельдер салу |
42130 |
Көпірлер мен туннельдер құрылысы |
|
31 |
1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу |
41203 |
1-санаттағы стационарлық сауда объектілерінің құрылысы |
|
32 |
Төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметі Қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы |
82911 |
Мемлекеттік кредиттік бюроның қызметі |
|
82912 |
Мемлекеттік агенттіктерді қоспағанда, төлемдерді жинау бойынша агенттіктер мен кредиттік бюролардың қызметі |
||
|
33 |
Бағалы металдардың көтерме саудасы Төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметі |
46721 |
Қара және түсті металл кендерін көтерме саудада сату |
|
46723 |
Сирек кездесетін, сирек жерлі және түсті металдарды және олардың құймасын көтерме саудада сату |
||
|
34 |
Қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы |
46724 |
Асыл металдарды көтерме саудада сату |
|
35 |
Шикі мұнайдың және ілеспе газдың көтерме саудасы |
46711 |
Шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудада сату |
|
36 |
Кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі |
51211 |
Кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі |
|
37 |
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру |
19100 |
Кокс пештерінің өнімдерін өндіру |
|
19201 |
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру |
||
|
38 |
Шикі мұнайдың және ілеспе газдың көтерме саудасы |
46771 |
Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сату |
|
46763 |
Асыл тастарды көтерме саудада сату |
||
|
46772 |
Бағалы металдар мен бағалы тастардың сынықтарын көтерме саудада сату |
||
|
39 |
Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдер өндірісі |
29101 |
Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдерді өндіру |
|
30400 |
Әскери жауынгерлік көлік құралдарын өндіру |
||
|
40 |
Автомобильдерге арналған қозғалтқыштардан басқа автомобильдер өндірісі |
35111 |
Жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі |
|
35112 |
Су электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі |
||
|
35113 |
Ядролық (атомдық) электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі |
||
|
35114 |
Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі |
||
|
35115 |
Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі |
||
|
35119 |
Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі |
||
|
35121 |
Электр энергиясын жеткізу |
||
|
35122 |
Электр энергиясын желіге жіберу және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясы өндірудің-тұтынуын баланстауды ұйымдастыру |
||
|
35123 |
Ұлттық электр желісінің жабдықтарына пайдалану қызметін көрсету |
||
|
35124 |
Жүктеменің түсуіне электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету, электр қуатын реттеу және резервтеу |
||
|
35130 |
Электр энергиясын тарату |
||
|
35140 |
Электр энергиясын сату |
||
|
35230 |
Газ тәрізді отынды құбыржолдар бойынша сату |
||
|
41 |
Бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет Ломбардтардың қызметі |
66121 |
Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты брокерлік және дилерлік қызмет |
|
66122 |
Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметін қоспағанда, бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет |
||
|
42 |
Банк қызметі
|
64921 |
Ломбардтар қызметі |
|
43 |
Бағалы қағаздар нарығындағы қызмет Бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет Ломбардтардың қызметі Банк қызметі
|
64110 |
Ұлттық Банк қызметі |
|
64191 |
Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банктен басқа банктердің қызметі |
||
|
64192 |
Жинақ банкілерінің қызметі |
||
|
64193 |
Ұлттық даму институты және оның еншілес лизинг беруші ұйымы болып табылатын банк қызметі |
||
|
44 |
Бағалы қағаздар нарығындағы қызмет |
66121 |
Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты брокерлік және дилерлік қызмет |
|
66122 |
Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметін қоспағанда, бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет |
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағы 1) тармақшасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысы қабылданды. «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі – Тізбе). Аталған Тізбеге өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін 40 экономикалық қызмет түрі (ЭҚЖЖ) енгізілген.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі:
-
01620 Мал шаруашылығына тән қызмет;
-
32200 Музыкалық аспаптарды өндіру;
-
43320 Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары
-
43330 Еден жабыны және қабырғаларды қаптау жұмыстары
-
43340 Сырлау және шыны салу жұмыстары
-
47992 Желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда
-
49320 Такси қызметі;
-
53200 Басқа пошта және курьерлік қызмет;*
-
56210 Тапсырыс бойынша дайын тағамды жеткізу;
-
68201 Жеке меншік немесе жалданатын тұрғын үй жылжымайтын мүлігін жалдау (қосалқы жалдау) және басқару;
-
74200 Фотография саласындағы қызмет;
-
74300 Ауызша және жазбаша аударма қызметі;
-
75000 Ветеринариялық қызмет;
-
77290 Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және лизинг;
-
81211 Тұрғын үйлерді жалпы жинастыру;
-
82990 Басқа топтарға кірмейтін, қосымша коммерциялық қызметтерді ұсыну бойынша қалған қызметтер;*
-
85510 Спорт және демалыс саласындағы білім беру;
-
85520 Мәдениет саласындағы білім беру;
-
85599 Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет;
-
90030 Көркем және әдеби шығармашылық;
-
95110 Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу;
-
95120 Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу;
-
95210 Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу;
-
95220 Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу;
-
95231 Аяқкиімдерді жөндеу;
-
95232 Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу;
-
95240 Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу;
-
95251 Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу;
-
95252 Зергерлік бұйымдарды жөндеу;
-
95291 Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу;
-
95292 Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу;
-
95293 Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу;
-
95294 Музыкалық аспаптарды жөндеу;
-
95295 Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;
-
95296 Велосипедтер жөндеу;
-
95299 Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;
-
96020 Шаштараздардың, сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;
-
97000 Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі;
-
97000 Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі;
-
40. 98100 Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі.
Қосымша:
53200 * басқа пошта қызметін қоспағанда;
82990 * тек интернет – платформа арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша қолданалады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру және жаңарту тәртібі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларымен айқындалады. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тізілімді жүргізеді, ол кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді қамтитын электрондық дерекқор болып табылады.
Тізілімді қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уәкілетті органға жеке кәсіпкерлердің тіркеу деректерін, сондай-ақ алдыңғы күнтізбелік жылға арналған жиынтық жылдық табыс және жұмыскерлердің орташа жылдық саны туралы мәліметтерді жолдайды. Аталған ақпарат кәсіпкерлік субъектілерінің салық органдарына салық заңнамасына сәйкес тапсыратын салық есептілігі негізінде қалыптастырылады.
Тізілім жыл сайын 15 желтоқсанға дейін автоматтандырылған режимде жаңартылады. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары
2021–2023 жылдардағы орташа жылдық табыс пен 2023 жылғы жұмыскерлер саны негізінде айқындалып, egov.kz және rsp.gov.kz платформаларында орналастырылған.
2025 жылғы 15 желтоқсаннан кейін жаңарту 2022–2024 жылдардағы табыс және 2024 жылғы жұмыскерлер саны көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.