2025 жылғы 14 ақпанда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов "Өнеркәсіптік кластерді және мемлекетішілік құнды дамыту" бизнес-форумына қатысты.

2025 жылғы 14 ақпанда  Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов "Өнеркәсіптік кластерді және мемлекетішілік құнды дамыту" бизнес-форумына қатысты.

Аталған іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда облыстың 36-дан астам шағын және орта кәсіпорындары Qarmet-пен белсенді ынтымақтастықта. Форум ішкі нарықты нығайту, өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экологиялық тұрақтылыққа баса назар аудара отырып, сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайту сияқты негізгі мәселелерді талқылау үшін маңызды платформаға айналды.
Шағын және орта бизнес алдында тұрған экологиялық сын-қатерлерге ерекше назар аударылды. Оларды ірі бизнес-құрылымдарға интеграциялау жолдары қарастырылды, бұл тәжірибе мен ресурстармен алмасуға ғана емес, сонымен бірге сектордың неғұрлым орнықты дамуын қамтамасыз ете отырып, экологиялық проблемаларды бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.