Жиі қойылатын сұрақтар

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес, табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысандарында жүзеге асырылады.

Табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай ден қою шараларын қолданады:

1)әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;

2)Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарады;

3)материалдарды құқық қорғау және өзге де органдарға береді.

Мысал: Уәкілетті орган тұтынушылардың шағымы бойынша табиғи монополия субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында бекітілмеген тарифтің қолданылғаны анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама шығарды.