Ағымдағы жылғы 27 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Комитет басшылығы мен аумақтық экология департаменттері басшыларының қатысуымен Астана қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.